Жалпы бөлім 7 бөлім, 1- 98-2 баптан тұрады.
Ерекше бөлім 18 тарау, 99- 467 баптан тұрады (Қорытынды ережелерде тек 467 бап).
6. ҚР Қылмыстық процестік кодексі 2019 ж.
Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негiзделген Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарында, Қылмыстық-процестік кодексiнде айқындалады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн реттейтiн өзге де заңдардың ережелерi осы Кодекске енгiзiлуге жатады. (1 баптың 1тармағынан)
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ.
Кодекс 73 тарау, 674 баптан тұрады.
7. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі. 2019 ж.
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы осы Кодекстен тұрады.
Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына негiзделедi. (1 баптың 1, 2 тармағынан)
ҚР 05.07.2014 № 235-V Кодексімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі)
Кодекс 5 бөлім, 53 тарау, 920 баптан тұрады.
8. ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім). 2019 ж.
ҚР Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім).2019ж.
Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар реттеледi. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер болып табылады. (1 баптың 1 тармағынан)
Қазақстан Республикасының Кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII.
24 тарау, 405 баптан тұрады.
9. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі.
Осы Кодекс неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды, отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі. Кодекс 33 тарау, 283 баптан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |