Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


— ЗЕЙІН ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ МЕН



Pdf көрінісі
бет173/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

— ЗЕЙІН
ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ МЕН
ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК
СИНДРОМЫ
(ЗЖГС)
ДЕП АТАЙДЫ.
144
ЗЕЙІН ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ МЕН
ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК СИНДРОМЫ
22


АТА-АНА ҚАНДАЙ БЕЛГІЛЕРГЕ БАСА 
НАЗАР АУДАРУЫ ҚАЖЕТ 
Аталмыш синдромның бастапқы белгілерін кейде бала 
дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы жылы байқауға бо-
лады. Ондай балалар әртүрлі тітіркендіргіштерге (мыса-
лы, жасанды жарыққа, дыбыстарға, анасының нәрестеге 
күтім көрсетуімен байланысты әрекеттеріне және т.с.с.) 
шамадан тыс сезімтал болады; қатты айғайлап
жылауымен, ұйқысының бұзылуымен ерекшеленеді 
(әрең ұйықтайды, аз ұйықтайды, шамадан тыс көп уақыт 
бойы ояу болады); қимыл-қозғалыстарының дамуы (ау-
дарылуды, еңбектеуді, жүруді басқа балалардан 1-2 айға 
кеш бастайды), сонымен қатар, тілінің шығуы (селқос, 
енжар, сезімдерге беріле бермейді) біраз кешеуілдеуі 
мүмкін.
Бала өмірінің алғашқы жылы ата-анасын мазалайтын 
басты белгі – сәбидің шамадан тыс көп қимылдауы, 
қимыл-қозғалыстарының бейберекетсіздігі (дамыл-
сыз қимыл-әрекеттер). Осындай балаларды бақылау 
барысында дәрігерлер олардың тілі біраз кеш шығаты-
нын байқайды (балақайлар өз ойын сөйлемшелермен 
жеткізуді кешірек бастайды); балаларда қимыл-қозға-
лыс ебедейсіздігі (епсіздік), күрделі қимылдарды (секіру 
және т.с.с.) кешірек меңгеру байқалады.
Қалыпты даму барысында үш (3) жас кезеңі бала үшін 
ерекше болады: бір жағынан бұл кезеңде зейін мен есте 
сақтау қабілеті қарқынды дамиды, ал екінші жағынан 
алғашқы даму дағдарысы байқалады. Бұл кезеңдегі 
басты қиындықтар: дербестік пен белсенділік артуымен 
қоса негативизм (теріске шығарушылық), қыңырлық мен 
қырсықтық та арта түседі. Бала өз-өзіне тұлға ретінде 
ықпал ету шекарасын белсенді қорғайды, өзіндік «Мен» 
атты рөлі бөлініп шығады.
Сондықтан, көбінесе 3-4 жаста ата-ана оның мі-
нез-құлқын қалыпты деп санап, дәрігер көмегіне 
жүгінбейді, тек тәрбиешілер баланың тәрбиеге көнбей-
тініне, шамадан тыс қозғалатынына, сабақта бір орында 
отыра алмайтынына және тапсырмаларды орындай 
алмайтынына шағымдана бастағанда ата-ана үшін күт-
пеген жайсыз жаңалық болады. Барлық осы «күтпеген» 
мінез-құлық қырлары гипербелсенді баланың жүйке 
жүйесіне физикалық және психикалық күш түсіп, жаңа 
талаптар қойылғанын көтере алмауымен түсінідіріледі.
145


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет