Жас мамандар мектебі Тақырыбы: «Кәсіпкерлік саласындағы ойын технологиясы»


Ойын әдісі мына бағытта жүргізіледі



бет3/9
Дата11.01.2022
өлшемі62,42 Kb.
#111208
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ойын элементтері сабақта

Ойын әдісі мына бағытта жүргізіледі:
- үйретудегі оқушының міндеті ойын арқылы шешіледі;
- оқушыларға жаңа ұғымдар меңгертуге қажетті оқу материалы ойын құралы ретінде пайдаланылады;
- үйрету де, үйрену де ойын – жарыс түрінде жүргізіледі;
Біріншіден, ойын білімгерлердің бойындағы ерекшеліктерін жақсы білуге көмектеседі. Бұл арқылы білімгерлердің психологиясына жете үңіліп, мінез-құлқын білуге болады.

Екіншіден, ойын білімгерлердің жауапкершілігін арттырады, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Кез келген бала ешуақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды. Топқа бөліп жүргізілетін ойындарда білімгер өз тобының жеңіп шығуына өзінің тікелей қатысы барын ұғынады. Басқалардың алдындағы жауапкершілігін сезінеді де, берілген тапсырманы ынтамен, зейін сала ықыласпен орындауға тырысады. Бір-бірімен қарым-қатынас кезінде олардың бойында бауырмалдық, жанашырлық, ізеттілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер қалыптаса бастайды.

Үшіншіден, ойын арқылы білімгер оқу материалын жеңіл түсініп, терең меңгереді және оны ұзақ уақыт бойы есте сақтайтын болады, сабаққа қызығушылығы арта түседі.

Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін танымдық белсенділігін арттырады, ақылды, ойды, тапқыр алғырлықты дамытады.теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын білімге қарай ұмтылуда жаңа ғана ашылған құпияға толы қағазға іспеттес. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған сиқырлы дүниені білуге деген құштарлығы артады.

Алайда ойынды үнемі оқу процесіне пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын – белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездерінде нұқсан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет