Жасыл экономика ауқатты болашаққа апарар жол


Шетел тәжірибесі не дейді?



бет2/2
Дата28.01.2018
өлшемі0,57 Mb.
#34850
1   2

Шетел тәжірибесі не дейді?

Жалпы алғанда, осы бетбұрыс біздің елге қай жағынан және қалай пайда әкелетінін білу үшін, әрине, шетел тәжірибесіне үңіле көз жіберу маңызды. Бұл мәселеде түптеп келгенде ұтылудан ұту­дың көп екендігін алғаш болып Оңтүстік Корея дәлелдеді десек, артық айтқандық болмас. Бұл елде 2011 жылдан бері экономиканың «жасыл» секторын дамытуға 60 миллиард АҚШ долларын бағыттау жоспарланған болатын, осы ретте 1,8 млн. жұмыс орны ашылды. Оңтүстік Корея бүгіннің өзінде жыл сайын «жасыл» секторға ІЖӨ-нің 2%-ын инвестициялайды. Ұлттық стратегия шеңберінде жасыл өсім тұжырымдамасын алға қойып отырған елде негізінен үш элементке басты назар аударылады. Олар: өнеркәсіп, инвестиция және энергетика, сонымен қатар, тұщы судың баламалы көздеріне, қалдықтарды өңдейтін технологиялар мен парктердің дамуына мән береді. Ал АҚШ-та «жасыл» экономиканы дамытудың басты бағыты ретінде баламалы энергетиканы дамыту жолға қойылған. Кез келген әлемнің неғұрлым дамыған елдері «жасыл» экономика қағидаттарын ұстанады. Атап айтсақ, Моңғолия, Қытай сияқты елдер де басшылары жария ет­кен өршіл «жа­сыл экономика» жоспарларын жүзеге асыруда. Мысалы, Бразилияда топырақты күтіп ұстаудың, ауылшаруашылық өнімдерін жинаудың және жеткізу тізбегін басқарудың жетіл­дірілген жүйесі есебінен ауылшаруашылық жерлерін қалпына келтіру жүргізілді. Немістің Дортмунд қаласы кө­мір индустриясы орталығынан «Үшінші индустриялық төңкеріс» инфрақұрылымы бар жаңа «жасыл» сектор орталығына айналды.





Қазақстандағы «жасыл» экономиканы дамыту тұжырымдамасы

2012 жылы Өткізілген «РИО + 20» Саммитінен кейін қазақстандық қоғамның күші «жасыл» экономикаға ауысу бойынша стратегияны іске асыруға бағытталған. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жасыл» экономикаға ауысу бойынша тұжырымдама әзірленді. Тұжырымдамада бірінші кезекте басты түрде экономиканың белгілі бір салаларын реформалауға бағытталған басым міндеттер тізбесі ұсынылды.



Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер:

  • ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін көтеру;

  • қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу;

  • қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын көтеру;

  • ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін көтеру болып табылады

Тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңде жоспарланады:

  • бірінші кезең - 2013–2020 жж. – қорларды пайдалануды оңтайландыру және табиғат пайдалану қызметінің тиімділігі арттыру, сондай-ақ, «жасыл» инфрақұрылымды құру;

  • екінші кезең - 2020–2030 жж. – табиғи қорларды тиімді пайдалану, жоғары технологиялар базасында жаңартылатын энергетиканы енгізу;

  • үшінші кезең - 2030–2050 жж. – олардың жаңартылуы жағдайында негізіне табиғи қорларды пайдалану қойылған, ұлттық экономиканың «үшінші өнеркәсіптік революция» қағидаттарына ауысуы.

Жобаны іске асыру бағыттарына келетін болсақ, жоспар ашық түрде айқындалды.

Бірінші бағыт - жаңартылатын энергия көздерін енгізу.

Пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, газ – бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде сыныпталады, бірақ тіпті олардың өзі уақыты келгенде сарқылады, демек өмір үшін жаңа ресурстар табу қажет. Бұл ретте Қазақстаннның жақсы экожүйеге, жер қыртысына және орманға ие болуы айғағы басқа елдер алдындағы өзінің ұстанымын айтарлықтай арттырады.





Екінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі.

Қалалық тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі уақытта салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу изоляциялық құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталған, ол маңызды жылу шығындарына алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жылумен қамтамасыз ету аспаптарының жұмысының істен шығуы саласындағы іс-шараларды жүзеге асыратын энергия сервистік компаниялары әрекет етеді.



Үшінші бағыт – ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы

Бірінші кезекте бағыттың аталмыш түрі әр түрлі азық қоспаларынан, синтетикалық тыңайту өнімдерінен (пестицидтерден) бас тартуды қарастырады. Дақылдық өсімдіктердің шығымдылығын, өсуін қамтамасыз ету үшін органикалық тыңайтқыштарды пайдалану туралы сөз болып отыр. Ауыл шаруашылығын «көгалдандыру» табиғи қорларға зиян келтірместен, халыққа азық-түлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан мынадай бағыттар бойынша әрекет етуді жоспарлайды:



  • жердің құнарлылығын басқару;

  • суды тиімді пайдалану;

  • өсімдіктер және жануарлар денсаулығын басқару;

  • фермаларды механикаландыру.

Төртінші бағыт – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру

Қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болды. Лас көшелер, үйінділер және қандай да бір болып жатқанға бақылаудың жоқтығын жиі кездестіресіз. . Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылған. Осылайша, мысалы қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді қайта өңдеу және балама отынды алу технологиясы Алматыда іске асырылуда.



Бесінші бағыт – су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру

Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің шешуші табиғи құрылымы болып қала береді. Осыған байланысты су қорларын тиімді пайдалану орасан ауқымға ие болатын мәселе болып қала береді.



Алтыншы бағыт – «таза» көлікті дамыту

Қазақстандағы тасымалдардың көпшілігі дизелде/бензинде жүргізіледі. Қазіргі уақытта тасымалдардың басым бөлігі бензин (дизель) негізінде жүзеге асырылады. Бірінші кезекте бұл парник газдарының жоғары шығарындыларына жағдай жасайды.



Жетінші бағыт – экожүйелерді сақтау және тиімді басқару

Осы бағыттағы қызмет басты түрде біздің елдің бірегей табиғат байлығын сақтауға бағытталған.

Есептеу бойынша 2050 жылға қарай «жасыл экономикасы» аясында түрлену ЖІӨ-ді қосымша үш пайызға арттырып, 500 мыңнан астам жұмыс орнын құруға, өнеркәсіптің жаңа салаларын қалыптастырау, халыққа барлық жерде мір сапасының жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.












Сабақтың тақырыбы: Ең ақылды оқушы.



Мақсаты:

1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.

2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.

3. Тапқырлыққа, ұтқырлыққа баулып тәрбиелеу.Жылдамдық пен алғырлыққа үйрету.



Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация.

Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс

 

Ойын барысы:



І. Ұйымдастыру.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Ойынға 9 оқушы  қатысады. Ойын V айналымнан тұрады.



1.Ұшқыр ой

2.Құпия сандық

3.Ойлан тап

4.Айшықты сөздер

5.Білгенге маржан

 

Ойын ережесімен таныстыру.

Ойынды бастамас бұрын, әр оқушы өзін таныстырып кетсін.Болашақтағы  ұстанымын, өзіне ұнайтын, сүйіп оқитын пәндерін айтып кетсін.

Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.

І -айналым «Ұшқыр ой»

Әр оқушыға  ғылым салалары бойынша  сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр оқушы ұяшықтарды таңдай отырып, сұрақтарға жауап береді және әр жауапқа  2 ұпайдан алады.

 

ІІ айналым «Құпия сандық»

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр оқушыға кезекпен жасырылады.Әр жауапқа 2 ұпайдан қойылады.Егер қазақшасын немесе орысшасын ғана айтатын болса 1 ұпай беріледі.

Осы айналымнан кейін 3 оқушымен қоштасамыз

 

1-о: Қолы менен қаламы жоқ,



        Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)

 

2-о: Қоймасын қыс ақтарып,



Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)

 

3-о: Бірін-бірі қоштаған,



Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)

 

4-о: Жұқа тақтай бөлшегі,



Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)

 

5-о: Қалқиып екі құлағы,



Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

 

6-о: Жолбарыстан аумайды,



Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)

 

7-о: Жеп көріп ем өзім мен,



Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)

 

8-о: Бұлаңдаған құйрығы,



Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)

 

9-о: Әттең, даусым, тілім жоқ,



       Құшағымда білім көп. (кітап – книга)

 

1-о:Суға батпайды, отқа жанбайды,



      Айнымайды шыныдан, қорғады тек жылыдан.     (мұз-лед)

 

2-о: Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады.             (күн-солнце)



 

3-о: Тігіп алып көк шатыр,

      Қызыл күрең доп жатыр.                    (қызылша-свекла)

 

4-о: 1 санға  өсірді.



       Өзі  қалып  орнында,

       Бізді  алға  көшірді.                              (сынып-класс)

 

5-о: Сақталады алты  ай жаз,



        Сандығымда  сары  аяз.                     (тоңазытқыш-холодилник)

 

6-о: Екі аяқпен  кезек-кезек тебеді,



        Зыр  жүгіре  береді

        Ол  тынымсыз  домалап                       .(доп-мяч)

 

 7-о:  Ағайынды  бес  туыс



         Жамылатын  тоны  бар.

             Бесеуінде  бес  қуыс,

             Сырттан  кірер жолы  бар.               (қолғап-перчатки)

 

8-о:Бір  қораға  қамалғандар,



      Жану  үшін  жаралғандар.                    (сіріңке-спички)

 

9-о:Қара ала тоны бар,



Аңдардың ол ұзыны,

Оны сенде танып ал                                          (керік-жираф)



ІІІ айналым «Ойлан, тап»

Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр оқушыға  1 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу қажет.Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан .Егер шығарманы тауып, авторын таба алмаса 1 ұпай береміз.

 

1.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,



Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

(«Қыс». А.Құнанбаев)

 

 



2. Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)

 

3. «Құлыным, Қайрошым... Қайда жоғалып кеттің...-деп, әлсіз ғана шыққан дауыс естіледі.Осы төрт-бес сөз өзің ес білгелі ана дегенді танытатын қандай мейірім, қандай сезім болса, соның бәрін бір-ақ көшіріп әкеп, ып-ыстық етіп жүрегіме  құйып жібергендей болды.»  



(«Ана құшағында»  Ғабит Мүсірепов)

 

4.Кейде күнмен теңесем,



Таласып күнмен мен өсем,

Гүл теремін жерімнен,

Бірге туған елімнен

Өсіп келе жатырмын.!         («Өсіп келе жатырмын»    Төлеген Айбергенов)

 

5. «Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты.Жұрт асырауға көнеді десті.Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойып алды. Ертеңді-кеш  айналасынан шықпайды.Өзіне жеке асқұйғыш-итаяқ әзір болды.»                



( «Көксерек»   М.Әуезов)

 

6. «Кадет корпусында оқитын балалар да түс ауа осы Ертіс бойына келеді.Омбы қаласына келіп, оқуға түскен кішкентай Шоқан қаланың қамау көше, тар үйлерін тосырқап, көпке дейін үйрене алмай жүрді.»



(«Қырдың жас түлегі»   Сапарғали Бегалин)

Мұғалім:

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім

Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,

 

IV айналымды бастаймыз «Айшықты сөздер»

Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр оқушыға 2  сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек.  Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан қойылады. Осы айналымнан кейін тағыда  ұпай саны аз 3 оқушымен қоштасамыз.

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)

2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)

 

1. Қой аузынан шөп алмас (жуас)



2. Қабағынан қар жауды (ашуланды)

 

1. Бетінен оты шықты (ұялу)



2. Ит өлген жер (алыс)

 

1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)



2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)

 

1.Таяқ тастам  жер (жақын)



2.Жүрегі тас төбесіне шықты      (қорықты

 

1.Қас пен көздің арасында        (тез, жылдам, лезде)



2.Ат құлағында ойнайды       (шабандоз)

 

Ойынымыздың соңғы айналымы «Білгенге маржан» деп аталады



Бұл айналымда 3 пән беріледі.Оқушылар сол пәндердің біреуін таңдап сұрақтарға жауап береді.

1. Мен бір сан ойладым, оған 30-ды қосқанда 80 шықты. Мен қандай сан ойладым?(50)

2. 1дм - де неше см бар?(10)

3. Бір бала қалаға бара жатыр еді, жолда 3 танысы шықты. Қанша адам қалаға бара жатыр? (1)

4. 5 ондық пен 7 ондықтың арасындағы толық ондық?(60)

5. Туристер 3 адамнан 3 қайыққа отырып, жорыққа аттанды. Барлығы неше адам жорыққа аттанды?(9)

6. Ұзындығы 2см және 4см тік төртбұрыштың периметрін тап?(12)

7. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?(2)

8. 2 жылда неше ай бар?(24)

9. Екі шеті тұйықталған түзу сызық не деп аталады?   (кесінді)

10. Үстелдің 4 бұрышы бар, бір бұрышын кесіп тастағанда оның неше бұрышы болады?(5)

 

Дүниетану пәнінен



 

1. Қай құс өз атын қайталай береді?    (көкек)

2. Құлағы үлкен жануар                (піл)

3. Сезім мүшелерін ата                   (көз, тері, мұрын)

4. Топырақты неден қорғау керек?   ()

5. Киелі құс    (Аққу)

6. Ұша алмайтын құс   (түйеқұс)

7. Өсімдік мүшелерін ата           (тамыр, сабақ, жапырақ)

8. Ауаның ластану себептері    (қоқыс қалдықтары)

9. Дәрілік өсімдіктерді ата    (меңдуана, адыраспан)

10. Шөлге шыдамды жануар    (түйе)

 

6 - кезең  Ана тілі және қазақ тілі пәндерінен сұрақтар қойылады.



1. Үш биді ата.

2. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

3. Мәтін түрлерін ата

4. Ы. Алтынсарин не ашқан?

5. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар

6. "Ғылым таппай мақтанба " өлеңінің авторы кім?

7. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

8. Сөз таптарын ата

9. Ертегілердің қандай түрлері бар?

10. Ахмет Байтұрсынов кім?



 

Қорытынды: Құрметті оқушылар осымен біздің «Ең ақылды оқушы» интеллектуалды сайысымыз аяқталды.Қатысып, өз бақтарыңызды сыныағандарыңызға көп рахмет.Алдағы уақытты осындай сайыстардан қалыс қалмай қатысып жүріңіздер.Еліміздің болашағы білімді ұрпағында демекші білімді азамат болып өсіңіздер.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет