Сонымен қатар, балалар
психиатры және психотерапев-
тері арасында сөзсіз биік беделге ие балалар психоса-
рапшысы Д.Винникоттың сөзін келтіруге болады: «Кейде
аналарды олардың барлық әрекеттері зор мағынаға ие
деген ой
мазалайды, мұндай жағдайда оларға ештеңе
айтпаған жөн, әйтпесе, олар өз әрекеттері туралы ойла-
нып-толғанып, оларды нашар орындайтын болады.
Аналыққа үйрену мүмкін емес, ал
алаңдау өте қара-
пайым, физикалық деңгейдегі қасиет – махаббатты
алмастыра алмайды. Онда сонша еңбектеніп, осы
мәселелерді талқылаудың не қажеті бар? Менің кәміл
сенетінім: біреу осы
салада еңбектенуі тиіс, себебі, ең-
бектенбесе, біз ең бастапқы даму сатысындағы ана мен
абала арасындағы қарым-қатынас қаншалықты маңыз-
ды екенін ұмытып кетеміз. Ұмытып, ойланбастан киліге
беретін боламыз, ал бұл дұрыс емес.
Бенджамин Споктың «Бала және бала күтімі»
атты кітабы
баршаға таныс, көптеген аналар балаларын «Спок бойынша»
тәрбиелеген заман да болды. Ал қазір сол кітапта баяндалған
көптеген ережелер дауға қалып, теріске шығарылып жатыр.
Мәселенки, баланы кестемен тамақтандыру қажет деген
ереже
«баланы қалағанда тамақтандыру қажет» деген ережеге,
«қосымша тамақ қосу қажет» деген «тек қана емізу қажет және
мейлінше ұзағырақ емізу қажет» ережесіне, «қолға үйретпеу
керек» деген «жиі-жиі қолға алып тұру керек»
ережесіне
алмастырылып жатыр. Ақиқат, әр кездегідей, орта тұсында.
Спок кітабындағы бір ережені ғана теріске шығаруға болады:
«Қамқор ана баласына не қажет екенін өзі біледі».
164
Достарыңызбен бөлісу: