Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!



Pdf көрінісі
бет134/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

ҰСАҚ МОТОРИКАНЫ ДАМЫТУ
16


4. 
Ендірмелер. Кішірек балаларға ойылған саңылаулар және 
соларға дәл келетін ендірмелері бар жазықтықтық «мо-
заикалар» жарайды, ал 2-3 жастан бастап балаға әртүрлі 
геометриялық пішіндегі ірі көлемді мүсіндерді қорап 
ішіне арнайы саңылау арқылы тастап ойнаған қызықты 
болады.
6. 
Саусақтарға арналған жаттығу. Балаларға ырғақты 
тақпақтармен («Санамақ» есіңізде ме?) ілестіре отырып 
жасаған осындай жаттығу қызықты болады. Саусақтарға 
арналған ойындар үшін көптеген қызықты тақпақтарды 
«Играем пальчиками и развиваем речь», авторы В.В. 
Цвынтарный, «Развивающие игры с малышами до трех 
лет», құрастырушысы Т.В.Галанова, кітаптарынан табуға 
болады.
Үлкенірек балаларға жүріп және жүгіріп бара жатқан 
адамдарды (үстелдің үстінде сұқ және ортаңғы саусақтар-
мен тыпырлатыр жүріңіз) және пілдерді (үстелдің бетіне 
барлық 5 саусақты қосып, ортаңғы саусағыңызды пілдің 
тұмсығы ретінде көтеріңіз) бейнелеген ұнайтын болады; 
үстелдің үстін саусақпен даңғырлатып, ат тұяқтары-
ның дүбірін келтіруді үйретіңіз, музыкалық аспаптарда 
ойнауды келтіріңіз. Біресе сол қолмен, біресе оң қолмен, 
артынша қос қолмен ойнаңыз. 
Баладан сіздің саусақтарыңызбен жасайтын әрекеттерді 
қайталауын сұраңыз: бас бармақты кезек-кезекпен 
сұқ, ортаңғы және т.б. саусақтармен қосыңыз, керісінше 
тәртіпте қайталаңыз. Бір-біріңізге қарама-қарсы отырып, 
алақандарыңызды үстелге қойыңыздар. Кезек-кезекпен 
бір саусағыңызды көтеріп, үстел бетінен 1-2-3 рет 
қағыңыз; бала оны көріп, қайталайды.
5. 
Бұрау. Балаңызға аузы бұралатын қажетсіз құтылар сый-
лаңыз, әзілдеп жарыс ұйымдастырыңыз: кім бірінші аузын 
бұрап ашар екен (балаға озып кетуге мүмкіндік беріңіз). 
Гуашь толтырылған құтылардың аузын бұрап ашуға және 
жабуға рұқсат етіңіз.
112


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет