Әлеуметтендіру қызметі. Ойын – балаға жалпы азаматтық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады. Өйткені ойын – әрі ұлттық әрі интернационалдық, сонымен бірге жалпы азаматтыққа тәрбиелейді.
Ойында білімгер «адамзат тәжірибесі аясында» өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарын жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.
Ойынның қатысымдық қызметін – балаға шынай күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегін айқын көрсетеді.
Ойынның диагностикалық қызметі педагогқа баланың әр қырынан: интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т.б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ойын – баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.
Ойынның емдік қызметі – баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі
Ойынның түзеу қызметі деп – баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ етеді.
Ойынның дамытушылық қызметі маңызы өте зор. Ойын үстінде бала өз еркімен, ықыласымен барлық зейінін аударып істегендері күннен күнге өрлеу, даму үстінде болады.
Сонымен бірге, ойын – баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын, қызығушылығының мәдени стратегиялық кеністігі болып табылады.
Педагогикалық ойындардың басқа ойыннан негізгі айырмашылығы – деп айқын қойылған оқыту мақсатымен және оған сәйкес педагогикалық нәтижемен, сондай-ақ оқу-танымдық бағыттылығымен сипатталатын мәнді белгілермен ерекшеленеді.
Экономикалық пәндерді оқытуда мына ойын түрлерін, яғни, рөлдік және іскерлік және өндірістік, кейс-стади, блиц, брейн-ринг ойындарын тәжірибелік сабақтарында қолдану тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |