Мдо-141 2-курс Күні: 17. 03. 2016ж. Тақырыбы



Дата25.08.2017
өлшемі120,87 Kb.
#27353
түріСабақ
Пәні: Қазақстан тарихы

Тобы: МДО-141 2-курс

Күні: 17.03.2016ж.

Тақырыбы: 1991-2009 ж.ж. Қазақстанның саяси дамуы.
Сабақтың мақсаты: ҚР-ның 25 жылдағы жетістіктерімен танысу, яғни 1991-2009жж. тарихын еске түсіру, негізгі тарихи оқиғалар мен тарихи даталарды слайд-шоу арқылы жете таныстыру.

Дамытушылық:Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып,сәйкестендіру, салыстыру, болжау, қорытындылау әдістерін тарихи үрдістермен байланыстыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтшылдыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілдіктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбие беру. 

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту



Сабақтың әдісі-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, модульдік оқыту технологиясының әдістері.

Көрнекілігі: Слайд-шоу «Тәуелсіз Қазақстанға-25жыл!»

Ұраны:  Тыныштық, сабырлық, құштарлық, белсенділік, білімділік.

 (Осы бес ұранды ұстасақ сабағымыз тартымды өтеді деп ойлаймын.) 

Пән аралық байланыс: география, қазақ әдебиеті.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. Слайд, презентациялар арқылы.

1.Қазақстанның негізгі автохтонды тұрғындары? (қазақ);

2. Ақмоладағы Отанына опасыздық жасағандардың әйелдеріне арналған лагерь? (Алжир);

3.А.Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М.Дулатов, т.б қандай өкілдер? (зиялы);

4.Қазақ Кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі,1930 ж.атуға үкім шығарылған жазушы? (Аймауытов);

5.Лагерьлер жүйесі көп шоғырланған қала? (Қарағанды);

6. Тіл білімінің негізін салушы, әдебиет,саясат, ғылым, журналистика салаларында мол мұра қалдырған кім? (А.Байтұрсынов);

7.Қазақстан қандай ел? (Тәуелсіз);

8.Лагерьлер бас басқармасы? (ГУЛАГ);

9.Қуғын-сүргін жылдарындағы өкімет басшысы? (Сталин).


III. Жаңа сабақты өту кезеңі.

Модуль құрылымы

Модельдің мазмұны

Уақыты

I. Кіріспе бөлімі

Модельге ену

Жаңа сабақ жоспары:

1. Тәуелсіздікті жариялаған заң

2. ҚР рәміздері,ҚР –ның Ұлттық валютасы,Мемлекеттік шекараны белгілеу

3. Жаңа Астана


15-20 мин

II.Сөйлесу

бөлімі.


1. «Даталарды еске түсіру» ойыны

2. «Картамен жұмыс»

3. «Ойлан тап» ойыны


15-10 мин

III. Қорытынды

1. Қорытынды


10-5 мин


I. Кіріспе бөлімі



Әдісі

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Әнұран айтылады.

Мұғалім сөзі:

Бүгінгі біздің ашық сабағымыздың тақырыбы «1991-2009 ж.ж. Қазақстанның саяси дамуы». Жүздеген жылдар бойы Ресей империясының қол астында болып келдік. Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікті 1991 жылдың 16 желтоқсанында алдық. Бұл қазақ халқы үшін үлкен жетістік болды.Бүгінгі ашық сабағымыз ҚР 25 жылда жеткен жетістіктеріне тоқталамыз.Осынау 25 жылдың ішінде Қазақстан Республикасы ішкі және сыртқы саясатта қандай жетістіктер мен табыстарға жеткендігі туралы бізге МДО-141/152 оқу тобының студенттері баяндап береді.



Баяндау

1топ:Тәуелсіздікті жариялаған заң.

1991 жылдың 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды.Тәуелсіздік туралы Конституциялық заңының 1-бабында Қазақстан республикасы тәуелсіз, демократиялық құқықтық мемлекет деп жарияланды.республика өз аумағында үкімет билігін толық иемденуге, ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізіуге құзырлы болды.Тәуелсіздік туралы заңның негізгі мәні 18 баптан тұратын жеті тарауда айқын көрсетілді.Бұл тарихи оқиға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ұзақ жылдарға созылған күресінің заңды көрінісі болды.



Бүкілхалықтық президент сайлауы.

Республиканың егемендігін жариялауға байланысты енді президентті бүкіл халық болып сайлау қажеттігі туды.Осыған орай, Қазақ КСР Жоғары Кеңеңс 1991 жылы 16 қазанда қаулы қабылдады.Бұл қаулы бойынша перзиденттікке кандидаттарды, тіркеу қарашаның 10-ына дейін, ал сайлау желтоқсаннның 1-і күні өтетін болып белгіленді.

Республика тұрғындарының ішінде сайлау құқығы барлардың 88,23%-ы дауыс беруге қатысып, олардың 98,78%-ы Н.Назарбаевты жақтап шықты.Желтоқсанның 10-ы күні Н.Назарбаев республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдап, ҚР халық сайлаған Президент ретінде ресми түрде іске кірісті.

Мұғалім: 25 жыл уақыт өтсе де, елімізде тұңғыш сайланған Президентіміз ел басында.



Слайд арқылы көрсету.

2-топ: ҚР рәміздері.

Н.Назарбаев 1992 ж.4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы» , «Қазақстан Республикасының Елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасының Әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңға қол қойды.

2006 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында жаңа Әнұранқабылдау туралы айтылды. Заң жобасын талқылау барысында бірқатар депутаттар «Менің Қазақстаным» атты жаңа Әнұранның авторлар құрамына Н.Назарбаевты ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын білдірді.Парламентте жаңа мәтінің авторлары болып Ж.Нәжімеденов пен Н.Ә .Назарбаев бір ауыздан бекітілді.

ҚР Ата заңы.

Еліміз егемендік алғаннан бері екі Конституция қабылданды.Оның біріншісі -1993 жылы қаңтарда өмірге келді.1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы (референдумда) еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.Жаңа конституцияға оның алдыңғысымен салыстырғанда көптеген өзгерістер енгізілді.Егер бұрынғы Ата заң 4 бөлім, 21 тарау, 131 баптан тұрған болса, кейінгісі 9 бөлімнен, 98 бааптан тұрады.Онда елеміздің экономикалық күш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті кепілдікті құқықтар беретін көкейтесті мәселелерді шешу ескерілді.



Баяндау

3-топ :Семей полигонының жабылуы.

Өткен ғасырлардағы алапат зұлмат-қазақ даласына ядролық сынақ алаңына айналуы еді.Сонау 1949 жылдың тамызында таңғы сағат 6.30-да Семей полигонында жергілікті халыққа ескертілместен, жер үстінде, қуаттылығы 30 килотонна болатын атом жарылысы орын алды.Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, 1991 жылы дәл 29 тамызда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды.



ҚР-ның Ұлттық валютасы.

1993 ж. қарашаның 15-күні Президент Н.Ә.Назарбаев ҚР Конституциясы мен Жоғарғы кеңес берген өкілеттігіне сәйкес, 15 қарашада елімізде ұлттық-валюта енгізді.Осы сәттен бастап Қазақстан республикасы мемелекеттік тәуелсіздіктің келесі және маңызды баспалдақтарының біріне көтерілді, ұлттық валютасы бар елге айналды.Ұлттық валюта-теңгенің айналысқа енгізілуінің әлеуметтік-рухани маңызы зор болды.



Картамен жұмыс

4-топ: Мемлекеттік шекараны белгілеу.

Қазақстан республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін өз аумағын, мемлекеттік шекарасын анықтауға кірісті.1993 жылдың 13 қаңтарында ҚР «Мемлекеттік шекара туралы» заң қабылданды.Қазақстан мен Қытай арасында ұзындығы 1782 шақырымнан астам қашықтықты құрайтын шекара анықталды.Бүгінгі таңда қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерімен шекараны межелеу мәселесі толығымен реттелді.Шекараның ұзындығы-Қырғызстанмен шамамен 1242 шақырым, Түрікменстанмен -426 шақырым, Өзбекстанмен 2351 шақырымды құрайды.қазақстан-ресей шекаралары құрлықтағы ең ұзын шекара болып табылады.Оның ұзындығы 7591 шақырым.



Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған соң, Қорғаныс комитеті құрылды.Оның құзырына Қазақстан аумағында орналасқан бұрынғы КСРО қарулы күштерінің әскерлері мен қару-жарағы қарады.1997 жылы 7 мамырда Республика Президентінің Жарлығымен Қорғаныс комитеті ҚР Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы қорғаныс министрі болып генерал-лейтенант С.Нұрмағамбетов сайланды.



Слайд арқылы көрсету

5-топ: «Мәдени мұра» бағдарламасы.

Ұлттық тарихи ескеркіштерді қайта жаңғырту.Ұлттық мәдениет үшін айрықша мәні бар мынадай ескерткіштерді «Абат-Байтақ», «Айша-бибі» кесенелеріне, Қараман ата, Шопан ата сағаналарына,Ақыртас және Баба ата сарай кешендеріне кешенді ғылыми-мәдениеттану зерттеулерін ұйымдастыру орын алды.Қазақстан мен Сирия, Египет елдері арасында үкіметаралық келісімге қол қойылды және Дамаск қаласындағы қазақ этномәдени орталығының әл-Фараби кесенесінің құрылысы, Каир қаласындағы Бейбарыс сұлтан кесенесін қалпына келтіру жобалары іске асуда.2007 ж.Қазақстан аумағында 20 тарихи, мәдени мңызы бар ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, соның ішінде 9 обьек-мазарда, «Абылай хан ордасы» кешенінде, Семей қаласындағы бір және қос мұнаралы мешіттерді қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.32 көне қаланың, қоныстар мен қорғандарда археологиялық зерттеулер жүргізілді. «Есікқорғандары», «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайларын құру жұмыстары жүргізілді. 2004-2007ж. елді мекендерге жақын орналасқан 40-қа жуық ескерткіш қайта жаңартылды. Олардың ішінде Айша бибі, Арыстанбаб, Есім хан кесенелері, Үшарал, Аққойлы медресе-мешіттері және т.б бар.



Мұғалім: Осы «Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында көптеген жұмыс атқарылуда. Көне түркі жобаларын зерттеуде, арнайы Моңғолияға ғылыми экпедиция ұйымдастырылды.

Қазақстан және БҰҰ.

1992 жылдың наурыз айында Қазақстан дүниежүзі мемлекеттерінің басын қосып, оларды жарқын идеаларға бағыттап отырған ең мәртебелі ұйым-Біріккен Ұлттар Ұйымына толыққанды мүше болып қабылданды.Нью-Йорктегі БҰҰ-ның зәулім ғимараты алдындағы алаңда дүниежүзі мемлекеттерімен бірге қазақстанның да аспан түстес көк жалауы желбіреп тұратын болды. Қазақстан халықаралық қайта құру және өркендеу банкіне, Халықаралық валюта қорына, ЮНЕСКО-ға мүше болып кірді.



Жаңа Астана.

ҚР Президентінің Жарлығымен және Парламенттің қаулысымен 1997 жылы10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы болып жарияланды.Астана қаласының жалпы аумағы республиканың 0,03%-ын , яғни 710,2 шаршышақырымды құрады.Астана қаласының басты белгісі – «Бәйтерек» монументі 2002 жылы бой көтерді.Биіктігі -105 метр, Бұл композицияның жоғарғы бөлігінде үлкен шар-аспанды бейнелейді.



Слайд арқылы

Мұғалім:

Астанадағы Діни құрылтай сьезі.

Қазақстан-демократиялық зайырлы ел. Дін мемлекеттен ажыратылған. Алайда ҚР демократиялық ел болғандықтан, діни сенім бостандығы адам құқығы ретінде мойындалып отыр. Сондықтан қазақстанның азаматы өзі қалаған дінді қабылдай алады. Біздің елімізде, негізінен, екі дін дәстүрлі сипатқа ие.Ол қазақтардың және түркі халықтарының ата-бабасынан бері ұстанып келе жатқан-ислам діні және славян халықтарының христиан діні.

Жыл басында елімізде 3175 діни ғибадат орыны тіркелсе, оның

2267-сі- мұсылман мешіттері,

263-православиялікшіркеу,

89-католик шіркеуі,

541- протестанттық шіркеуі,

1-буддистік храм.



Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуі.

Қазақстан республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін еліміз бірден нарықтық экономикаға көшті.нарықтық экономикаға көшу үш кезеңнен тұрды. Қазіргі таңда еліміз толықтай нарықтық экономикаға көшіп болды.нарықтық экономикаға көшу нәтижесінде елімізде әртүрлі компаниялар, акционерлік қоғамдар, фирмалар жұмыс атқаруда.оның ірілері «ҚазМұнайГаз», КЕГОК, «Қазақтелеком», «Қазақстан теміржолы». Сонымен қатар шағын және орта бизнес кң ауқымды тараған.»Рахат» кондитер фабрикасы, «адал» сүт өнімі, «Ақсай» нан өнімдері.Елімізде әртүрлі банктер жұмыс атқаруда.Олар Халық Банк, Нұрбанк, Каспи банк, Альянс банк, БТА, және т.б.



Қазақстан және ЕҚЫҰ.

Еуропа мен американың 35 елінің мемлекеттері мен үкіметтері басшылары Хельсинкийге жиналып, ЕҚЫҰ-ның қорытынды актісіне қол қойған.1975 жылғы тамызда ресми түрде рәсімделді.1992 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан ЕҚЫҰ-ға мүше болып енді.1999 жылы қаңтарда алматыда ЕҚЫҰ-ның орталығы тұрақты түрде жұмыс істей бастады.2010 жылы Қазақстан республикасы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті. Төрағалық кезінде үлкен жұмыстар атқарды.ҚР әлемдік елдер тани білді.Ауғанстанға гуманитарлық көмек берді, ал Қырғызстандағы үлкен жанжалды шешеуге бар күшін салды.





II.Сөйлесу бөлімі.

1. «Даталарды еске түсіру» ойыны

Әрқашанда ұмтыламыз жеңіске – деп жылдарды сөйлетейік.  

1991ж-Тұңғыш ғарышкер ұшты (Тоқтар.Ә)                                         

1992ж-ҚР-ның рәміздері қабылданды, БҰҰ-ға кірді

1993ж-теңге д/келді                                    

1994ж-(Талғат М.) Ғарышқа ұшты                     

1995ж-Абайға 150ж, Ата заң .                          

1996ж-ҚР-ның 1 сессиясы болды                                  

1997ж-Астана Ақмолаға көшірілді                     

1998ж                                                    

1999ж 

2000ж –«Мәдениетті қолдау» жылы                                                   



2001ж- Тәуелсіз.ҚР-на 10ж мерей тойы

2002 ж- Денсаулық жылы

2003ж- Ауыл жылы

2004ж-Қазақстан-Ресей жылы

2005ж-

2006ж-Қ-да Пушкин,Р-де Абай жылы, Жаңа әнұран



2007ж-«Қазақ тілін қолдау» жылы

2008ж- «Қазақстан-Украинада»жылы

2009ж- 25.02-6.03. Халық санағы өтті

 2010ж- Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымда төрелік етті


 3. «Ойлан тап» ойыны (пәнге, елімізге, ауданымызға шолу жасайық)

Шапқан озар, Жатқан қалар - деп мынау  жасырынып тұрған ұяшықтағы сөзді табайық.

1. ҚР-ның туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков )

2. ҚР-ның елтаңбасының авторы? (Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уалиханов)

3. СҚО-ның әкімі (Серік Біләлов)

4. Ауданымыздың әкімі (У.Қайназаров)

5. 2011 жыл қандай атауға арналады? (ҚР-ның 20 жылдығына)

6. «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы»-20 жұлдызды күн шеңбері атты мерекелер қашан басталады? (26.11.-15.12.)

7. Сонның ішінде бүгінгі күн қалай аталады? («Менің Қазақстаным»)

8. Тарих пәні нені оқытады? (шежірені)



III. Қорытынды

Өнер ағып жатқан бұлақ,

Білім жанып тұрған шырақ - деп сабағымызды қорытындылайық.

1. Қазақстандағы көмір шығаратын қала?(Қарағанды)

2. Қазақстандағы алмалы қала?(Алматы)

3. Қазақстандағы «мыс шахары» атанған қала?(Жезқазған)

4.Қазақстандағы мұнайлы қала(Атырау)

5. Сыр бойындағы қала (Қызылорда)

6. Астығы мол қала (Қостанай)

7. Қазақстанның мақталы қаласы (Шымкент)

8. Қазақстанның астанасы (Астана)

9. Қазақстан Республикасының Елбасы (Н.Ә.Назарбаев)

Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз айтқан даналық «Тарихты білмей-өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» деген даналық сөзі орынды айтылған. Ендеше біз бүгін жалпы тарихқа шолу жасадық деп ойлаймын.

Көңілдеріңіз көтеріңкі, жүздеріңіз жайдарлы, білімдеріңіз тиянақты, нық болсын. Назарларыңызға рахмет!



Бағалау.Барлық оқушылар өз ойын анық жеткізгендігіне қарай, белсенділігіне қарай бағаланады.

Үйге тапсырма.

1. Қазақстан қоғамындағы саяси, экономика салаларында болған басты өзгерiстер жөнінде мәтінді оқып, эссе жазыңыз.


ПБК төрайымы: Ұ.О.Абзелова

Оқытушы: Ұ.О.Абзелова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет