Зейін мен есте сақтау қабілетін дамытатын ойындар ойна-
тыңыз;
Ұсақ моториканы дамытыңыз, себебі, оның дамуы кішкентай
баланың тілінің қалыптасу үдерісімен айрықша тығыз байла-
нысты. Келесі жаттығуларды байқап көруге болады:
Кішкене зырылдауықтарды жүргізу.
Саусақпен пластилин, саз-балшық илеу.
Гуашьпен саусақ көмегімен сурет салу.
Әр
саусақпен кезек-кезек ұсақ тас, моншақ, шар домалату.
Жұдырықты жұму және ашу, бұл ойында жұдырықты гүл
қауызы деп елестетуге болады (таңертең оянып, ашылды,
ал
кешке ұйықтап, жабылды, тығылды).
Ересек адам саусағын кіргізе алатын жұмсақ жұдырық
жасау және ашылмайтын қатты жұдырық жасау.
Үстел үстінде қос саусақтап (сұқ және ортаңғы саусақтар)
«жүру», алдымен баяу, әлдене
жасырынып келе жатқан-
дай, ал содан соң, жылдам, жүгіріп келе жатқандай жүру.
Жаттығу алдымен оң, ал сосын сол қолмен жасалады.
Тек бір саусақты көрсету – сұқ саусақ, сосын екі (сұқ және
ортаңғы саусақтар), кейін үш, төрт, бес саусақ көрсету.
Бір саусақты бөлек көрсету – бас бармақ.
Қос қолдың бүкіл саусақтармен үстел бетін даңғырлату.
Қол білегінен «шам» (фонарь) жасау.
Біресе бәсең, біресе қатты, әртүрлі
қарқынмен қол шапа-
лақтау.
Барлық саусақтарды бір шымшымға жинау (саусақтар
бірге жиналды – қашты).
Жіпке ірі түйме, кішкентай шарлар, моншақтар өткізу.
Қалың жіпке, бауға түйін байлау.
Түймелерді түймелеу, ілгектерді ілу, сыдырмаларды сыды-
ру, қақпақтарды бұрау, механикалық ойыншықтарды қосу.
Бұрандалар бұрау.
Құрастырғыштармен, мозаикамен, текшелермен ойнау.
Ендірмелермен ойнау.
«Матрешка» ойыншығын бір-біріне салу, бір-бірінен
шығару.
Құммен, сумен ойнау.
Қолмен
поролон шарларды, ысқыштарды мыжу.
Әртүрлі құралдармен сурет салу, сызықпен түрлеу (қа-
ламмен, қарындашпен, бормен, түрлі-түсті бормен, акварь,
гуашь бояуларымен және т.б.).
Қайшымен кесу.
Достарыңызбен бөлісу: