PISA халықаралық зерттеуінің мақсаты – мектептің білім беру тиімділігін, 15 жастағы оқушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылықтарынан оқу жетістіктерін салыстырмалы бағалау арқылы анықтау.
Оқушының білімін қалыптастыруға бағытталған құзыреттілік түрлері :
1.Ақпараттық құзыреттілік: Өз бетінше табуға, талдауға, іріктеу жасауға, түсіндіруге және ақпаратты тасымалдауды, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
2.Коммуникативтік құзыреттілік: Нақты өмірлік жағдайларда өзінің міндеттерін шешу үшін ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға мүмкіндік береді.
3.Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі: Әр түрлі жағдайда проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға мүмкіндік туғызады.
2023-2024 оқу жылының 1 қыркүйегінде 4,9 сыныптар арасында PIRLS, PISA, TIMSS халықаралық зертеуіне дайындық жұмыстары жүргізілуде:
1. Оқушылардың тізімі құрастырылды.
2. Жұмыс жоспары жасалынды.
3. Пәндер бойынша дайындық жұмыс жүргізетін мұғалімдер анықталды.
Осы жоспар бойынша әр пән мұғалімдері жоспарларын құрып, дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Биылғы оқу жылында 9 сыныптар бойынша 4 сынып бекітілген.
9а сыныбы -26 оқушы.
9ә сыныбында -25 оқушы.
9б сыныбында -24 оқушы.
9 в сыныбында -25оқушы
Қосымша 5-8 сынып оқушыларында PISA халықаралық зертеуіне дайындаудамыз. Пән мұғалімдері әр сабақ сайын КМЖ сабақ жоспарларында қайталау және қорытынды бөлімдерінде PISA халықаралық зертеуіне логикалық сұрақтар мен тапсырмалар береді. Сабақ сайын интернет ресурстарымен жұмыс жасайды. Мысалы: Білім ланд сайтының ресурстары pisa тапсырмалары, testter.kz басқа да сайттармен жұмыс істеуде.
Сондықтан теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін білімінің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндейй, бала оны қолдана алатындай практикалық маңызы ескерілуі тиіс. Сондай-ақ оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті болып саналады.
Қорыта айтқанда, бақылау үзігі нәтижесін саралай келе, алдағы уақытта сапа көрсеткішін көтеру мақсатындағы жұмыс жалғасын таппақ.
Оқушылардың функцианалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі PISA бойынша мектепшілік жоспары, мақсаты:жеке тұлғаның функцианалды сауаттылығын қарқынды дамытуға орта құру.
Ғылыми -зерттеушілік қамтамасыз етуге байланысты.
«XXI» ғасыр мектебі: басқару проблемалары мен келешегі,семинарлар
Мектептегі әрбір педагог-қызметкерлердің кәсіби тұлғалық құзыреттілігін дамыту.
PISA мен TIMSS сауаттылықты зерттеу бағд-а оқушылардың табысты қатысуын ұйымдастыру.
Жасөспірімдердің өмірлік құндылықтарын дамыту.
Мектеп оқушыларының функцианалдық сауаттылығы
Оқу және жазу арқылы дамыта оқыту,сыни тұрғыда ойлау.
Ата-аналардың функцианалдық сауаттылығын дамыту.
Оқушыларға үйірмелердің жұмысына мониторинг жүргізу.
Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау
PISA семинарларына қатысу.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары И. Курманбаева