Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


үстіне құлауы мүмкін «қауіпсіздік деңгейлеріне» назар ауда-



Pdf көрінісі
бет56/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

үстіне құлауы мүмкін «қауіпсіздік деңгейлеріне» назар ауда-
рыңыз.
Ата-аналарға арналған кеңес: төрт аяқтап тұрып, осы 
деңгейден (бұл бірінші қауіпсіздік деңгейі болады) 
бүкіл пәтерді «жат ғаламшарлық көзімен» - заттардың 
қолданыс мақсатын білмейтін тіршілік иесінің көзімен 
мұқият зерттеп шығыңыз. Зерттеу барысында есіңізге 
салып тұрыңыз, сіз үшін түсінікті заттар балаларыңыз 
үшін мүлдем бейтаныс және түсініксіз. Егер қандай да 
бір жерде тіпті болмашы қауіп болса, - оны бейтараптан-
дыруға тырысыңыз.
43
КІШКЕНТАЙ БҮЛДІРШІН
ҚАУІПСІЗДІГІ 
6


Ұсақ үшкір заттарды (жапсырма шегелер, қағаз қыстырғыштар, 
инелер, сүйектер, сіріңке, әйнек немесе пластмасса сынықтары) 
тек тыныс алғанда ғана емес, жұтқан кезде де қауіп төндіреді 
– оларды шығару хирургиялық ота жасауды талап етуі мүмкін. 
Балаларыңыз есейгенше, еденде қандай да бір ұсақ заттар 
болмауын аса мұқият қадағалаңыз.
Бала үшін полиэтилен пакеттер, үлдірлер (бала қапты басына 
киіп, тұншығып қалуы мүмкін) және жіптер (мойнына оратылып 
қалу қаупі) үлкен қауіп тудыруы мүмкін. Төсектің жанында және 
бала ойнайтын жерлердегі перделерді баулар, таспалар, жіңіш-
ке ұзын жолақтар және т.б. болмауы тиіс.
Қауіпті химиялық заттектерді (күйдіргіш сода, қышқылдар, 
сірке су эссенциясы) және дәрі-дәрмектерді сақтауға айрықша 
көңіл бөлген жөн. Есіңізге салғымыз келеді, ересек адам үшін 
қауіпсіз, мүлдем «залалсыз» бір түйір дәріні бала қабылдаса, 
ауыр салдарға және тіпті өлімге әкеп соғуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет