Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!



Pdf көрінісі
бет164/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

БАЛА БОЙЫН БИЛЕЙТІН
ҚОРҚЫНЫШТАР
20


БАЛА
ТҰЛҒАСЫНЫҢ 
ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ 
НАРАЗЫЛЫҚ
ӘСЕРI
21
135


1 ЖАС ДАҒДАРЫСЫ
Нәрестелік кезең мен ерте балалық шақ арасындағы өт-
пелі кезең, әдетте, 1 жас дағдарысы деп аталады. Әрбір 
даму дағдарысы сынды бұл да дербестікке ұмтылумен, 
қарсы әрекетке аффективтік (қызба) әрекеттің (аффект 
– аса күшті қысқа мерзімді ашу-ызаға толы өтпелі сезім, 
мысалы, долылық, шаттық, қорқыныш және т.б.) пайда 
болуымен байланысты. Баланың аффективтік бұлқыны-
сы, әдетте, ересектер оның қалауын, сөздерін, ым-иша-
ратын түсінбегенде немесе түсініп, бірақ қалағанын істе-
мегенде орын алады. 1 жаста бала үй ішінде өз бетінше 
жүре бастайды, ол үшін тыйым салынған және қауіпті 
заттар қатары кеңейеді. Кезекті «болмайды» деп тыйым 
салынғанда кейбір балалар айғайлайды, жерге құлай 
кетеді, аяқ-қолымен еденді ұрғылайды. Көбінесе балада 
күшті аффективтік қызбалықтың пайда болуы отбасын-
дағы белгілі бір тәрбиелеу мәнеріне байланысты бола-
ды: шамадан тыс қысым жасап, тым болмаса болмашы 
дербестік көріністерін тұншықтыру, немесе ересектердің 
қоятын талаптарының бейберекеттігі, бүгін болады, 
ертең болмайды, әжесі жанында болса, ал әкесі жанында 
болса - мүлдем болмайды.
Б
аланың тұлға ретінде қалыптасуы отбасында бастала-
ды. Жанұяда бала алғаш рет өзін қоршаған болмыспен 
әрекеттесе бастайды, өзінің оған деген қарым-қаты-
насын құра бастайды. Бала қарым-қатынас жасайтын 
алғашқы адамдар – ата-анасы.
Көптеген ата-ана баласы кенеттен тамақ ішуден, киім 
киюден бас тартқан, дөрекілік танытқан, әлденені сатып 
алуды талап еткен немесе қандай да бір себепсіз аяқ 
астынан тұйық, ашушаң болып кеткен жағдайларға тап 
болады. Баланың мұндай күйі тез тарқап немесе 
біраз уақыт бойы сақталады. Мұның себеп-
тері неде және мұндай мінез-құлыққа қалай 
қарау керек? 
136


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет