Бала үшін тағы бір қауіп көзі болып үй жануарлары, көшедегі
«бөтен» ғана емес, үйде тұратын «өз» жануарлар да табыла-
ды. Баланы ешқашан итпен, тіпті ол ешқашан балаға қатысты
дұшпандық ниет көрсетпесе де, жалғыз қалмауы тиіс. Ит тамақ
ішіп жатқанда, сүйек кеміріп жатқанда немесе ұйықтап жатқан-
да баланың оған жақындауына жол бермеңіз. Бөбекке бетін
жануарға жақындатуға рұқсат бермеңіз, себебі, бетінен тістеу
аса қауіпті. Балаға жануарды зәбірлеуге, оны құлағынан немесе
құйрығынан тартуға тыйым салыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: