7. Түнде оянбауына жағдай жасау. Балалардың
көпшілігі 6 айдан кейін түні бойы ұйықтайды. Алты
айдан
асқан соң, түнде емізуді, емізік беруді, су
ішкізуді қою керек. Тіпті ұйқыдағы бала бір-екі
реттен соң, қалыпты
мінез-құлық ережелеріне
дағдылануға қабілетті. Егер оянып кеткенде анасы
баласын
қолына немесе төсегіне алса, онда бала-
ның кейін түні бойы ұйықтауы екіталай.
8. Бала оянып кеткенде түнде оның төсегіне барып,
қолға алмаған абзал. Есіңізде болсын, балақайды
алыстан, жұмсақ дауыспен, бесік жырымен «тер-
бетіп ұйықтатуға» болады.
9. Баланы төсекке
жатқызарда мейлінше жайлы
жағдай жасалуы тиіс, шу мен дыбыс деңгейі
барынша аз, температура қалыпты болғаны жөн.
Баланың
қосылып тұрған теледидар, радион және
т.б. жанында ұйықтауына болмайды.
62
Достарыңызбен бөлісу: