Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


БАЛА ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет172/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

БАЛА ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ 
НАРАЗЫЛЫҚ ӘСЕРІ
21


22
143
ЗЕЙІН 
ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ МЕН
ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК 
СИНДРОМЫ


i
ЗЖГС балалардың көпшілігінде кездеседі (әртүрлі
зерттеулердің мәліметтері бойынша аталмыш 
ауытқушылыққа балалардың шамамен 10% душар болады), әрі 
олардың әлеуметтік бейімделуіне көп кедергі жасайды. Бұл 
синдром қыз балаларға қарағанда, ұл балаларда 4-5 есе жиі 
кездесед
Шамадан тыс белсенділіктің алғашқы белгілерін ата-ана 
баланың кішкентай кезінен байқау ықтималдығы айтар-
лықтай жоғары. Әлбетте, күш-қуаты тасып, еліріп тұрған 
кез-келген баланы жүйке жүйесінде бұзылушылықтары 
немесе сырқаттары бар балалар санатына жатқызуға 
болмайды. Егер балалар кейде қыңыр мінез көрсетсе 
немесе тіл алмаса – бұл қалыпты жағдай. Анда-санда 
бала ұйықтайтын кезде, төсекке жатарда бой бермей 
құтырып кетсе, таң атпастан оянып алып, әлек салса 
немесе дүкенде қылжақтаса, бұл да қалыпты жағдайлар 
қатарына жатады. Алайда, баланың осындай күйін өз 
күшіңізбен тоқтата алмасаңыз, бала жөнсіз қозғыш, қыз-
ба және т.с.с. болса, маман көмегіне жүгіну қажет.
А
та-аналар көбінесе балаларының бір орында байыз 
тауып отыра алмайтынын, тым көп қимылдайтынын, 
әбігерге түсетінін, тыныш тұра алмайтынын, дауысын тым 
қатты шығарып сөйлейтінін, өзге балалар мен ересектер-
ге жиі кедергі жасайтынын байқайды. Ондай балалардың 
қимыл-қозғалысы ебедейсіз, үйлесімсіз, бұлшық еттерін 
қадағалауы әлсіз болады, сондықтан, олар қолына алған-
ның барлығын түсіріп, сындырып алады, жиі шалынып, 
құлайды. Мұндай балаға бір іске зейін қою өте қиын, 
көңілі тез бөлінеді, тым көп сұрақ қояды, бірақ жауабын 
күтпейді, басқа істерге кірісіп кетеді, бірақ оларды да тез 
тастап кетеді. Осының барлығы қысқа уақыт ішінде орын 
алады. Кейде баланың күш-қуаты бірнеше адамға же-
тетіндей болып көрінеді, сондықтан, осындай балаларды 
гипербелсенді, ал жалпы ауытқушылықты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет