Қоректендіру клизма (тік ішек арқылы тамақтандыру).
Көрсетілімдері: қоректендіру клизмасы организмге резорбтивті әсер етуіне
негізделген. Оларды көп мөлшерде (12 л-ге дейін), дәрілік заттар (0,9% натрий
хлорид ерітіндісін, 5 % глюкоза, аминқышқыл ерітінділері) қолданылады.
Қоректік клизма салмастан 1 сағат бұрын ішекті толық босату үшін тазарту
клизмасын жасайды. Шағын мөлшердегі қоректік клизманы (200-500 мл)
резеңке грушаның көмегімен жасайды. Құятын сұйықтын температурасы 37-38 °С.
Парентеральді тамақтандыру.
Көрсетілімдері: асқорыту жолы бітелу белгілері, ісік, өңеш, асқазан, ішек операцияларынан кейін әлсіреген науқастарды операцияға дайындау. Осыған байланысты келесі препараттарды қолданады. Көмірсулар - 10 % глюкоза ерітінділері, белоктар- аминкышқылдар, ыдыраған белок молекулалары күйінде. гидролизин, белокты гидролизат казеин, фибриносол, аниналон, аминопептид, аминокровин, альвизин, левмин, полиамин және т.б. Алғашқыда 30 мин. 10-20 тамшы / мин., майлы эмульсия күйінде: липофундин, интралипид. Парентеральді тамақтандыру тамыр ішіне енгізіледі. Жібермес бүрын ерітіндіні 37-38 ° С булы моншада жылытамыз. Алғашқы 10-15 минутта 15-20 там/ мин, кейіннен 60 там/ мин дейін жібереміз. 500 мл препаратты 3-5 сағатта жібереміз.
Ескерту: белокты препараттарды науқастарға жылдам жібергенде оларда ыстық, беттері қызарып, тыныс алуы киындайды. Парентеральды тамақтандырғанда тәулікті ескеру қажет
7.2. Мақсаты:Студенттерді жасанды тамақтандыру әдістерімен таныстыру.
7.3. Оқыту нәтижесі:
Тақырыпты оқыту нәтижесінде студент білуі керек:
1. Жасанды тамақтанудың ұғымы.
2. Жасанды тамақтанудың түрлері.
3. Пациентті зонд, гастростома, арқылы тамақтандырудың мақсаттары, көрсеткіштерімен қарама қарсы көрсеткіштері.
4. Пациентті зонд, гастростома, арқылы тамақтандыру техникасы.
5. Парентеральдық тамақтанудың қолдану көрсеткіштері.
6. Парентеральдық препараттар. Қолданылған құралдарды өндеу.
Ауыр науқастарды күту мейірбикеден сабырлылықты, шеберлікті және мейірімділікті талап етеді. Әдетте ауыр науқастар ренжігіш, талап қойғыш, шыдамсыз болып келеді. Науқастың мұндай тәртібі оның өзінен емес, оның ауруының психикасына әсер етуінен болады. Мұны аурудың әсері деп қабылдау керек. Мұндай науқастар көбіне тамақ ішуден бас тартады. Мұндай тынышсыз науқасты тамақтандыру көптеген әдіс-тәсілді талап етеді. Бөлмені желдетіп, науқастың қолын жуғызу керек. Бұл кезде мейірбикеге кіші мейіркештің көмегі қажет. Науқастың жағдайы келсе, оның отырғызып не басын биіктеткен жөн. Науқастың отыруға жағдайы болмаса, науқасты бір қырымен жатқызу керек. Ауыр науқасты тамақтандыру үшін алдына кішкене стол орнатылған арнайы төсектер қолданылады. Ал мұндай арнайы төсек болмаса, оның орнына тумба қоюға болады. Тағам жартылай сұйық және жылы болуы шарт. Науқасты қасықпен не арнайы сусындатқышпен (поильник) тамақтандырады. Асықпай науқастың тағамды дұрыс қабылдауына жағдай жасау керек. Тағамды аз - аздап беріп тұру қажет. Тағам әр түрлі және тәбет ашатындай болуы қажет.
Ас қабылдағаннан кейін тағам қалдығын және ыдысты жинап алу керек. Науқастың ауыз қуысын қайнаған сумен шайғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |