Жұмыстың өзектілігі бокс — бұл спорттың қызықты әрі күрделі түрі, ол өзіне табынушылар санын күннен-күнге көбейтуде. Жарыстар спортшыдан жағдайды бір сәтте бағалауды, мезетте шешім қабылдауды және т.б. талап етеді. Соңғы жылдары қазақстандық бокс дүние жүзінде алдыңғы қатарға шықты. Бұл біздегі бокс-қа, оның дамуынажеткілікті көңіл бөлудің нәтижесі деген сөз.
Оқытушылар мен жаттықтырушылар бокс теориясы мен оны оқыту әдістемесіне үлкен үлес қосты, өз жұмыстарында тактика тәсілдері, боксты оқыту әдістемесі және сабақты ұйымдастыру мәселелері түбегейлі мазмүндалған.
Тактика-спортшының қимыл тактикасын, сондай-ақ, нақты бәсекелеске қарсы жекпе-жек қолданыс тәсілдерін үйрететін ілім бөлімі.
Осыған байланысты автор тактика мен әртүрлі әдістердің элементтеріне толығымен түсінік беріп жатпайды, өйткені бүның бәрі де бокс туралы көпте-ген оқулықтарда қамтылған.
Осы жұмыста бокстың тактика негіздері мазмұндалады, спортшының қимыл тактикасының дайын-дық, негізгі қорғаныстүрлеріне; жекпе-жектің алыс, орта, жақын қашықтықтары түрлеріне, ұлттық бокс мектебіне өзіндік өрнек салған жекпе-жек түрлеріне және жекпе-жекті жеке бас ерекшелігіне сай жүргізу өнеріне сипаттама жасалады.