ЖОСПАРЛЫ ӘРЕКЕТ Сырттағылар уақыт өткен сайын өз әрекеттерін күшейте берд Кеменің сығылуға төтеп бере алмайтыны енді тек қана ғарышкерлер ме: ғалымдар емес, күллі тұрғындарды да толғантқан-ды. Кеменің сығылуда күйреуі кім кімге де қорқынышты еді. Кәдімгі адам үшін жай бір кем болғанымен, ол ұлудай адамдар үшін аспандағы ғаламшармен бірдей дене. Fаламшардағы дамыған елдің басшысы мен ғалымдар бірлесе келе ойласа келе алапат кеменің есігін ашудың жолын тапты. Ол ғаламат темі адам еді. Ол Күн жүйесінен келіп өздеріндей күйге түскен ғарышкерлерді бұрынғысындай үлкен еді. Енді тек сол ғана көмек бере алмақ. Мұндағыла өзге жұлдыз жүйелерінен келгендерге ғана кіп-кішкентай болып көрінеді Ал шындығында ешкім де өзін осыншалықты кішкентаймын деп есеп теген емес. Ал Күн жүйесінен келгендер керісінше, құдай әдеттен тыс жаратқан, жүріс-тұрыстары ебедейсіз бір жандар сияқтанады.
Ел басшысы алапат кемеге жасалған ұзақ шабуылдан кейін осындай темір адамды пайдалану мәселесіне тоқталған. Ұсынысын айтқан. Сөйтіп ол жоспарын жүзеге асыра бастады. Адам баласы қашан да өзінің соншалықты кішкентай екендігіне қарамастан өзінен пәленбай есе үлкен нәрселерге қосымша күш арқылы жете алады. Саналы адамнан құпия қалған емес, айла қалған емес. Кеме қанша алапат болса да, ол санасыз. Сондықтан да ол ештемені де ойлап таба алмайды. Ғаламшар тұрғындары өз мұхиттарындағы осы адамдардан да алып су асты тіршілік иелерін де кезінде қолға түсіре алмаған. Соның бәрі де ғаламат техниканың күші еді. Олармен салыстырғанда бұл кеме қанша алапат болса да жансыз. Сондықтан да бұл кемеге қолдан келген барлық айла-тәсілді қолдануға толық болады.
Арада өткен біршама уақыт үзілістен кейін ғаламшардан бір топ кеме ұшып шықты. Олардың ортасында айрықша жасалған бірнеше үлкен кеме бар. Олар бір бірімен тұтастырыла біріктірілген. Ұшқанда да солай ұшады. Ол кемелердің бөлшектері ғаламшардың өзінде құрастырылған. Содан кейін ол кемелер тұтастырылып, арнайы ғарыш тақтасымен көтерілген. Ал оның үстінде ғаламат үлкен темір адам бар. Оның бойы, денесі, түр-тұрпаты Күн жүйесінен келген алып ғарышкерлерден еш аумайды. Ғаламшар ғалымдары алғашқы шабуыл кезінде алапат кеменің ішінен бейнефильмге түсіріп алған адамдардың бет-бейнелерін бірнеше рет қайталап көру арқылы ғаламат темір адамды құраған. Оның жүріс-тұрысы, іс-әрекеті, сөйлеуі мен әдіс-айласы көп нәрсеге қол жеткізерлік еді.
Кемелер тобы алапат кемені қайтадан қоршағаннан кейін темір адам бар тақта алапат кеменің кірер есігіне қарай жақындатылды. Енді сырттан қараған адам алапат кеме мен оған жақындаған алып адамның бейнесін көз алдына елестетер еді. Темір адам кемеге жақындай түскен. Топ кемедегілер оны алыстан-ақ арнайы радиотелебайланыс жүйесі арқылы басқарып отырды. Темір адам алапат кеменің кірер есігіне жақындаған соң оның ашылар тұсын тапты. Темір адамның барлық қимыл-әрекеті радиотеле-байланыс арқылы мұқият бақыланып тұрды. Мұндай темір адамды жасау ғаламшар тұрғындарына ешқандай да жаңалық емес еді. Оның жаңалығы аса үлкендігінде болатын. Халық сонысына ғана таңырқаған. Ғарыштан беріліп жатқан бұл оқиғаны күллі ғаламшар тұрғындары күн-түн демей қызықгаумен болды. Сондықтан да ел басшылары мен ғалымдар бүл үлкен де жауапты істе қателік жіберіп алмау жағын қарастырды.
Біршама уақыттансоң темір адам өзіне алдын алаберілген бағдарлама тапсырма бойынша алапат кеменің есігін жайымен ашты. Жайымен ғана ішіне енді. Есік қайтадан нығыздалып жабылды. Бұл істерді темір адам шебер атқарды. Өйткені, кемеге қалай кіріп, қалай шығу, ондағы ауаны қалай сақтау, тағы басқадай жұмыстарды ғалымдар алдын ала зерттеп алған болатын. Темір адам алапат кеменің алғашқы дәлізіне енген бойда сыртқы есік жабылысымен өзінің денесіне жабысқан ғарыш тозаңынан тазалану жұмыстарын жүргізді. Содан соң темір адам ішкі есікті жайымен, еппен ғана ашып, кең де ұзына бойына созылып жатқан дәлізге түсгі. Мұның бәрін көз алмай, кірпік қақпай бақылап-зерделеп отырған кемедегі ел басшысы мен ғалымдар радиотелебдайланыс арқылы өздері бұл сәтке дейін анықтап көре алмаған нәрселерінің бәрін де анықтап көріп ширай түсті Бәрі де өздерінің бір кездегі ата-бабаларының алып адамдар болғанын естеіне түсірген. Оны өздері ұмыта да бастаған екен. Ұмытпай қайтсін одан бері талай-талай заман өтсе. Кеңістік сығылғалы бері де қанша заман. Одан бергі кезде қаншама ұрпақ өсіп-өнді. Адам дүниеге шыр етіп келіп, уақыт өте келе санасы оянғанымен, өткені мен болашағын ешқашан да көре алмайды. адам пенде де тек өткенін бейнефильмге түсіріп алып суретке түсіріп алып оны қайталап көре алатын мүмкіндікке ғана ие бола алган. Ал болашағын көрудің мүмкіндігі әзірге тумаған. Адам баласының өмірінің мәнді, қызықты болатыны да содан-ды. Егер адам пенде өзінің болашағының қалай боларын тек болжап қана емес, қандай да бір күрделі экранды құралмен біле алар болса, онда кім біледі, ол болашағындағы емірі ұнамсыз болса, онда оның өмір сүруге деген құштарлығы да әлсіреп кетер ме еді? Ал адам болашағында не болатынын анық білмесе, онда ол қашан да жақсы нәрсені ойлап, соған жетуге талпынумен, соны армандаумен жүреді. Бұл ғаламшардың тұрғындары да қашан да сондай бір үмітті жандар еді. Тек мына кеңістіктің кенеттен сығылуы ол үміттерін мүлдем жойып та жіберген. Бұл да ұлы Жаратушының құдіретті әрекетінен болса керек. Жұлдызды әлемде сығылып жатқан, қызыл ергежейліге, қара ойыққа айналып жатқан жұлдыздар аз ба еді. Сол сияқты кеңістіктің де әрқалаиғы тұстары өздерінше тағдырын басынан кешеді. Бұл ғаламшардың тұрғындары осы жұлдыз жүйесінің түгелдей соғылуға ұшырағанын біле тұрса да енді амалдары нешік, басқа түскен ауыртпалықтарын бойларымен көтеруге тырысып бағады.
Ел басшылары да, ғалымдар да Күн жүйесінен келген осы бір алапат кемені көрген сайын, оған жақын ұшып барған сайын сол өткендерін амалсыздан естеріне алады. Алыптық кезең қай қайсысының да балалық шағындай сағынышы. Адам жас кезінде қандай жігерлі, қандай күшті болса, тұрғындардың жастық кезеңдері де сондай. Бұлар алып болып көрген жоқ. Олар ата-бабаларының алып адамдар болғанын ежелден бері сақталып келе жатқан түрлі бейнетаспалардан жақсы біледі. Ал мына Күн жүйесінен келген алып ғарышкерлер сол ата-бабаларын бейнефильмнен емес, солардың өздерін көзбе-көз көргендерімен бірдей еді.
Темір адам алапат кеменің бөлімдерін аралап, оның басқару пульті бар басқы бөліміне де жетті. Кемені басқаруға да әрекет жасады. Оның ішіндегі жеті ғарышкер бұдан сескеніп, алыстап, қашқалақтап жүрді. Артынша темір адам оларға былай деп тіл қатты.
— Мен сіздерді апаттан құтқаруға келдім, — деді ол жай ғаңа.
— Оны түсіндік, - деді Тәкен жоғары қарап тұрып.
Егер темір адамның құлағы деген жерінде аса сезгіш радиоқабылда болмаса, ғарышкерлердің берген жауаптарын естімеген болар еді. Ол жайымен ғана еңкейіп, Тәкенді екі саусағының арасына еппен қысып ұстады да, шырқата жоғары көтеріп, алақанына жіберді. Содан соң қолын бepi созып, басты иллюминаторға жақындатты. Бұл кезде сырттағы қалықтап алапат кемені айналып ұшып жүрген көрінісі көңіл аударарлық күйге көшкен-ді. Ол қаптаған кемелер енді басқы иллюминатордың төңірегіне бал арасындай топтала жиналған. Көрініс қаншама баяу өтсе де, өздері үшін қызық еді. Сондықтан да ешкім асықпады. Темір адам Тәкеннен кейін басқа да ғалым-ғарышкерлерді алақанына салып, жоғары көтеріп, иллюминатор әйнегі арқылы сырттағыларға көрсетті. Ендігі қиындық оларды ашық ғарыш кеңістігі арқылы басқа кемеге аман-есен алып өту еді. Сәлден соң оның да жолы табылды. Темір адамнан кейін алапат кеме ішіне үш дәрігер енген болатын. Олар темір адамдай алып емес, рудай, яғни, ездеріндей еді. Екі жақ кездескен бетге бір біріне қарап үн-түнсіз тұрып қалды. Бүл ең алғашқы бетпе-бет жүздесу еді. Темір адам енді қозғалыссыз қалған. Оган жан бітіру де, одан жан шығару да сырттағы арнайы кемедегі ел басшысының қолында. Бәрін өзі басқарып отырды. Өйткені, бұл бір ғана ел емес, күллі ғаламшар тұрғындарына түскен ауыртпалық болатын.
Қысқа үнсіздіктен кейін екі жақ тілдесуге көшкен. Тәкен келген дәрігерлерге мән-жайды қысқаша түсіндірді. Содан кейін олар ғарышкерлердің денсаулықтарын, көңіл-күйлерін сұрады. Арнайы дәрігерлік құралдарымен тексеріп те алды. Осы кезде темір адам қайтадан тірілгендей қозғалысқа көшті. Ғарышкерлер мен келгендерге жол бастады. Брарға ұзыннан-ұзақ көрінетін дәліз оған ештеме де емес. Бұлар оның артынан жүгіріп, қуалап отырды. Темір адам өте сезімтал болғандықтан кеме ішінде қанша бөлім бар екенін және оларда нелер орнатылғанын алдын ала білген. Қажет болған жағдайда ол маңдайындағы айнасы, көкірегіне бекітілген кішкентай экран арқылы бәрін анықтап көріп алады. Ал қазір Тәкеннің өтініші бойынша ол кемедегі хайуанаттар бөліміне қарай бас- тап келе жатыр. Жер ғаламшарынан келген ғалым-ғарышкерлер осының алдында ғана ол бөлімге кіре алмаған еді. Енді сол мақсаттарын орындау үшін асығып та келеді.
Темір адам ол бөлімге жеткен соң Тәкеннің айтуымен есігін ашып ішіне енді. Ол ұлудай ғарышкерлерді жалғыз алақанына салып алған-ды. Алғашында ғарышкерлер жаяу жүрген. Мұнда жеткен соң темір адамның алақанына көшкен. Өйткені ол жүрістері де, жүрістері де өнбеген.Содан соң темір адам оларды оң алақанына салып алып тез жеткен. Тек хайуанаттар бөліміне енген соң барып қана оларды еденге түсірген. Олар жылдам жылдам қозғалады. Ұлудан осындай жылдамдық, ептіліктерімен айырмаланады. Енді ғарышкерлерге темір адам биік үйдей болып та көрінеді. Ал темір адам саналы болса, әрине, ғарышкерлерге бөлек көмек көрсетіп, оларға жақсы жағдай да жасар еді. Қазір ол тек сырттағы кемедегі ел басшысының алдын ала берген бағдарламасымен ғана әрекет жасайды Ол үшін бәрібір. Оның бойында адам бойындағыдай жанашырлық сезім жоқ. Сондықтан да ол суық.
Ал бұл кезде Тәкен бастаған ғарышкерлер тобы хайуанаттар мен құстар бөлімін жедел аралап шықты. Олар да өздері көрген кішіреюді көріпті. Бірақ бәрі де сол бұрынғы өлшемде қалыпты. Егер адам баласы сол сығылу кезінде ұйқыда болса, оянған соң айнадан оғаш көріністі байқамас еді. Ол тек өзінің бұрынғы тұлғасы - темір адамның алыптығына ерекше таңғалмақ. Енді олай емес. Бәрін де көз алдынан өткерген. Хайуанаттар мен құстардың жай-күйлерін бақылап шыққаннан кейін ғалым-ғарышкерлер темір адамнан өзін басқа бөлімдерге де апаруды өтінді. Оранжереядағы өздерінің ауылдарының ғажайып табиғатын тамашалап көрді. Енді оның бәрі де ғарышкерлер үшін ғаламат болып ұлғайып кеткендей. Темір адамның алақанындағы бал арасындай ғана ғарышкерлер енді шағын деген осы ауыл көшірмесінде де өздерін сол бір кездегі бал арасындай сезініп те кеткен. Ғалым-ғарышкерлер қанша дегенмен де қатты толқыды. Өткендегі көргендері енді ғаламат болып, олардың бөлшек-бәлшектері ғана көз ал- дарына елестейді. Ғалам құпиясының өздерін осындай жағдайға душар ететінін қайсысы білген. Енді қаласын-қаламасын бәрін де өз көздерімен көріп келеді. Темір адам ғалым-ғарышкерлердің өтініштерін бұлжытпай орындап, барлық бөлімдерді аралатып шықты. Содан кейін ол сырттағы ғарышкерлермен байланысты. Темір адамның бір ерекшелігі де оның радиотелебайланыс құралының тұла бойында болатыны. Ол көрем деген кез келген нәрсесін ол жерге жақындап барып жатпай-ақ көзіндегі шыны ұлғайтқыштарды қажетті деңгейде қозғалту арқылы ап-анық көре алады. Сөйлесемін десе, радиотелебайланыс арқьшы кез келген жердегі адам баласымен сөйлесе береді. Оның бойында әмір деген де, өлім деген де ұғым атымен жоқ. Бойына ток жүрсе тіріліп, ток бітсе, »өліп» қалады. Дүниені ұғу дегенді болса да білмейді. «Миына» не бағдарлама берілді, соны бұлжытпай орындауға кіріседі. Темір адамның бұл қасиеті о бастан жақсы белгілі.
Сырттағылар темір адамнан мәліметтерді қабылдап болған соң алапат кеменің ішіне тағы бірнеше адамды жіберді. Тек содан кейін ғана ел басшысының өзі келген. Ол Тәкенмен екі топтың орта тұсында кезікті. Жағдай екі жаққа да түсінікті еді. Оның бәрін де екі жақ арнайы тілмаш арқылы білісті. Тәкен қазақ тілінде, ол өз тілінде сейлеген. Екі жақ та енді ел басшысының сөздеріне құлақ қойған. Білім жағы шамалас болып шықты. еңістіктің сығылуына дейін екі жақ та үлкен адам еді. Сығылудың қалай олғаны жөнінде ел басшысы қысқа айтты. Содан кейін олар алып келген өздеріне лайық кемелеріне отырып, алапат кеме ішін аралап көруге аттанды. Бұл жолғы аралаулары алғашқыдай емес, темір адамның алақанында болғандай емес, мейлінше жеңіл де жақсы өтті.