Мерзiмі: №23 Тақырып: Іңкәр көңіл, нәзік сезім Құндылық



Дата08.09.2017
өлшемі51,84 Kb.
#31238
түріСабақ
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Қали Хадесұлы атындағы Жаңаауыл орта мектебі Мерзiмі: № 23

Тақырып: Іңкәр көңіл, нәзік сезім

Құндылық: Сүйіспеншілік



Қасиеттер: махаббат, мейірімділік, бауырмалдық

Мұғалiм: Тажмиева Айман Кульбековна Сынып: 10 Оқушылар саны: 8

Сабақ мақсаты:

Оқушылар танымында сүйіспеншілік құндылығы ұғымының мәнін кеңейту.



Міндеттері:

  1. Оқушылардың бойында махаббат, мейірімділік, бауырмалдық қасиеттерінің мәнін ұғындыру.

  2. Оқушылардың бойында махаббат, мейірімділік, бауырмалдық қасиеттерінің мәнін дамыту.

  3. Оқушыларды махаббат, мейірімділік, бауырмалдық қасиеттерге тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Оқулық, журнал,

тақта, плакаттар, үнтаспа.


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

1.Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

Сабақ барысы:

Денемізді тік ұстап, орындықта еркін отырамыз. Көзімізді жұмамыз. Көз алдарыңда көк шалғынды дала. Жұмсақ самал есіп тұр. Аспанда күн нұрын ерекше төгіп, сенің маңдайыңнан өтіп жүрегіңе құйылды. Нұрға бөленген жүрегің жаңа ашылған гүлдей сүйіспеншілік қауызын ашады. Сүйіспеншілікке толы жүректен күннің нұры сенің аяғыңа түседі.Сенің аяғың тек жақсы жерлермен ғана жүру үшін. Аяғыңнан күннің нұры қолыңа барды, тек жақсыны ғана ұстау үшін. Күннің нұры қолыңнан аузыңа барды, жақсыны ғана айту үшін. Аузыңнан күннің нұры құлағыңа барды, тек жақсыны сөз есту үшін. Күннің нұры құлағыңа барды, тек жақсыны көру үшін. Сенің бүкіл тұла бойың сүйіспеншілік нұрына бөленді. Сен осы сүйіспеншіліктеріңді досыңа жібер. Ата - анаңа жібер. Сен сол сүйіспеншілік нұрын туған-туыстарыңа жібер. Барлық мектептегі таныстарыңа жібер. Айналаң сүйіспеншілік нұрына бөленіп тұр. Біздің бөлмеде нұрға бөленіп сүйіспеншілікке толды. Көзімізді ептеп ашайық.



Рахмет!

2.Үй тапсырмасын тексеру №22, «Ізгіліктің басы – үлкенді сыйлаудан басталады» тақырыбында эссе жазу.

Тапсырманы тексеру.



Сабақ барысын талдау:



3.Дәйексөз

«Сүюдің сырын көзден көрме, көңілден ізде. Білгің келсе, сүйер я сүймесін. Ашып қара көңілің күймесін».

Ж.Баласағұн

1. Дәйексөзді оқыту.

2. Дәйексөздің мәнін ашу.





4.Мұғалім сыйлығы. ♪

Мың жұлдызы бар болса да...

Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,


Бір жұлдыздан тұрады, махаббаттың аспаны.
Сол бір жұлдыз жанады, сол аспанды жарық қып,
Жарықта да түк көрмес ғашық болған жарықтық!
Сол жұлдызсыз белгілі, оның естен танары,
Маңдайда емес, жүректе -
Ғашықтардың жанары.
Сол жүрекпен қараймын, сол жұлдызға сүзіліп,
Шаңыраққа ілінді ол, көк аспаннан үзіліп.
Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,
Бір жұлдыздан тұрады шаңырақтың аспаны!

Қадыр Мырза Әли

Сұрақтар

  1. Өлең мазмұны не туралы?

  2. Өлең мазмұны бойынша махаббаттың мәнін немен теңестірген? Мәтін мазмұнына сүйене отырып жұлдыз сөзінің мәнін ашып беріңіз.

  3. Өлеңнен сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашатын тармақтарды, тіркестерді тауып оқыңыздар.

  4. Қазіргі жастар алғашқы махаббат ұғымының мағынасын қалай түсінеді?




5.Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс (ауызша)

Ұсынылған шығармаларды салыстырып, адам жанына тән қандай нәзік сезім иірімдерін байқағандарыңды бағалаңдар.

1 топ. А.Дүзелхановтың «Қыз Жібек»

2 топ. С.Андерсеннің «Бөзқараған гүлдейтін уақыт»

3 топ. Э. Зампигидің «Сүйеді, сүймейді»

Дәптердегі 1-тапсырманы орындау ұсынылады.( жеке)

Қыз баланы қадірлеу, оларға қорғаныш болу, құрметтей қарау қазақтың қастерлі ұғымдарының бірі. Осыған байланысты айтылған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді жазыңдар.





6. Топпен ән айту.

"Гүлдәурен" Сөзі мен әні М.Шахановтікі

Асау өмір арнасында

Шалқып сәби сезімменен

Он жыл мектеп партасында

Бірге отырдым өзіңменен

Сездіруге батпадым да

Бала махаббатымды

Терезенің жақтауына

Ойьш жаздым атынды

Елес беріп келешегің

Қимасыңа баладың ба

Қоштасарда неге сенің

Жас толқыды жанарыңа

Сездіруге батпадым да

Бала махаббатымды

Терезенің жақтауына

Ойып жаздым атыңды                                                                                                                                                                                                               

Іңкәр еткен атар таңға

Қош бол енді бала көктем

Бізді алыс сапарларға

Шақырады самолеттер

Сездіруге батпадым да

Бала махаббатымды

Терезенің жақтауына

Ойып жаздым атынды





7. Үй тапсырмасы. №24 сабақ, оқушы дәптері,

«Алғашқы махабатқа сенесіз бе?» тақырыбына эссе жазыңдар.






8. Соңғы тыныштық сәтi. ♪

Баяу музыка орындалады.

-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, махаббат, мейірімділік, бауырмалдыққа және тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңмен толық сезініздер.

Бәрінің бастауы махаббат,

Жанына нұр сепкен шапағат.

Еңбектің рахатын сездірген

Гүлдерге құлпырып сән берген.

Сәбидің шырағын жандырған,

Бұлағы мейірім қандырған

Шуағы жылытқан жүректі

Жаңғыртып айтамын қайталап,

Бәрінің бастауы махаббат.

Ал енді көздеріңді ашыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет