«Жас химиктер» сайысы
(7 «а,в» сыныптар арасындағы сайыс)
Жоспар:
Таныстыру
Кім жылдам?
Сұрақ-жауап
Химиялық жұмбақтар
Полиглот ойыны
Тәжірибе жасау «Қызықты тәжірибелер»
Кім тез? – топбасшылармен сайыс (қиылған периодтық жүйені жинау)
Элементтер туралы мақал-мәтелдер
Қорытынды
Сайысты өлеңмен бастап, қазылар алқасын таныстырып, ортаға 3 сынып оқушыларынан құрылған топтарды шақырдым.
Көңілді тапқыштар, білімділер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Сайысқа түсуші 2 топқа, сабырлылық, жеңіс тіледім.
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар,
Біреуінің қатты істейтін миы бар.
Таныстару (топ басшысы өз тобының мүшелерімен бірге топтың атымен, белгісімен таныстырады)
2 топтың аттарымен таныстыру.
І топ: «Білгір»
ІІ топ: «Білімді»
«Білгір» тобы: Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің,
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді әрі білікті жас жеткіншек.
«Білімді» тобы: Білімді мыңды жығады,
Білікті бірді жығады.
Алдағы білім шыңына,
Ең білімді топ шығады.
.
2.«Кім жылдам?» (1 минут ішінде сәйкес бейорганикалық заттардың атын,
формуласын тез жазу керек. 2 ұпай. )
Мыс (ІІ) сульфаты (CuSO4)
Күкірт қышқылы (H2SO4)
Кальций оксиді (CaO)
Ас тұзы (NaCl)
Хлор сутек (HCl)
Озон (O3)
Калий бромиді (KBr)
Көмірқышқыл газы (CO2)
Ауа (O)
Кремний қышқылы (H2SiO3)
Алюминий оксиді (Al2O3)
Кальций ортофосфаты (Ca3(PO4)2)
Алюминий сульфаты (Al2(SO4)3)
Фосфор (V) оксиді (P2O5)
Күкіртті қышқыл (H2SO3)
Күкірт (VI) оксиді (SO3)
Күйдіргіш натрий (Na)
Азот қышқылы (HNO3)
Азотты қышқыл (HNO2)
Марганец (IV) оксиді (Mn2O7)
Кальций нитраты (Ca(NO3)2)
Литий ортофосфаты (Zn3PO4)
Кальций карбонаты (CaCO3)
Мырыш хлориді (ZnCl2)
Мырыш гидроксиді (Zn(OH)2)
Бор оксиді (B2O3)
Сутек пероксиді (H2O2)
Калий хлораты (KClO3)
Калий перманганаты (KMnO4)
Метан (CH4)
Кальций оксиді (CaO)
Ас содасы (NaHCO3)
Темір (IV) сульфиді (FeS)
Күміс нитраты (AgNO3)
Барий сульфаты (BaSO4)
Әк суыCa(OH)2
Темір (ІІІ) оксиді (Fe2O3)
Көмір (C)
Литий оксиді (Zi2O)
Йод (J2)
3. Сұрақ-жауап.
1. Өмір және ақыл-ой элементі (фосфор)
2. 1869 жылы периодтың заң ашылғанда ғылымға неше химиялық элемент белгілі болды? 63
3. Меккедегі қара тас таза темірден тұрады, мұның ауада тіреусіз қалқып тұруы темірдің қандай қасиетіне негізделген (магниттік)
4. Адам темір элементі жетіспегенде қандай ауруға шалдығады (анемия)
5. Периодтық заңды кім, қашан ашты? (Д.И.Менделеев 1869 ж)
6. Үш әріптен тұратын элементтерді ата? (бор, йод, мыс)
7. Химиялық элементтер нешеге бөлінеді? (металдар, бейметалдар)
8. Адам алақанында балқитын металл (Cs)
9. Қанның құрамындағы металл (Fe)
10.Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл (HCl)
11. Ең ауыр металл (осмий)
12.Ең жеңіл металл (литий)
13.Адам ағзасында сүйектің құрамына кіретін металл (кальций)
14. «Металдар патшасы» атанған элемент? (алтын)
15.Физикалық денелерді құрайтын нәрсе (зат)
16.Қоспаның қандай түрлері бар? (біртекті, әртекті)
17.Құбылыстардың түрлері (физикалық, химиялық)
18.Заттың бөлінбейтін бөлігі (атом)
19.Атомдардың әр түрінен тұратын заттар (күрделі заттар)
20.Атом молекулалық ілімді жасаған ғалым (Ломоносов)
4.Химиялық жұмбақтар
Өзім газбын, менімен демаласың,
Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың (оттек)
Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде,
Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге (су)
Ең жеңіл элемент саналады,
Периодтың жүйе осыдан басталады (сутек)
Ол болмаса астың дәмі кірмес,
Кім бар екен ортада оны білмес (ас тұзы)
Қыздырып соқсаң иіледі,
Балға мен төстен иленеді (темір)
Күміспенен апталған,
Теңгеменен қапталған (мыс)
«Көп» сөзінің антониміне тілсіз жауды тіркесең
Көз алдыңда өзгеремін, қажетті тыңайтқышқа айналамын (азот)
Осы затпен екі үйді аластайды,
Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды (күкірт)
Ең жеңіл элемент саналады,
Периодтық жүйе осыдан басталады (сутек)
Машин мен трактордың жаны,
Қара металлургияның наны (темір)
Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді,
Салмақты адамды мақтауды да келістіреді (күміс)
Ес-түссіз адам талып қалса кейде
Иіскетсең есін жияр ол лезде (мүсәтір спирті)
Жер бетін күннің ультракүлгін сәулесінен қорғайды,
Өзін оттектің үш атомы құрайды (озон)
Құрғақ жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ татпайсың (ас тұзы)
15.Сыныптан бір шықпайды
Тимесең жұқпайды.
Жәрдемісіз бұл заттың,
Оқушы сабақ ұқпайды (бор CaCO3)
16.Салмағың бар өлшесем
Көрінбейсің көзге сен (ауа)
17. Алғашқы буыным тасқын су,
Екіншісі мал құрағындағы белгі.
Екеуі бірігіп химиялық элемент құрайды (селен)
18. Өзім темір, өзім шалбар,
Егер теріс қарай оқысаң
Болармын бірі қазба байлықтың.
Айтшы, мен сондакіммін (Сым, мыс)
19. Бірінші буыным-сұрау есімдігі,
Екіншісі – сан есім
Қос буынды біріктірсең,
Газға айналып шыға келем (неон)
5.Полиглот ойыны
Анограммадан сөз құрастырып, қазақша, орысша, латын тілінде және формуласын жазу керек.
Мірте – темір, Fe, феррум, железо
Нытла – алтын, Au, аурум, золото
Сым – мыс, Cu, купрум, медь
Үмкіс – күміс, Ag, аргентум, серебро
Озат – азот, N, эн, азот
Ынапс – сынап, Hg, гидраргириум, ртута
Тынал – алтын, Au, аурум, золото
Мірөктен – көміртек, С, цэ, углерод
Ийемнкр – кремний, Si, силициум, кремний
6.Тәжірибе
1. «Отсыз түтін» Банканың түбін тұз қышқылымен, қақпағын мүсәтір спиртімен шайып, алдын-ала дайындап қою керек, бұл заттар әрекеттескенде алюминий қою керек, бұл заттар әрекеттескенде аммоний хлоридінің ұсақ бөлшектері түтін тәрізді түзіледі.
(HCl+NH4OH NH4Cl+H2O)
2.Жанбайтын орамал (спирт, орамал)
3.мыс тиынды «күмістендіру»
Тиын, Hg(NO3)2, фарфор табақша, ұстағыш, наждак қағаз
Мыс тиынды наждан қағазбен жақсылап тазалап, фарфор табақшаға Hg(NO3)2 ерітіндісін құйып, оған мыс тиынды батырады. 2-3 минуттан кейін ұстағышпен тиынды ерітіндіден шығарады. Жақсылап сумен жуады. Тиынды сүзгіш қағазбен сүртіп кептіреді. Тиынның сыртын сынап металы қаптағандықтан, ол «күміс» түске айналады.
Себебі: Hg-Cu-н кейін орналасқан, мыс Hg-қа қарағанда активті металл сандары ол сынаптың тұздарының ерітіндісінен оны ығыстырып шығарады:
Cu+Hg(NO3)2 Cu(NO3)2+Hg
4. «Жұлдызды жаңбыр» (темір ұнтағы, ұнтақталған ағаш, тигель, тұрғы, жанарғы)
Темір, ағаш ұнтақтарын салып араластырады, тигельге салады. Тигельді тұрғыза бекітіп, спирт шаммен қыздырады. «Жұлдызды жаңбыр» басталады. (Көмір жанған кезде түзілген СО2-оның қақталған бөлігімен төгіліп тасталынады).
7. «Кім тез» қиылып тасталған периодтық жүйені тез арада жинау.
8.Мақал-мәтелдер сайысы
Су дүниенің басы.
Арпа – бидай ас екен,
Алтын күміс тас екен.
Алтын шірімес,
Асыл айнымас.
Болат біз қап түбінде жатпас.
Көп сөз көмір,
Аз сөз алтын.
Темірші көміршіге үйір.
Ел іші алтын бесік.
Болат қайнағанда шынығады,
Батыр майданда шынығады.
Сыйлап берген су да тәтті.
Өшпейтін өмір жоқ,
Сынбайтын темір жоқ.
9.Қорытынды:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
Жастықтың оты қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай,
Ғылымның біліп пайдасын.
Дүниенің көркін болжамай –
деген ұлы Абай атамыздың өлең жолындағы арқылы сайысымызды қорытындылап, сөзді әділ қазыларымызға береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |