2. Ашу-ыза үшін
жауапкершілік өзіне артылады, ашу
және өзін-өзі сынап-мінеу, айыптау түрінде жаза-
лау әрекеттері өз-өзіне бағытталады. Бұл
баланың
кінә сезімін бастан кешіруі, жазалануды күтуі,
басын төмен салбыратуы, «солғын моторика», «Мен
кінәлімін. Бәрі менің кесірімнен болды» деген сөз-
дер түрінде көрініс береді.
3. Ашу-ыза тұншықтырылады. Бұл тәсіл
ашу-ыза
тудыратын қақтығысты жағдайды құндылығынан
айыруды білдіреді. Мысалы, бала құлап, соғылып
қалып, «Ал менің еш жерім ауырған жоқ», «Ештеңе
етпейді, жазылып кетеді» дейді;
ойыншығын басқа
бала тартып алғанда: «Ал менің басқа ойыншығым
бар» дейді, басқа балалар
ойынына қабылдамаған-
да: «Ал мен басқа ойын ойнаймын» дейді.
Жоғарыда сипатталған ашу-ызаны жеңу тәсіл-
дерінің әрқайсысы тек
белгілі бір жағдайларда
ғана орынды бола алады. Ата-ананың міндеті ба-
лаға
кейде басқалар, кейде өзі кінәлі болатынын,
ал кейде бала сезімдерін дабырайтып жіберетінін
түсінуге көмектесуінде жатыр.
Сол кезде бала өз
ашуын немесе ызасын сындар-
лы арнаға бұруға мүмкіндік алады және кейінгі
өмірінде өз ашу-ызасын тиісінше
реттеуге септе-
сетін құралдарды иеленді.
160
Достарыңызбен бөлісу: