Заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының маңызы зор. Осы бағдарламаның маңыздылығы мен құндылығы – баланың оқуға қызығушылығын түбегейлі өзгертуі. Бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын, ғылымның маңызын төмен санап, білімнің қажетін ескермейтін, құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылардың, әсіресе үлгерімі орташа деңгейдегі балалардың сабаққа деген көзқарасы өзгереді.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары арқылы жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, мәселені шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.
Баланың дербес ойлауына да, өз ойын еркін айтып, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін меңгеруіне де «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» стратегияларыныңкөп көмегі тиері сөзсіз.