ҰСТАМДЫЛЫҚТЫ ЖАТТЫҚТЫРУ
– ҚЫЗБАЛЫҚТЫ БАСҚАРУ
«Адалдық күші».
Әр топ мүшесі кезек-кезек, шамасы келгенше, бірақ «адал»,
яғни, еденге кеудесін толығымен тигізіп, еденнен қолын
толығымен жазып тұру арқылы еденге тартылу жаттығуын
жасауы тиіс. «Адал» орындай алмаса, ойыншыны топтағы
серіктестерінің бірі алмастырады, ал шыққан ойыншы кезектің
соңына барып тұрады. Жаттығуды 100 рет «адал» жасаған топ
жеңімпаз атанады. Жаттығу түрін қажетінше өзгертуге болады.
«Жеуге жарамды-жарамсыз», «Қараны ақпен киюге болмай-
ды», «ИӘ және ЖОҚ деуге болмайды» және осыларға ұқсас
басқа да, қызбалыққа бой алдырмау үшін өзін-өзі басқаруды
талап ететін ойындар.
«Үнсіз сөйле».
Ойын шарттары бойынша балаларға бір-бірімен сөйлесу
рұқсат етілгенде өз ойын тек үнсіз ғана білдіруге болады.
Сөйлеп қойған ойыншыға айыппұл салынады немесе бүкіл топ
жазаланады.
Достарыңызбен бөлісу: