Жас ұрпақТЫҢ рухани мәдениетін қалыптастыру негіздері



Дата22.06.2018
өлшемі121,62 Kb.
#44131
ЖАС ҰРПАҚТЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
Шашаева Гүлбақыт Қадыржанқызы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты, Бурамбаева Марьям ­­­­Нургалиевна – Қазақ мемлекеттіқ қыздыр педагогикалық университеті, Алматы қ. Қазақстан
Жоғары білім беретін жоғары оқу орындарында жан-жақты тәрбие берудің және оған болашақ мамандарды дайындаудың бағдарлы идеялары ел басы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауының «Интеллигенция қалыптасқан мемлекет кезеңінде жаңа жалпыұлттық құндылықтар жасауда алдыңғы қатарлы күш болуы керек. Олар заманға сай және болашаққа құлшынысты болуға тиіс», «Біз жастарымыз бағыт алып, бой түзеуге тиіс өз заманымыздың жаңа қаһармандарын көрсету және жасауымыз керек»­­ – деген әлеуметтік, қоғамдық талап қойылған. Бұл талаптар елбасының ұлттық құндылықтapымызғa дeгeн oң көзқapacынан туындап, жалғасын тапқандығының дәлелі [1]. Ал осы талаптардың басты мақсаты жас ұрпақты бiлiм мен тәрбиенiң негiзi – ұлттық тәлiм-тәрбиенiң негiзiнде рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу десек, осы құндылықтар арқылы жас ұрпақтың рухани санасын қалыптастыра ұсыну жұмысын жалғастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болмақ. Демек, ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін: жас ұрпақтың ұлттық сана – сезімін қалыптастыру; олардың санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту; ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұралдары қастерлеу; жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық, тәрізді ұлттық  мінездерін  қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз. Міне, сонда ғана Елбасының өзінің Қазақстан халқына Жолдауына «Бәсекеге» қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» және «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен  айқындалады» деп атап өткен сенімін ақтай аламыз. Ал ұлттық тәрбие сол ұлттың рухани-мәдениетiнің дамыуының негізі қозғаушы күші болып, адамзаттық құндылықтардың құрамдас бөлiгi және әр ұлттың қоршаған табиғат ерекшелiктерiне сай өмiр салты негiзiнде ғасырлар бойы жинақталған тұрмыстық және рухани мұрасы ретінде қызмет атқарады. Осылайша жер бетiндегi түрлі ұлттың мақсаты – өз ұрпағының бойында адамдық қасиет, ұлттық рух пен мәдениеттiң күш-қуатын қалыптастыру, ұлттың болмысын, оның өмiр сүру тәсiлi мен тәжiрибесiн, тәрбие ықпалының жолы мен бағытын кең түсiндiре бiлу. Ендеше ұлттық құндылықтарымызды сақтау арқылы елiмiздiң бiлiм беру саясатының ұлттық-рухани дамуына, бiлiм жүйесiнiң жетiлуiне, қоғамда өзiне лайық орын алатын бiлiмдi болашақ тәрбиелеуге, озық қоғам құруға қол жеткiзуге болады. «Әрбiр ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшiн қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиешi баланы сол ұлт тәрбиесiмен тәрбие қылуға мiндеттi»,- дейдi М. Жұмабаев – десекте ұлттық тәрбие арқылы сол халықтың қаны мен жанын, рухани-мәдениетін бойына сiңiредi, елдің еңселілігінің, қоғамның сауаттылығының көрінетін тұсы – рухани-мәдениет деңгейімен өлшенеді. Бұл ғасырлар бойы өмір сүрген халықтың қалыптасқан болмысы, тұрмыс тіршілігінің көрінісі, сана-сезімінің алғы шарттары, сол арқылы сипатталған тарихи көрсеткіші. Мұндай маңызды рухани құндылықтарға қазақ халқы өз өмір сүрген заманында жіті көңіл бөлген. Осы рухани мәдени мұра деңгейінің өлшемдері – білім, адамгершілік, дәстүр, құқықтық норма, халық шығармашылығы, діни сенімдер, адамның сана-сезіміне, түйсігіне әсер ететін түрлі ақпараттар. Қазiргi кезең – ұлттық құндылықтардың жойылып бара жатқанын ескеретін болсақ: Адам айтса нанғысыз аурулардың көбеюi, адамгершiлiк қасиеттiмiздiң жүдеу тартуы, кiсi өлтiру, үй тонау, маскүнемдiк пен нашақорлық, жезөкшелiк сияқты жат қылықтарымен қатар мейiрiмсiз, қатыгез жастар арасынан да орын алады. «Ауырып ем iздегенше, ауырмайтын жол iзде» деген сөз бар қазақта. Ендеше жас ұрпақтың осындай күйге түспеуiне, олардың рухани бай, адамгершiлiгi мықты, қарым-қатынаста өмiр сүруiне жағдай жасау кезек күттiрмейтiн мәселе екенi анық. Бұл мәселелерді бiрден-бiр шешудің жолы – сол қоғамға сай азаматты тәрбиелеуде жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттыру болмақ. Ал рухани байлығын, ұлттық санасын, дәстүрін жоғалтқан ұлттың болашағы әрқашан бұлыңғыр болмақ. Сондықтан, руханилық жеке адамға да, үлкен әлеуметтік топтарға да ауадай қажет құбылыс ретінде кез келген мәдениетті жаңғырта түсетін, болашаққа жылжуына іргетас болатын ішкі мәндік заңдылықтар жиынтығы [2, 378 б.] Егер болашағымыздың жарқын болуын қаласақ осы мәселелерді шешуіміз керек. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу міндет. Ал тәрбиелеу үдерісі өз ұлтымызға ғана тән мәдени-рухани құндылықтар ұлттық ерекшеліктерімізбен тығыз байланысты.

XXI ғасырдың басы қазақ тарихында рухани ояну дәуірі болғаны баршамызға белгілі болғандықтан осы білім, тәрбие құралы ретінде рухани мәдени құндылықтарды: өз халқының өнерін, символдарын, салт-дәстүрін, музыкалық мәдениетін оқу-тәрбие үдерісінде пайдалана отырып, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналмақ. Мұның бәрі жас ұрпаққа тәрбие және білім арқылы жетеді [3]. Олай болса, елімізде жүріп жатқан жаңару үдерісі өткен тарихымызды объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға, оны мектептің оқу-тәрбие үдерісінде күн талаптарына сай тиімді пайдалануға қолайлы жағдай жасауға болады. Ол дегеніміз, ата-бабаларымыздың қолымен жасаған мұралары негізінде, тәлім-тәрбие барысында жеткіншектерді елжандылыққа, өз халқына деген сүйіспеншілікке, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа, кішіпейілдікке, елінің мүддесін өзінің мүддесінен жоғары қою сияқты қасиеттерге тәрбиелеу міндеті басты назарда тұрғандығы белгілі [4]. Яғни, рухани-мәдени құндылықтарды бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу құралы ретінде қарастыруға негіз бар. Ал сол интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру ордасы ретінде мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты [5, Б 273-274]. Сондықтан рухани-мәдени мұралар білім мен тәрбие беру үдерісінде жас ұрпаққа нағыз ұлттық білім негіздерін беруге мүмкіндік береді деп сенеміз. Өйткені қазіргі білім беру жағдайында жас ұрпақтың ұлттық білім алуының маңызы арта түспек. Кезінде бұл жөнінде: «Ұлттық білім алудың жолы көп, жолдың ішінде ең төтесі-жақсы мектеп, білімді мұғалім, мұнан қалса, ел ішінде көпке түсінікті болып жазылған білімді кітаптар. Сондықтан, мектеп түзу-біздің бірінші жұмысымыз», – деген. [6] Демек, тәрбиенiң түп тамыры да, қайнар көзi де – рухани-мәдени мұралар – біздің басты ұлттық құндылығымыз. Демек, сол баға жетпес құндылықтарды бағалай білетін ұрпақ қана үлкен табыстарға жетеді. Ал бүгiнгi таңдағы Қазақстандық бiлiм беруде әлеуметік өзгерiске байланысты құндылық бағдарындағы жаңа даму кезеңiн бастады. Сол жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын жас ұрпақты тәрбиелеп жатқан мына біздерге, ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Осылайша ұлттық тәрбие мәселесi – адамзат тарихынан өн бойына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бүгiнде жас мемлекетiмiздің өркениеттiк биiгiне көтерiлген, қазақстандық патриотизм, азаматтық парыз, рухани асыл мұраттар тұлға бойындағы құндылықтар мен ар тазалығы және басқа қасиеттердi жатқызуға болады. Сондай-ақ ұлттық салт-сананың өмiрдегi қолданбалы көрiнiстерi ділі: салауаттылық, меймандостық, кiсiлiк, сыйласымдылық, имандылық, кiшiпейiлдiлiк, кеңпейiлдiлiк, бауырмашылдық, тiршiлiкке бейiмдiлiгi, өнерпаздық, шешендiк, ақынжандылық, сыпайлылығы, мәдениеттiлігi т.б. Осылайша бұл мәселелер қай уақытта да, қай ұлттың болсын ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген мәселелердiң бiрi болып саналады. Бұл мәселенің басында тұрған дүние ол рухани құндылықтар. Қазақ халқының рухани әлемі еліміздің территориясында мекендеген ежелгі тайпалардың қауымдастықтарында тарихи қалыптасқан ділі (менталдық), әлеуметтік, психологиялық рухани-мәдени дәстүрлерден бастау алады. Осыған байланысты қазақтың дәстүрлi ұлттық құндылықтарын қалыптастыруда жаңа жолдарды iздестiру басқа да елдердің құндылық жолдарымен де байланыстыруға болады. Бұл құндылықтар қазақ халқының дүниетанымын, ақын-жыраулардың, би-шешендердің, тарихи қайраткерлердің көзқарастары мен дүниетанымдық сабақтастығынан бастау алады.

Әр заманда, тіпті әр дәуірде өмір сүрген ойшылдарымыздың сол-әлеуметтік мәдени ортасын ескеру, талдау ұмытылып бара жатқандай [7,123б.]. Сол әлеуметтік мәдени орта ретінде ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын бiлiм ордасы – жас ұрпаққа сапалы бiлiм, саналы тәрбие берумен қатар халықтың биiк рухы мен ғасырлар бойы жинақталған мұраларын келешек ұрпақ игiлiгiне жеткiзiп отыратын рухани-мәдени ұлттық тәлiм-тәрбие беретін орын десек қателеспейміз. Осылайша рухани дүниенің заманалардан жеткен құндылықтарының бір саласына жататын – өнер, оның ішінде өнердің салаларының бірі – музыка. Музыка өнерінің әлеміне жол сілтеген Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Дәруіш Әли, Ибн Сина, Қорқыт т.б. сынды ұлы ғұламалардың қосқан үлесі зор. Өнердің бұл саласына көз жүгіртер болсақ халық арасынан шыққан дарынды әнші-күйшілер, ақын-жыраулар, тамаша шығармаларды таратуда зор еңбек сіңірді. Өйткені, музыка үнімен, ән мелодиясымен, халық аспаптары сазы арқылы өмірдің дәстүрлі көріністері мен ой-арманын беріп отырған. Олар түрлі жанрдағы: жан ұя, тұрмыс-салт жайындағы, еңбек, туған жер жайлы әндер сияқты алуан түрлі болады. Халқымыздың арасынан шыққан суырып салма ақын, әнші – сазгерлер: Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мұхит Мералиев. Иса Байзаков, Әміре Қашаубаев, Кенен Әзірбаев т.б. Күйші-сазгерлер Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Ықылас, Диналар. Сонымен бірге, жырларды, эпостық поэмаларды, дастандарды жаттап алып ел арасына таратушы шығармалары мен орындау шеберліктерімен ерекшеленеді. Осылайша сан ғасырдан бері келе жатқан ата-бабамыздан қалған асыл мұра ән-күй, жыр, яғни халық музыкасы – жас ұрпақты тәрбиелеудің таптырмас рухани-мәдени құралы болып табылады. Музыка – тұлғаның қабілетін, шығармашылығын, рухани мәдениетін, қалыптастыратын тәрбие құралы ретінде, жас ұрпақтың көркемдік білімін бейімдеп эстетикалық дамуына жан-жақты әсер етеді. Әсерлі дыбыстар жалпы адамның жан дүниесінің түрлі құбылыстарының сезімімен үйлесіп жатқан рухани-мәдени жүйенің бірі. Кез келген ән, саз, музыкалық шығарманы алатын болсақ, қоғамдағы түрлі оқиғалар мен адамның ішкі сезімін, махабатты, өмірді, жан-дүниенің әсемдігін ойы мен қиялын бейнелейтін құбылыс. Демек ұрпақ тәрбиелеуде адамзаттың жүрегін сұлу ән, асыл сөз тербеп, ой санасын игі адамгершілікке жетелейді. Жас ұрпақты осындай рухани мұраларымыз арқылы отанды сүюге, адалдыққа, адами тазалыққа, ізгілікке, имандылық  пен инабаттылық сезімдерін қалыптастыра тәрбиелеу әрбір ұстаздың абыройлы парызы деп білеміз. Ол үшін оқытушы-ұстаз қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісінде рухани ұлттық дәстүрлерді сақтап, дамыта отырып, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технология мен техниканы меңгерген, білігі мен білімі жоғары ұлағатты  тұлға болуы тиіс. Осылайша қазіргі ғылым мен техниканың ұшқыр заманында озық ойлы жаңашыл, жан дүниесі, болмысы ұлттық құндылықтардан нәр алған жас ұрпақтың рухани мәдениетін тәрбиелеудің көп қырлы тұстарын жоғары оқу орындарында түбегейлі шешуге болады деп айтуға тұрарлық десек қателеспейміз.
Әдебиеттер тізімі
1 Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы/ 14.12.2012

2 Тәуелсіздік және рухани құндылық: Мемлекет дамуының алғышарты. Өмірбекова Ә. //әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына және философия ғылымдарының докторы, профессор Молдабеков Жақан Жанболұлының 70 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтану және ұлттық инновация» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 378б.

3 Назарбаев Н. "Мәдени мұра мемлекеттің соны стратегиялық ұстанымы // Егемен Қазақстан ­2007. ­14 ақпан.

4 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы. /Республика Ұстаздары. 2004, 28 қаңтар

5 Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы әлем», 2003, 273-274 б.

6 «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы. 5 қыркүйек, 2003 ж.



7 "Мәдени мұраның" қазақтанымдық маңызы. Ж.Ж. Молдабаеков. //"Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының "Мәдени мұра" бағдарламасын іске асыруға қосқан үлесі: жетістіктері және даму бағыттары" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары 27 ақпан 2009 ж. –123б.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет