ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ ОЙЫНДАР
Серуендеп жүргенде балаға өз тәжірибесінен белгілі, жолда
кездескеннің барлығы туралы айтып отырыңыз. Әңгімеңізге бар
ықыласыңызды
және махаббатыңызды салыңыз, тіпті болмашы
заттар туралы
айтқанда да таңданысыңызды, қуанышыңызды
көрсетіңіз.
Баланы саябақтағы. ормандағы әртүрлі табиғат нысандарымен
таныстырыңыз. Ағаштардың, гүлдердің жанына апарыңыз. Бақы-
лау нысанын баланың өзіне таңдатыңыз.
Өз әрекетіңізбен мысал болып табиғатқа қалай ұқыпты қарау
керек екенін көрсетіңіз:
баланың қолымен гүлді сипап тұрып: «Әдемі гүл, нәзік,
кішкентай» деңіз;
балаға бірнеше
ағаш жапырақтарын ұсыныңыз, оларды
сындырып алмау үшін абайлап ұстаңыз.
Дамытатын табиғатпен сырласу дәрістерін өткізіңіз:
балаңызды көтеріп, ағашқа жақындатыңыз, ағаштағы
жапырақтар
қалай өсетінін көрсетіңіз;
үйге келгенде, баламен бірге жапырақтарды және гүлдерді
құмыраға
салыңыздар, қалған басқа заттарды қорапқа са-
лып қойыңыздар. Оларды баламен ойнағанда қолданыңыз.
i
Достарыңызбен бөлісу: