ТЫҢДАРМАН
Балаға сылдырмақ және басқа да шуыл шығаратын ойын-
дар ұнайды.
Өлең, ән, қуыршақ қойылымдарын сүйсіне
тамашалайды.
Әңгіме-дүкенге құлақ түреді.
Ойыншықтарымен
ойнап отырғанда
былдырлап сөйлейді.
ІСКЕР
Өзін жоғары қарай лақтырып,
қытықтағанды ұнатады.
Тербеткенді, қолға ұстағанды
жақсы көреді.
Жиі төсегін ұрғыштайды.
Бесік арбамен жүргенді, велоси-
педке
отырғызып қыдыртқанды
жаны сүйеді.
ТЫҢДАРМАН
Отыруды кеш үйренді, бірақ көп былдырлады.
Қимыл-қозғалыс жасағаннан гөрі дыбыстар шығарғанды
көбірек ұнатады.
Шулы ойындарды қалайды.
Ойыншықтарды көбінесе дыбыс шығару үшін
пайдалана-
ды.
ІСКЕР
6 ай болмай жатып, өз бетінше отыруды үйренді.
8
айға таяғанда еңбектей бастады, бір жас шамасында
жүре бастады.
Өте белсенді.
10 айлығында ойыншықтарды домалатып ойнауды ұнатты.
Достарыңызбен бөлісу: