Жұмыстың практикалық маңыздылығы Жаттықтырушы мен жас спортшының өзара байланысты іс-әрекеттері ретіндегі дайындықтың барлық кезеңдеріндегі қозғалыс әрекеттерінің мәндік сипаттамсын бейнелейтін дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі тұтас педагогикалық процестерініде оушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеуде спорттық жағынан дамыту саясатын жүргізуде қолданылуы мүмкін.
1 Спортшының шеберлігін жетілдіру қағидасы мен оның спортшы денсаулығына физиологиялық әсері
Спортшының мықты, тұрақты қимыл дағдысын игеру дәрежесі - оның спорттық шеберлігі деңгейінің негізгі көсеткіштерінің бірі болып табылады. Жоғары дәрежелі спортшы біліктілігі нашар спортшыдан ең басты айырмашылығы. Оның әрекеті, қарсыластың жеке ерекшеліктеріне және ұрыстың шиеленісуіне, жарыстың деңгейіне қарамастан мықты, дұрыс және нақты орындалуымен сипатталады. Сондықтан да, жаттықтырушы шұғылданушылардың оқу материалын нақты қала лагергеніне карап отыруы тиіс. Дағдының нақтылығын, оның тиімділігін төмендетпей жарыс жағдайында тәсілдерді бірнеше қайталап орындау деп қарау керек. Бокста тәсілдерді нақты игеру, оқу- жаттығу тапсырмаларын жүйелі және ұзақ орындау. Қозғалыс дағдысы қимылды басқарудың автоматтандырылған тәсілі, болып спортшы әдсті санасыз орындауы мүмкін. Спортшының қимыл дағдысының жиынтығы көп болған сайын, ол өз қимылын бақылай алмай қалады. Спортшының көңілі қимылға емес, ұрыстың жағдайы барысының қорытындысына ауады. Сондықтан спортшы әр түрлі тәсілдік жагдайда қимылын саналы түрде игеруі керек.
Дағдының мықтылығы, оның тармақшлығымен тығыз байланысты. Дағдылы тармақтылытын жетілдірудегі ең маңыздысы - оқу-жаттығу сабақтарында, жагықтыру жэис боксіпы ұрысты; өткізу үрдісі және тәсілі тойынша карсыласты-таңдап алуында.
Спортшы әр түрлі жағдайда тәсілдсрді жстілдіріп, дағғды тармақтылыгына жетуіне болады. Дағды тармақтылығын, дағды фазасының жоғары тұрақтылығын сақтай отырып өзгерту есебімен де көтеруге болады. Дағдыны дамытудың жоғары сатысыида боксшьща мамандандырылғал мүсіндерді пайда болады соқкы сезімі, уақыт сезімі және т. б.Дағдыны игерудің мықтылығы және оларды тәсілдік орындау дәрежесі – қарсыласымен жекпе-жек жағдайында анықталады. Тәсілдік және әдістік дағдыларды игерудің ең тиімді тәсілі - шартты және-еркін ұрыс, және де жарыс болып табылады. Жаңа тәсілдерді үйрету кезіндегі оку-жаттығу жұмыстары тәжірибесінде спортшы дағды қимылдарын дұрыс игермегендігі байкалған жағдайлар болады. Қимыл дағдысын дұрыс игермеу өте қауіпті, өйткені. "спортшыға дағдыны өзгертуге және дүрыстау өте қиын болады. Спортшылар арасында, өткенді өзгертуден жаңа кимылды игеру оңай деген нақыл бар. Дағдыны өзгерту үшін, күрделі стереотипті бұзу керек. Қимыл дағдысының жаңа түрін жетілдіру үрдісінде қимылды бірнеше рет қайталау қажет.
Бокстың жаттықтыру шеберлікті жетілдіру және сәйкестендіру кағидасы.
Спортшының спорттық шеберлігін тез жетілдуіде сәйкестендіру қағидасын дүрыс сақтамауға болмайды. Сәйкестендіру кағидасына спортшының жаттығу және жарыс әрекетін тиімді кұру максатындағы талаптарының кең шеңбері кіреді.
Жаттықтырушы оқу- жаттығу үрдісін спортшының мүмкіндігіне карай сәйкестендіріп, жүктеменің көлемі мен мазмұнын, жаттығудын сипатын, окыту әдістерін, тәсілдерін пайдаланып жоспарлау тиіс. Спортшының жалпы және арнайы дайындығын дамыту кезінде. оның дене қасиетін бірдей жоғары деңгейде болмауы керек. Спорттың осы түрінің ерекшелігіне сәйкес, олардың тиімді үйлесуі тиіс. Әсіресе, спортшының жалпы және арнайы дене дайындығының арасындағы өзара байланыс маңызды. Жаттықтырушы спортшылармен жұмыс кезінде бокске керегі биомеханикалық және физиологиялык белгілері оойынша, жалпы дене дайындығы қүралдарынан жаттығулар барынша қолдануы керек. Олар спорттық ойындар, ядроны итеру, тартылу мені жүлқу және итерілу жаттығулары. кросс, жүгіру және т. б.
Сәйкестендіру кағидасы спортшыдан нақты оқу-жаттығу және жарыс тапсырмаларын орындауі кезінде психологиялык белгісін қалыптастыруын талап етеді.
Спортшының спорттық шеберлігін жетілдірудегі сәйкестендіру қағидасын сактау алдындағы жарысқа дайындығы кезінде маңызды рол атқарады. Бұл жағдайда жаттықтырушы спортшыны дайындағанда жоғары спорттық көрсеткішке жету үшін маңызды сәтерді ескеруі керек. Олардың қатарына алдағы жарыстың ерекшеліктері мен уакытына сәйкестендірілген спортшының демалысы мен тамактануын, жаттығуын жоспарлау міндеттері жатады, Спортшының дайындығын оның болашақтағы негізгі қарсыластарының, жарыстың. шиеленістігін және көрермендер реакциясының жекелігін ескере отырып кұру қажет.
Спорттық шеберліктід толықтыру (компенсация) қағидасы
Спортшының спорттық шеберлігінің қалпына келу сатысы олардың әдіс- тәсілдік тәсілі, денелік және психикалық қасиетінің пайда болу деңгейі және функциональды мүмкіншіліктердін әр түрлілігін игеру көлемі болып табылады. Спортшының мамандандырылған қасиеті мен сапасының алғашқы пайда болуы жоғары деңгейінде ортаңғы, ал соңғы өзінің дамуында қалады. Спортшының мамандандырылған қасиеті мен сапасының пайда болу деңгейінің айырмашылығы көптеген себеггтерге байланысты, олардың ішіндегі ең маңыздысы спортшының жеке ерекшеліктері. Спортшының спорттық шеберлігін жетілдіру толықтыру қағидасын тарату, жаттықтырушы шәкіртінің ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін шығарып ұрыстағы жеке үлгісі мен стилін (оның қасиеті мен кабілетіне сүйеніп) қалыптастыруға өту сәтінен басталады. Толықтыру қағидасы әсіресе, жарыстағы ұрыс кезінде қажет. Спортшы өзінің ұрыстағы қарсыласыньщ ұрыс әдісі мен тәсілін, тәсілдік: түрлерін дұрыс таңдадым деп, жекпе-жек барысында жиі жеңіле бастайды. Егер, спортшының дене дайындығы жаксы және жоғары арнайы I төзімділікте болса, онда ол белсенді қимылдың жетпеген қасиетін толыктырып бокстасатын жаңа әдістік түріне көшеді. Спорттық жаттығу қағидалары жалпы және арнайы дене дайындығы бірлігі жетістігінің қағидасы. Спортшының арнайы және жалпы дене дайындығы жеткіліксіз болса, ол жоғары спорттық жетістікгерге жетпейді. Бокс- спорттың күрделі уйлестірілген түрлерінің бірі. Ол спортшыдан әр турлі қимыл іскерлігін дағдысын және дене қасиетін талап етеді. Адам бұрыннан білетік қозғалыс негізінде әрбір кимыл актісін орындай алатыны белгілі.
Жалпы дене дайындығы, әсіресе спортшының алғашкы кезеңдерінде спортшының ары карай өсу үрдісіне қажетті қимылдың дағдысы мен қасиетінің-пайда болуының әр түрлілігін құруға мүмкіншілік береді. Арнайы жаттығулардың көмегімен. спортшының тиімді және жан-жакты дамуына жету мүмкін емес. Бастаушы спортшыны окыту үрдісінде жаттықтырушы жалпы дене дайындығы құралдарын-пайдаланбайды. Ол күрделі үйлесімді қимылды орындаумен шектеледі. Спортшының жалпы дене дайындығының жан-жақтылығы деңгейін анықтауда? басты орынды президенттік сынақ жиынтығының мөлшерін жинактау үрдісі алады. Спортшыдан президенттік сынақ жиынтығы мөлшерін дайындауды және тапсыруды талап ете отырып жаттықтырушы олардан иелік дамуының жан-жактьй базасын кұрайды.
Жалпы және арнайы дене дайындығы арасындағы өзара белсенділігі спортшының спорттық барлык кезеңіндегі шеберлігіне әсер етеді. Барлық спортшының жалпы дене дайындығының міндеттері мазмұны және бағыттылығының әрбір кезеңінің өзіндік ерекшелігі бар.
Жаңадан бастаған спортшы үшін алғашқы кезеңдерінде жаттықтырушы жалпы дене дайындығының жеке тәсілдері мен әр түрлі спорт түрлерін кеңінен пайдалануға тырысуы керек, Мысалы баскетбол ойыны жалпы жылдамдықты, төзімділікті, ептілікті және баска да касиеттерге тәрбиелеуге ықпал етіп қана қоймайды, сонымен бірге арнайы жылдамдықтың төзімділіктің және ептіліктің көрсеткішін жақсартады. Спортшының спорттық шеберлігін және біліктілігін өсіруде жалпы дене дайындығы тәсілінің көлемі, мазмұны және бағыттылығы өзгеруі тиіс. Біріншіден, арнайы-дайындық жаттығуларының көлемі жалпы дене дайындығы тәсілінің азаюы есебінен өседі. Қайталау және үздіксіздік кағидасы.
Спортшының дайындық кезеңдері және сатыларында сабақтағы демалыс үзілістері және жаттығу сабактарын үйлесімді кезектестіруді карастырады. Жаттықтырушы спортшының еңбекке қабілеттігін өсіру мен қайта калпына келтірудің жалпы бағыттылығы сабактары арасындагы үзілістерді кепіл ете отырып, оқу- жаттығу үрдісін жоспарлауы керек.
Кезеңдік әсіресе жарыс алдындағы дайындық кезеңіде жаттықтырушы спортшының демалыс кезіндегі еңбекке қабілеттігін көтеруде және оның ағзасына жоғары талап қоя отырып сабак өткізуі керек. Мұндай «қатал» жаттығуда спортшының ағзасы мен төзімділігі тәрбиеленеді, қайталау және үздіксіздік қағидасының негізгі ерекшеліктерінің бірі-әрбір келесі сабақ-жаттығудың тиімділігі, әр түрлі бағыттағы сабақтар ұрыс тәжірибесі әдіс- тәсілдік шеберлігін жетілдіру, жалпы дене дайындығы және т. б. Ұрыс тәжірибесі сабағынан кейін спортшыға әдіс- тәсіл шеберлігін жетілдірү сабағына қарағанда калпына келуі ушін көп уақыт кетеді. Спортшының төзімділігін жетілдіруге бағытталған сабақтан соң жылдамдык касиеті тәрбиелеуге бағытталган жаттығуға карағанда көп уақыт демалыс керек,
Қайталау және үздіксіздік қағидасын тарату ушін-жаттықтырушы спортшының жаттығу деңгейін жуктеме көлемін және ерекшелігін. сабақ бағыттылығына байланысты демалыс сипаты мен үзілісін әдістеме бойынша таңдауы қажет.
Жаттығу сабағы кезіндегі демалыс аралығы әр түрлі болады 1-ден 20 минутка дейіи. Мысалы әдіс- тәсіл шеберлігін жетілдіру бойынша әрбір минут сабақтан кейін спортшы 1 минут демалу керек. Егер, спортшы сабақта қиын таңдау спаррингін өткізсе, онда демалыс 20 минутка созылады. Жаттығу сабақтары арасындағы демалыстың үйлесімді аралық ұзактығы 48 сағаттан аспауы керек.
Демалыстың ұзактығы ғана емес сипаты , спортшының қалпына келуіне әсер етеді. Оның болмысы, спортшы арнайы жаттығу жүмысының үлкен көмегін жеткілікті орындаудан кейін сылбыр демалмайды, арнайы емес қимыл қозғалысына ауысып, оның жоғары емес қарқындылығын орындайды. Спортшының сылбыр демалысқа карағанда белсенді демалыста тез қалпына келетіндігі тәжірибеде дәлелденген. Спортшының белсенді демалысына жаттыктырушы спорттық ойындарды, жеңіл атлетиканы, жүзуді және т. б, пайдалануы кажет.
Спортшының психикалық, физиологиялық және кимыл қызметінен кейін калпына келу үрдісі әр-түрлі уақыттағы сипатқа ие. Әдетте, ағзаның жұктеме түспеген мүшелері мен жүйелері қалпына келеді. Сондықтан да, жаттықтырушының қайталау және үздіксіз қағидасын таратуының басты. жағдайларының бірі - спортшының бірінші болып қалпына келетін ағзасы қызметінің бағытталуындағы және оқу- жаттығу сабағының мазмұны мен бірізділігін ғылыми жоспарлауы болып табылады.
Циклдік қағидасы
Циклдік қағидасынан оқу-жаттығу үрдісінде қойылған міндетке байланысты спортшының дайындық кезеңі және сатысы, жаттығу сабағының кұрылымы мен мазмұнын кезеңдік, бірізділік өзгеруі деп түсінуге болады.
Спортшының дайындык үрдісін дүрыс жоспарлау үшін әр түрлі бағыттағы сабақты өткізудін нақты бірізділігін сақтау және сабак тәсілін қатаң тәртіпте жүргізімен сипатталады.
Мысалы, білікті жаттықтырушы спортшының төзімділігін, жылдамдық қасиетін және жетілдіру міндеттерін ешуақытта бір сәтте шешпейді; Егер спортшы осыған дейін арнай төзімділікті жетілдірсе, шаршаса және т.б. онда ол жаңа әдіс- тәсіл дагдысына өтпейді. Әр түрлі бағыттағы жаттығу өткізуде әдістемелік дәлелденген бірізділікті сақтау қажет, Мысалы, ұрыс тәжірибесінен сабақ өткізер алдында егер, спортшы үлкен көлемде жұмыстан кейін өз қалпына келмесе, спортшының төзімдік тәрбиелеуге бағытталған жаттығуды еткізу керек. Спортшының сатылы және кезеңдік дайындығы әдістемелік дәлелденгенін қайталап және біріздік сабағын тәртіптілеу қажеттігінен оку-жаттығу үрдісін циклді етеді.
Үлкен циклдің айырмашылығы жиі жылдық және жарты жылдык, аз-микроциклдер, бокс дайындығыньң апталық мерзімін қамтиды. Соған
байланысты жаттығу құрылымы мен мазмұны жыл бойына кезеңмен өзгереді, микроциклдердің үлкені циклдерден айырмашылығы спортшының дайындыгының кезеңдік және сатылық ерекшеліктеріне байланысты өзгеруі мен дәрежес нақтыланады. Алғашқы спорттық калыпты игеру жаттығуды дамыту үш фазадан тұрады: (оны нақтылығы мен уақытша күш жұмсауда) әрбір жаттығу фазасына сәйкес жаттығу циклі кезеңнен гұрады: дайындық, жарыстық және өтпелі, олар микроциклдер, мазмұны бағыттылық және міндеттерге бөлінеді. Маңызды айырмашылығы спортшы дайындығында кезекті микроцикл және нақты кезең немесе сатыда алдыңғыларда қайталамайды, ал жаттығудың жаңаланған тәсілін мен әдісі негізінде қүралады. Әсіресе, Бұл, спортшының жарыс алдындағы дайындығындағы арнайы-дайындық сатысының екінші бөлімінде, микроцилдер мазмұнын игеру нәтижесінде жақсы көрінеді. Бірінші «тартылу» арнайы-дайындық сатысы кезінде спортшы орташа қарқындылықпен орындаған, арнайы, арнайы-дайындықты және жалпы дайындықты жаттығүдың үлкен көлемін орындауға бағытталған микроцикл. Екінші «сокқы» міндеттері мен мазмұны, микроциклдер және арнайы төзімділігінің жоғары деңгейінде құралган және (үлкен қарқындылыкпен орындаған) максималды жүктемеге спортшының 5% ағзасын үйрету. Бұл микроциклде дайындыктың негізгі тәсілдері жүппен әдіс-тәсілдік шеберлікті жетілдіру шартты және еркін ұрыстар болып табылады. Үшінші «қолданушы» микроцикл жоғары деңгейлі жаттығудағы спортшының жетістігі мен күшін сақтауына бағытталған. Мұндағы дайындыктың негізгі түрлерінің бірі спортшының серіктеспен, алақанда және қүралда жаттықтырушымен, сонымен қатар алдағы жарысқа психологиялық көңіл күйі жүмысын жеке жетілдіру болып табылады. Жарыс алдындагы сатымен салыстыруда спортшы жаттығуының жарыстан кейінге микроциклдердің құрылысын, мазмұны және бағыты өзгереді. Спорттық шеберлікті дамытудың бағытталған күшін бөлу қағидасы. Спортшы нақты қимыл дағдысын игеру мақсатымен кез-келген жаттығуды орындайды. Спортшы дайындығы кезінде багытталған күіпігт бөлу қағидасын таратудың маңызды түрлерінің бірі-арнайы қимыл дағдылары және арнайы дене қасиетін бір уақытта дамыту. Дағдының пайда болу мыктылығы болымды турде өседі егер, ол арнай дене дағдысын жетілдірумен бір уақытта өтсе бұл қағида жеңіл атлетикада, гимнастикада және спорттық баска да спорттың түрлерінде кеңінен пайдаланады. Бокс жылдамдық күш спорт түрлері боп табылады. Сондықтанда жаттықтырушы спортшымен дагдылы жетілдіру кезінде тиімді жылдамдық-жагдайды қүрайды. Спортшының соккы күшін жиі жетілдіру максатында спортшының колдың бөлігі немесе дененің баска мүшелеріне бекітілген әр түрлі әдістерді пайдаланады.
«Көлеңкелеп ұрыс» түріндегі арнайы жаттығулар көмегімен соққыны орындау кезіндегі оку-жаттығу жүмысы тәжірибесінде жеңілдетіп гантелдердің әр түрін пайдаланады. Ұрыс тірегі калпында-боксышының допты, ядро тасты апере орындауда арнайы дайындық жаттығулары кеңінен пайдаланады.
Арнайы және арнайы-дайындық жаттығуларында кәсіби спортшылар күрделенген жағдайда белсенді қолданды. Әлем жеңімпазы Роки Марчиано судағы соққыны көп уакыт пайдаланды. Кассиче Клей салынған қапты пайдаланып қозғалыс жылдамдығын жетілдіру үшін оны арқасына байлап алды.
Бағытталған күшін, бөлу қағидасын оқу-жаттығу сабағында тиімді пайдалануды кажет шарттарының бірі әрбір спортшының салмақ дәрежесі.Спортшы бокстың тәсілін тиімді игере алады,егер ол арнайы қимыл дағдыларын оқыту мен жетілдірудің тиімді әдістерін пайдаланады.
Оқытудың бүтіндік әдістемесінің негізі айырмашылықтарының бірі, спортшыда үйретілген қимылдарды жалпы елестете алады және ол қимыл дағдыларын дұрыс игереді. Бүтіндік әдісімен оқыту кезінде спортшыда кеңістіктегі тербеліс ізі мен жеке бөлшектердің өзара қимылының нақты суретін құрайды. Мысалы басқа тікелей сол қолмен соққы - беруді үйрету кезінде бір мезгілде қимыл жасау қиын.
Спортшының біліктілігі жоғары болған сайын. күрделі қимылмен тәсілдерді жетілдіру мен оқыту кезінде бүтіндік әдістемені ол кеңінен және тиімді қолданады. Бірақ бүтіндік әдіс қателіктерді түзеуде жақсы нәтиже бермейді. Оның себебі, адам өзінің көңілін 4-6 нысанадан басқаға көңіл бөле алмайды. Сондықтанда спортшы жаңа тәсілге оқыту үрдісінде бір сәтте жіберген алты қателіктерінен басқаны есіне сактай алмайды.
Жіктеу әдістемесі спортшының бүтіндік қозғалыс қимылының жеке бөлімдерін оқыту мен жетілдіруге мүмкіндік береді. Егер, спортшы бүтіндік әдістемені пайдалану кезінде екі соққылы әр түрлі амалдарды тез үйрене алмаса, онда бүтіндік әрекетті қарпайым бөлімдерге бөлу керек- бүйірден сол соққы және тікелей оң соққы. Осыдан жаттықтырушы спортшыга бағыттаушы жаттығулар мен жаттықтыру тапсырмаларын ұсынады, содан кейін ғана спортшы әр түрлі бөлімді жақсы игереді және ол бүтіндік әрекетті игеруге кайта келе алалы.
Бөлектенген әдістеменің негізгі шарттары,ол спортшыға барлық қимылга емес белгілі бір бөлігіне көңіл аударуға мүмкіндік береді. Барлық бөлектенген бөліктері орындалатын кимыл сипаты бойынша органикалық бірлікті жоғалтпауы керек. . Бүтіндік және бөлектенген әдістемелерді оқыту тығыз байланысты. Басқа оқыту үрдісінде олар кезектесіп пайдаланылады бүтіндік және бөлектенген әдістемелері спорттың күрделі үйлесімді амалды игеруде кайталау жаттығуларын көп пайдаланатындығын зерттеу көрсетті. Бул қорытынды қарапайым кимылдарды үйретуде пайдаланбайды.
Боксты оқыту үрдісі жүйеленді жәнс бокс тәсілін оқыту және жетілдірудің негізгі әдістемелік әдістерін дамытылған: 1) Жаттықтырушының бұйрығымен бір катарға әдісін топтық игеру; 2) Жаттықтырушының бұйрығымен екі қатарға тұру әдісін топтық игеру; 3) Жаттықтырушының тапсырмасымен жұппен залда, шықанда еркін қозғалыс әдістерін өз бетінше үйрену;
4)Қарсыластың әрекетімен шектеулі нақты тапсырмамен шартты тұрыс; 5)Қолғаппен немесе алақанмен жаттықтырушымен жұмыста әдістерді жеке үйрену; 6)Кең тәсіл- әдістерде тапсырмасымен шартты ұрыс; 7)Еркін ұрыс:
Жаттықтырушы бұйрығымен тәсілді топтық оқыту әдісін жаңадан бастаған спортшыны оқытудың бірінші кезеңінде пайдаланды. Бұл қағидалар мен қимылды оқытуда пайдаланған дұрыс. Жаңадан бастаған спортшыларға үшін, қимылды орындаған үйлесімді ерекшеліктерге көңіл аударуға жағымды шарттар құрайды.
Спортшыны жаттықтыру әдістемелері мен физиологиясы
Жаттығу тәжірибесінде спортшыны дене дайындығын жетілдіру үшін бір қалыпты ауыспалы. қайталау. Аралық ойындық, жарыстың және шеңберлік әдістемелері қолданылады. Олар өзара демалыс сипаты мен аралығы, жаттығу қарқындылығы бойынша ерекшеленеді. Бір қалыпты әдісте жаттығу уақыт ұзақтығына қатысты қарқындылықпен, орташа, әрдайым орындалады. Жаттығу тәжірибесінде түзу әдістемені пайдалану мысалдарына спортшының бір қалыпты қарқындағы кросс,әрдайымды қарқындылықпен секіру жаттығулары кіреді.
Бокс тәжірибесіндегі ең негізгі және тиімді әдістеменің бірі ауыспалы. Оған спортшының қарқынды әрекетін әрдайым езгерту тиімді. Спортшы арнайы және арнайы қарқынмен орындайды.
Қайталау әдістеменің ерекшелігі бір сабактың аясында бірдей немесе әр түрлі ұзақтықтағы демалысақа арналған үзіліспен ойын бөлмесін немесе тәсілдерін алып шығады. Мысалы: спортшы сабақ бойы басқа қапталдан сол соққы раундты жетілдіреді, бірінші жаттықтырушымен алақан мен жеке жұмыс жасап, содан кейін серікпен жұптасып және құралда осы соққыны аяқтау болады.
Жаттығудың аралық әдістеме болмысы жоғары қарқынды жұмыс демалыс аралығымен орынындыланады мысалы, арнайы жылдамдық төзімділігін жетілдіру кезінде, жаттықтырушы 2 минуттық раундты 30 секундтық аралық-3 демалыспен 1 минуттық үзіліспен бөледі
Тапсырма жұппен және құралда 1 минут бойы орындалады, спортшы мұндай қарқынды әрекетті дамытады, 2 минут раунд жағдайында ол мұндай нәтижеге жете бермейді. Әдетте аралық әдістемемені жаттығуды орындауда спортшының карқынды әрекеті төмендеп және одан шаршағанның белгісі байқалғанда ғана қоюға болады.
Ойын әдістемесін пайдаланып жоғары қарқынды жұмыс пен көтеріңкі көніл күйге жетуге болады. Ол сонымен бірге. ойлау жылдамдығы мен ептілігі басты орын алатын, денелік және , психикалық қасиеттерді шығаруға және тәрбиелеуге көмектеседі.
Спортшының жаттығуында ең басты орынды спорттық ойындар алады баскетбол, футбол. қол добы, волейбол және т. б.
Жарыс әдістемесі спортшының жоғары жетістікке жетудегі күресте қарсыласына негізделген. Ол сабақты өткізу барысында пайдаланады, (мысалы, күшке, жылдамдыққа, ептілікке жеке жарыс жаттығулары түрінде, әсіресе дәрежесін анықтауда сандық бағалау бар), сонымен бірге өзіндік түрі (спорттық жарыстар). Жаттығудың айналмалы әдістемеде спортшы
кұралмен және онсыз айналмалы қарапайым жаттығуларды бірізділікпен және ұзақ орындайды. Мұнымен қатар әрбір жаттығу шұғылданушылардың барынша мүмкіншіліктерінің жартысын қайталайды. Әрбір айналмадан кейін спортшы 1 мин шамасында демалып, келесі айналманы орындауға кіріседі. Айналмалы жаттығу шұғылданушылардьгң дайындық деңгейіне байланысты 30 мин-қа дейін жалғасады. 4-6 аптадан кейін, шұғылданушылардын мүмкіншіліктері әрбір жаттығуда көтерілді де, соны тексеру мақсатында бақылау өткізіледі.
Спортшыны оқыту және жаттықтыру құралдары
Спортшыны оқыту және жаттықтырудың негізгі тәсілдері дене жаттығулары болып табылады,олар айырықша белгілері бойынша 3 топқа бөлінеді: арнайы, арнайы дайындық және жалпы дайындық жаттығулары.
Арнайы бокс жаттығулары спортшының шартты, еркін шартты ұрыстарында орындалды. Оған жұппен жұмыс кезіндегі тәсіл және амалдарды жетілдіру жаттығулары жатады.
Арнайы дайындык жаттығулар тобы боксшьшың арнайы соққы, қорғаныс және баска да әрекеттермен жүйке-жүйелері күшін дамыту ерекшеліктері және ұқсастығымен сипатталады.Олардың қатарына металды таяқпен. балғамен гүрзімен, отын жару және т. б. жаттығулары-жатады. Арнайы дайындық жаттығуларына гимнастикалық жаттығулар кешені кіреді.
Арнайы дайындық жаттығуларына спортшының-аналогиялық күрес әрекетін орындайтын кұрылымдағы сипаттағы жаттығулар жатадьы. Жалпы дайындық жаттығулар тобына спортшының ағзасына жан-жақты әсер ететін гимнастикалық жаттығулар, спорттық басқа түрінің жаттығулары- жүгіру, секіру, спорттық ойындар. штанга, жүзу және т. б. Оқу-жаттығу жұмысы көпкырлы және ұзақ мерзімде жүргізіледі. Себебі қазіргі спорттық-әдістік талаптар өте жоғары. спортшыға жоғары
көрсеткіштерге жету үшін жылдаған жаттығулар – оқу-жаттығу үрдісін бұл күнде жоспарлау және оны басқару мамандардың білімділікпен бірге көптеген
баска да білім саласын меңгеруі қажет. Дене шыныктыру ұжымында, спорт клубтарда және секцияларда оқыту-жаттықтыру жұмысын жүргізу
Спорт секцияларын ұйымдастырғанда спорт клубтардың басқармасы мен дене шынықтыру сымдык кеңесі төмендегі мақсаттарды орындауы қажет:
жыл бойы өткізілетін оқу-жаттығу жұмыстарына қолайлы жағдай жасау, өздері таңдаган спорт түрлеріне сүйіспеншілік туғызу;
жаттықтырушыға ұдайы спорттық ілтипатты, тәртіпті, өз ұжымын сыйлауға тәрбиелеу;
жаттығушылардың дснсаулығын сақтау, басының тазалығын, уакытысымен дәрігерлік бақылаудан өткізу;
өз ұжымының,басқа үжымдардың жарысына қатысу;
ел арасында спортты насихаттауға қатысу;
спорт секцияларына қабылдау тамыз-кыркүйек айларында жүргізіледі. Кейде басқа айлар ішінде де қабылданады.
Оқу-жаттығу жұмысын жүргізу үшін оқу топтарын кұру қажет. Жаңадан бастағандар 18-20 адам, III спорт дәрежесіндегілер 12-15 адам, 11-1 дәрежедегі спортшылар - 10 адам.
Жоғары дәрежелі спортшыларды үлкен жарыстарға дайындағанда жекелей жаттығулар қолданылады. Шұғыл дайындалушылар саны 4-6 адамнан аспайды.
Сабақты ұйымдастыру және өткізу кезінде жарақаттан сақтану шаралары. сабақ орнының санитарлық-гигиеналық тазалығы сакталуы тиісті.
Спорт секцияларында жұмыстарды жоспарлау
Спорт секцияларында жылдық оқу-жаттығу сабақтарын жоспарлағанда төмендегі негізгі талаптарды ескерген жөн:
жаттығу жұмысының үздіксіз жыл бойы жүргізілуі;
оқу-жатгығу сабақтарының мақсатын анық қою әр түрлі кезеңдерге арналған сабақтарды жоспарлау;
әр түрлі топтағы шұғылданушыларға арналған жеке жоспарларды жасау;
жергілікті - төзімділіктің мазмұнын ашып, шұғылданушылардың мінез құлықтық дайындығын шыңдау;
дәрігерлік, педагогикалық бақылауды жоспарлау;
әрбір топқа арналған кестелік жарыстардың жыл бойғы жоспарын жасау;
әрбір топқа арналған жаттығу, жарыстық жүктемелерді жоспарлау: .
Оқу жоспарында оқу жұмысынын ұзактығы, әрі түрлі дәрежедегі бокс жоспары дайындалуының дұрыстығы, сағат мөлшері белгіленеді.
Жаттықтырушының оқу жоспарының дұрыс дайындалуы жаттығу жұмыстарының дұрыс жүргізілуіне тікелей әсер етеді. Бокс ұйымдарында
оқу жаттығу сабақтары жылдык жоспар бойынша сағаттарға бөлінеді.
Жаңа бастаушыларға - аптасына уш рет екі сағаттан шұғылдану; ІІ-І – дәрежедегі спортшылар ;аптасына төрт рет, 1 - дәрежедегі спортшылар, спорт шеберлері аптасына бес рет шұгылданады.Сабақтың бағдарламасы оқу жоспарының негізінде жасалып, жаттықтырушылардың сабақтарды игеруіне көмектеседі. Жоспарлау төмедегідей бөліктерден тұрады:
а) түсінік қағаз-топтардың ерекшеліктері, олардағы сабақ өтуі;
ә)кезендер мен жыл бойына арналған оқу-жаттығулар;
б)арнаулы оқулықтарды пайдалану
Жұмыс жоспары
Жұмыс жоспары бір, үш, алты айға жасалады. (жарыс пен күнтізбелік жоспарларға байланысты). Жұмыс жоспарында сабақтың тақырыбы мен оның 5-негізгі мазмұны көрсетіледі. Соған қарай әр түрлі тапсырмалар орындалады.
Сабақ көшірмесі. Жұмыс жоспарына карай жаттыктыршы әрбір сабакқа конспект жасайды. Онда барлық жаттығулар, олардың бағыты көрсетіледі.
Сабақ кестесінде өтетін сабақтың күні, уакыты, өтетін жері белгіленеді. Жаттықтырушы жарыс кезеңдерін ескеруі қажет.
Жұмыс жоспары. Ұйымның барлық жұмысы жоспарланады. Жалпы жұмыс жоспары бір жылға жасалады. Жылдық жоспар бойынша жыл бойғы кезекті есептер жасалып тұрады.
Спорт ұйымдарындағы негізгі кұжат - спорт ұйымының. клубтардың, ұйымдар жүмысын жоспарлау.
Спортшыларды жекелей дайындауды жоспарлау
І-дәрежедегі спортшылар мен спорт шеберіне үміткерлер, спорт шеберлеріне жаттығулар жекеше жүргізіледі. Әрқайсысына әр түрлі тапсырмалар беріледі.
Дайындықтың жеке жоспарларын жасауда келесі көрсеткіштерге көңіл аудару қажет: 1) спортшының жасы, 2) денсаулық жайы, 3) ұрыс тәжірибесі, соңғы 6-8 айдағы жеңіс және жеңіліс саны, 4) әдіс-тәсілдік шеберліктің деңгейі, жан-жақты дайындығы, 5) үміткерлік-жігерлілік қасиеттерініи көріну деңгейі,6) жаттыққан деңгейі, 7) үлкен жүктемені көтеру және жұмыс қабілетіне келу қабілеті, 8) денесінің құрылыс ерекшеліктері, оның дене салмағын ретгеуге қабілеттілігі; 9) ұрыс өткізу ерекшеліктері 10) ұзақ жарыстарға катысу қабілеті. 11) тұрмыс жағдайы, мамандық қызметінің ерекшеліктері; 12) жоғары спорт көрсеткіштерше қызықтыруды тәрбиелеу.
Спорттық жекпе-жек түрі сиякты бокс үшін уақыт тығыздығының ерекшілігі қарсыластың іс-әрекетінің орындалуымен сипатталады. Бұл әрекеттің ерекшелігі. саналылық және белсендлік қағидасын қолдану қажеттігіне, ұрыстың тәсілдік түрлерін өзгеруіне және саналы таңдауына. әдістерді орындауға шығармашылықпен жақындау қажеттігін туғызады. Бұл қағида спортшының сапасы мен қозғалыс әрекетінін орындалуы арасындағы
органикалық байланыс негзінде құрылған Саналылық және белсенділік қағидалары педагогикалық үрдісте таратылуы үш бағытта жүреді.
1. Сабақтың басты мақсаты мен нақты міндеттеріне саналы қатынас пен тұрақты көзқарасты қалыптастыру; 2.Оқу-жаттығу сабақтары үрдісіндегі тапсырманы орындау кезінде саналы талдау мен бақылауды реттеу; 3.Спортшылардың сабаққа ынталылығын, шығармашылық қатынасын тәрбиелеу.
Басты міндеттермен қатар, жоғары спорттық көрсеткіштерге жету міндеттері-спортшы дайындығының әрбір кезеңі және сатысындағы міндеттері болуы қажет. Жалпы дамытушы және арнайы жаттығуларды үйрету үрдісінде спортшы алға қойған мақсатына жаттығуда накты міндеттерді алдына қоймаса, ол қимылдарды дұрыс орындай алмайды. Жаттықтырушы жаңа тәсілдерді үйреткенде спортшыдан онын ерекшеліктерін ұрыс тәсілінің жалпы жіктеуінде кандай орын алатынын және де басқа тәсілдермен байланысы жөніндегі білімді білуін талап етуі керек.
Тәсілді табысты орындау спортшының игерілетін жаттьтғудың күштік, кеңістік. уакытша сипатын саналы бағалай білуіне байланысты. Жаттықтырушы өзінің шәкірттерін белсенділікке бірінші сабақтан бастап үйретуі кажет. Спортшының белсенділігін егер, ол сабакка қызықса ғана тәрбиелеуге болады. Шұғылданушылардың белсенділігін кетеру үшін, жаттьтктырушы сабақты көңілді өткізуі керек. Егер, сабақ бір қалыпты қызықсыз өтетін болса, спортшылардың қалпына келу үрдісі төмендейді.
Спортшыны үйретудің сатысындағыаттықтырушының негізгі міндеттерінің бірі-сабақта өз бетінше жаттығуға тәрбиелеу. Жаттықтырушы өзінің шәкіртін жалпы дамытушы және арнайы жаттығуды орындаудың санасын өз бетінше, болған қателіктерді сынмен талдауға үйрету болып табылады. Жоғары білікті спортшылар оку- жаттығу жиындарына жаттыктырушысыз барады.
Жаттығудың көрнекілік қағидалары
Жаттықтырудың көрнекілік кағидасының болмысы – бокстың жаттықтыру және оқыту міндетін шешу үшін спортшының талдамаларын барынша шектеулі
колдануменқорытындыланады. Көрнекілік қағидасы сезіммен ұғынған қимыл әрекеттердіигеруге байланысты дағдыланған. Спортшының үйренген қимылдары жөнінде көрулік, қимылдықжәне тағы басқа көріністермен камтамасыз ету қажеттігі тұр. Рецептивті түрлерді ажыратады, олар көріністік, моторлы және акустикалык (харре). Бұл үш түрдің барлығы әрбір адамда бар. Бокс сабағындағы оқыту және жетілдірудің негізгісі - жаттығуларды көрсету болып табылады.Жаттықтырушы тәсілді нақты көрсетуі керек, ол жарыстық жекпе-жекте қолданылады. Шұғылданушылар қимыл- әрекет жөнінде толық түсінік алғаннан кейін олардың ойын тәсілді орындау әдісіне байланысты бөлу керек. Жаттықтырушы тәсілдерді бірнеше рет, әр жағынан көрсетеді, өйткені, шұғылданушылар есінде сақтауы тиіс.
Жаңа дағдыларды үйрету кезінде, әсіресе ,жасөспірімдермен жұмысқа бағыттаушы және дайындық жаттығулары жүйесінің негізгі тапсырмасын жеңілдететін, жаттығуларды әдістемесін тиімді пайдалану керек. Жасөспірімдер және жеткіншектерді окыту үрдісінде жаттығуларды көрсету әдістемесі - негізгі болып табылады, Сабақтарда үйрету тиімділігін көрсету үшін, жаттықтырушы үйретіліп жатқан қимылдар жөніндегі көрнекіліктерді жиынтық түрінде пайдалану керек. Бұлар - суреттер плакатар кинограммалар.
Спортшыны оқыту және жаттығудың қазіргі тәжірибесінде, орындалатын қимылдың кеңістіктік мезгілдік, уақытша және күштік сипаты - саналы қабылдаудың «тездік» ақпарат тәсілі ерекше орын алады.
Жүйелілік және бірізділік қағидасы
Бұл қағида спортшы және жаттықтырушыдан бокс негізін оқытудың тиімділігі мен бірізділігін оқытуды талап етеді. Оқу-жаттығу сабағында жүйелілік және бірізділік негізінде игеру, тек әдіс- тәсілдік дағдылар мен іскерлік көлемінің қажеттілігі, бокста тәсілді игерудін жан-жақты дамуы мен әмбебаптылығы үшін қажетті алғы шарттар пайда болады. Спортшыны үйрету мен жаттығудың үздіксіз жағдайы, спортшы алдындағы материалды игере отырып, жаңа тапсырмаларды - игеріп оқу бірізділігі болып табылады. Әрбір жаңа тақырып өткен сабақтармен байланьтсты болуы керек.
Бокс тәсілін оқыту қарапайымнан басталып күрделіге қарай жүргізілуі керек. Спортшы алғашқы ұрыс тірегін, қорғанысты, тікелей соққыны және олардан қорғанудың барлық түрін үйренеді. Содан кейін қапталдан соққыны және одан қорғану сабағын өтеді. Осылардан кейін тіке және қапталдан сокқының әдістерін игереді.
Өкінішке орай, бокстың тәжірбиесінде жоғары кәсіби дайындығы мен сауатсыз жаттықтырушылардың окыту мен жаттыктыруды тездету әдістеріне жүгінетін жағдайлары кездеседі. Нәтижесінде спортшы бокс мектебінің негізін дұрыс игермейді. Одан Азиялық және Әлемдік ауқымдағы спорттық көрсеткіш көрсете алатын, жоғары шеберлікті спортшы шыкпайды.
Қол жетерлік және жекелік қағидасы
Қол жетерлік және жекелік кағидасы оқу- жаттығу үрдісінде қолайлы жүктемені таңдау кезінде спортшылардың жастық және жекелік.топтық айырмашылығын міндетті түрде есепке- алуымен корытындыланады. Егер жаттықтырушы шүғылданушының еңбек әрекетін, оқуын, тұрмыс жағдайын ескеріп, оны жақсы білетін болса, онда ол олардың әрбіріне сабақ өткізуді тиімді таңдай алады. Бокс сабағы адамдарды жас кезінен-қызықтырады. Сондықтан да, жаттықтырушы шұғылданушылардьң құрамы және дайындық-топтары бойынша әр түрлі қарауы керек. Сабақ-барысында дене жүктемесіне лайық және оқу материалын таңдай білуі тиіс.
Жоғары спорттық білікті спортшы үшін қарапайым саналатын жаттығулар жаңадан бастап спортшыларға қол жетерлік емес. Жақсы дайындалған спортшы үлкен жүктемені жеңіл атқарады, ал жаңадан жаттығып жүрген спортшы Бұл жүктемені атқара алмайды. Егер жоғары спорттық көрсеткішті керек ететін жаттыктырушы жаңадан бастап жүрген спортшыға күрделі тәсілдік: және әдістік тапсырмаларды міндетгі түрде береді, Мұндай тапсырманы жаңа бастаған спортшы атқара алмайды және күшін жоғалтады. Онда өз күшіне деген сенімсіздік туындайды.Сонымен қатар көптеген жарақат алады. Сондықтан да жаттықтырушы шұғылданушының мүмкіндігін ескеріп, соған лайық тапсырмалар беруі керек. Оқу материалы спортшыларға түсінікіі болғанда ғана, оны игере алады.
Қол жетерлік және жекелілік кағидасы жаттықтырушы топты жинақтау кезінде жасы бір ,спорттық өтілімі мен дайындығы бірдей оқушыларды таңдауды талап етеді. Оқу- жаттығу топтарын дұрыс жинақтауда бақылау жаттығулары мен тестері үлкен роль атқарады. Дайындық дәрежесі және біліктілігі, жас ерекшелігі есебімен оқыту мен жаттығудың жалпы заңдылығын сақтап жаттықтырушы спортшы дайындығын барынша жекелеп,оқу үрдісіндұрыс құрастыруы қажет. Жекеленген дайындықтың маңызы спортшының жоғары спорттық шеберлікке талпыну сатысында өседі. Спортшылардың бір-бірінен қимылдық қызметтік, психикалық және өз ағзасының басқаша мүмкіндіктерімен айырықшаланатыны белгілі. Жастары қатарлас,біліктілігі, дайындығы бірдей топта бірдей көрсеткіші бар екі спортшы болмайды. Сондықтан да, жаттықтырушының ең басты міндеті - әрбір спортшының жаттығу мен оқыту үрдісін қатаң жекелеуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |