ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ?
Баланың дербестікке ұмтылысын қолпаштау, баста-
машылдығына қолдау көрсету қажет. Атқарған әрбір ісі
үшін (еден жуса, ойнап болғаннан кейін ойыншықтарын
немесе ыдыс жуса, т.с.с.) – егер тіпті сізге артынан қайта
жасау, қайта жуу қажет болса да - міндетті түрде мақтап
отыру керек!
Егер ұл бала шеге қаққысы келіп, қолына балға алса –
ниеті үшін мақтау айтып, міндетті түрде шеге қағатын
орын тауып беріңіз. Шегені жаңа жиһазыңызға қағып
тастағанша күтпеңіз! Тіпті үлгермей қалған жағдайда,
тоқтаңыз, бір сәтке ойланыңызшы, балаға дауыс көтеру-
дің қажеті бар ма?! Жиһаз мәңгілік емес, ал бала үшін,
сізбен салыстырғанда, ол жиһаздың ешбір құндылығы
жоқ. Бала үшін басты құндылық – сіз және сіздің махаб-
батыңыз, тіпті сізбен дауласса да!
7. Құнсыздану.
Бала үшін бұрын үйреншікті, қызықты, қымбат болғанның
барлығы құнынан айырылады. 3 жасар бала балағат сөз
айта бастауы мүмкін (бұрынғы мінез-құлық ережелері
құнсызданады), уақытылы ұсынылмаған сүйікті ойын-
шығын лақтырып жіберуі немесе сындырып тастауы
мүмкін және т.с.с.
7 ЖАС ДАҒДАРЫСЫ
Бала қашан мектепке барғанына қарамастан, 6 немесе
7 жаста, ол даму-жетілу барысында кезекті дағдарысты
басынан кешіреді. Бала қоғамдық қарым-қатынастар
әлеміндегі өз орнын түсіне бастайды. Ол өзі үшін жаңа
әлеуметтік орынның – ересектер жоғары бағалайтын
оқу жұмысын атқаруға қатысты оқушы орнының мәнін
ашады. Құндылықтарды қайта бағалау орын алады. Оқуға
қатыстының барлығы (бірінші кезекте, бағалар) құнды
бола түседі, ал ойынға байланысты-
лардың маңызы төмендейді. Бала
мінез-құлқында балалыққа тән
қасиеттерін жоғалта бастайды.
139
Достарыңызбен бөлісу: