«Ырғақты жалғастыр». Әр қатысушы көрсетілген ырғақты үздіксіз орындауға қатыса-
ды, орындау барысында шеңбер бойында тұрған көршісінен
кейін бір рет қол шапалақтауға ғана құқылы. Шапалақ соғып
үлгермеген, кідіріс уақытын сақтамаған немесе артық қол
шапалақтаған ойыншы ойыннан шығады.
«Шыңға өрмелеушілер». Қатысушылар бос қабырғаның бойымен, оған тек үшін дене
мүшесімен кезек-кезек сүйеніп өтуіне болады. Бір мезет-
те екі бірдей дене мүшесін қабырғадан ажыратқан немесе
жылжытқан ойыншы «құзға құлаған» болып есептеліп, сөреге
қайтып оралады. Толық құраммен қабырғаның екінші жағына
бірінші болып жеткен топ жеңімпаз атанады.
154