3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
3.1. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні-ғылым мен тәжірибе жетістіктері, ұлттық және жалпы әдеми құндылықтар негізінде жеке тұлғаны дамыту мен кәсіби қалыптастыруға бағытталған білімді алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
3.2 Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты халық арасында білімді тарату және оның жалпы білім мен мәдени деңгейін көтеру болып табылады.
3.3. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1)жалпы білім беретін бағдарламаларды меңгеру үшін жағдай жасау;
2)жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және жеке мүмкіндіктерін
дамыту, жеке даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы мейірімділіктің және салауатты өмір салтының негізгі түрлерін қалыптастыру;
3) азаматтылық пен патриотизмге, өз Отаны-Қазақстан Республикасын
сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халықтық дәстүрлерге бас июге, конституцияға қарсы және қоғамға қарсы көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне
қатысу, жеке тұлғаға қатысты өз құқықтары мен міндеттеріне
5) саналық таныту қажеттілігін қалыптастыру;
6) әлем және отандық мәдениеттің жетістіктерімен танысу, қазақ және
республикадағы өзге халықтар тарихын, салттары мен дәстүрлерін
7) үйрену, мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгеру;
мемлекеттік мекеменің автономиялығын, дербестілігін кеңейту, білім беру басқармаларын демократияландыру және децентрализациялау;
8) оқытудың, білім беруді ақпараттандырудың жаңа технологияларын
игеру, халықаралық ауқымды коммуникациялық жүйелерге шығу;
9) босатылған қызметкерлер мен жұмыссыз тұрғындарды қайта оқыту
және қайта даярлау;
10) білім беру ұйымдарын және әртүрлі, жартылай функционалдылықты
тиімді дамытуға ықпал ету;
11) балаларды ерте әлеуметтенумен қамтамасыз ету;
12) әр баланың мүмкіншілігін және жеке қабілеттерін есепке ала отырып, балалардың ақыл-ой, адамгершілік, денетәрбиелігінің, эстетикалық, эмоционалдық, танымдылық дамуы;
13) балалардың денсаулығын сақтау;
14) балаларды бағып күтуді, қарауды ұйымдастыру;
15) балалардың дамуындағы ауырқушылықтарды уақытында түзету;
16) ата-аналарды психологиялық, педагогикалық жағынан ағарту
3
3.4. Мемлекеттік мекемеге жарғыда (ережеде) бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
3.5. Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органының) немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
3.6. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |