Жасөспірімдерді рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі жанұяның орны
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, танып ескерсе, дүниедегі
жақсы жаманды танидыдағы, сондайдан
білгені, көргені көп болған адам білімді болады».
Абай
Қазақстан жас дамыған тәуелсіз мемлекет, ол өз дамуында үлкен қадамдар жасады. Ал өсімтал мемлекет қоғамнын дамуында өзгерістер болуын талап етеді. Қоғамды өзгертуші, мемлекеттік қозғаушы күші, адамгершілікпен рухани тәрбиеленген жас ұрпақ.
Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Өмір заңының ең бір қуанышты сәті – ол дүниеге сәбидің келуі. Осы қуанышты сәттің дұрыс бағытта жалғасуы ұлкендердің үлесінде, себебі дүниеге келген сабидің болашағы ең әуелі ата-анасының, содан соң қоғамның қолында.
Отбасы – бұл баланың өмір сұру ортасы. Қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеумен қарапайым біліммен қаруландыру және де шешім қабылдай білу үйренетін ең жақын адамдардың мейрім шуағын сезінетін орын. Отбасында барлығы жақсы болған жағдайда, балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің дамуы әлеуетіне көтеріле алады. Жасөспірімдерді рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі кері әсерлер;
Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, тұрмыстағы ұрыс - керіс, маскүнемдік, ата - ананың біреуінің болмауы.
Мектептегі оқу - тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда жіберілген кемшіліктер, яғни, жеке оқушылардың мінез - құлық ерекшеліктерін, ынта - ықыласын, қызығуын, талап - тілегіе ескермеу..
Жеке адамда рухани адамгершілік құндылықтарды орнықтыру, адам оның тәрбиесі ежелден ақ Әбу Насыр Әл Фараби, Шоқан, Абай, Ыбырай сынды Шығыстың ұлы философтары мен ойшылдарын қатты толғандырғаны мәлім. Мәселен Әбунасыр Әл Фараби «Барлық халық бейбіт өмір сүрсе, жер беті бақытқа толады» деп адамгершіліктің ең биік сатысы - бейбіт өмір сүру, яғни адамдар арасындағы өзара түсініктік, өзара келісім, өзара сыйластықтың аса маңызды екендігін айтады.
Ұлы ақын Абайдың «Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген сөздері достыққа, бірлікке, ынтымақ пен татулыққа шақырады. Егер сабақтарда берілетін білімнің мазмұны мен әдіс тәсілдері оның жан - жақты дамуына бағдарланса, «қиын» баланы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу жүзеге асады.
Жасөспірімдерді рухани адамгершілікке баулу үшін мектепте жасалатын жұмыстарға тоқталып кетсек.
1. Ең әуелі балаларға адамгершілік тәрбие беру барысында халықтық педагогиканың маңызы өте зор.
1. Ертегілер, жырлар, аңыздар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, мақал - мәтелдер, ұлттық салттар мен дәстүрлер, рәсімдер, әдет - ғұрыптар, халықтық ойындар, үлгі - өнегелер арқылы оқушыны адалдыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.
2. Батырлар жырлары мен лирикалық дастандар, термелер мен өсиеттерді оқу, оқыту тыңдату, аңыз - әңгімелер арқылы «қиын» оқушыны шыншылдыққа, сергектікке, елін сүйіп, еңбек етуге, зұлымдықпен
күресе білуге үйрету.
3. Мұсылман дінінің пайғамбары Мұхаммед пайғамбардың үлгі - өнегеге толы хадистері арқылы имандылыққа тәрбиелеу.
4. Баланың тәртібі мен үлгеріміндегі ауытқушылықты зерттеу, оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін бақылау мақсатында баламен сенімді әңгіме жүргізу.
Мысалы, мынадай жұмыстар жүргізуге болады.
« Қорғаушы мен айыптаушы» ойынын ұйымдастыру. Ол үшін сыныпты екі топқа бөліп, 1топ «айыптаушы» айыпталушының жағымсыз мінез құлқын көрсетіп, оны бір сөзбен айтып, жағдаятты дәлелдеу. Мысалы:«Өркөкірек» дейді де, оны дәлелдейді. Қорғаушының міндеті - айыпталушының
Бұл әрекетінің туындау себебін анықтап, айыпталушының жағымды жақтарын көрсету. Мысалы: Ол өзін осылай көрсетті, себебі оның іс - әрекеті бағаланбады. Әр оқушының пікірі айыпталушыға ашық айтылады. Содан кейін «айыпталушыға» сөз беріліп, ол естіген сынға өзі жауап қайтарады.
Ескерту: Ойын адамды бағалауға емес, оның іс - әрекетін бағалауға үйретіп, өзге адамның іс - әрекетін бақылауға баулиды.
3. Әңгіме, сауалнама, күнделік - бақылау.
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы балаға ұлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса соны айтатының, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені немесе жақындарынан естігені – ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істерімен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ.
Отбасында басталған өнегелі тәрбие мектеп қабырғасында ұстаздардың ұлағатымен одан әрі жалғасады. Мектепте баланы адамгершілікке, имандылық пен өзіне-өзі қызмет етуге, мәдени-гигиеналық машықтарды қалыптастыруға, еңбекке, бауырмалдыққа баулуға, патриоттық сезімді қалыптастыруға, ұлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмыстар жүргізу барасында біз халық педагогикаға сүйенеміз. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ата-бабаларымыздың баланы бесіктен жақсы әрекеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті ар-ұяты бар адамнын, бет бейнесі иман жүзді, жарқын, биязы өзі парасатты болады. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз.
Кәзіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал, көркем шығармалар хрестоматиясы және оқушылардың дәптерінен тұратын бұл оқу – әдістемелік кешен «Өзін-өзі тану» курсының негізгі мақсатына қол жеткізуге бағытталған. Сабақтың негізгі мазмұнында балалардың танымдық, қызығушылықтарын қалыптастурумен қанағаттандыруға, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға арналған алуан түрлі ойындар мен жаттығулар қолданады. Мұның маңызы баланың мораль ұғымымен оны бағалауға жалын адамгершілік қасиеттерге дамытудан тұрады.
Жұмыс дәптерінде берілген шығармашылық тапсырмалар педагог пен ата-аналардың арасындағы өзіндік бір тығыз қарым- қатынас орнатуға бағытталған жұмыстың бір қыры болып табылады.
Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен мектеп мұғалімдерінің бірден бір парызы оқу тәрбие жұмысын дұрыс жалғастырып қоюда ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Ата-аналар бала бойында болған өзгерістер жайында әңгімелеп, айтты. Ата-аналардан алған мағлұматтар арқылы педагог өз жұмысының нәтижесін көре білді. «Өзін-өзі тану» курсы бойынша ата-аналармен жүргізілетін әңгімелер, кеңестер, конференциялар ата-аналарды бала тәрбиесінде белсенді қатысушы болуға шақырады. Педагогтар мен ата-аналардың бірлескен отырыстары, балаларды рухани тәрбиелеудегі қиыншылықтарды анықтауға және тиімді жолдарды таңдауға мүмкіндік берді.
Рухани адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа – қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеп соны мақсат тұтса ұстаздын, ата-ананың да болашағы зор болмақ.
Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми- техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.
Балалардың отбасынбағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйлелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра алмайды.
Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.
Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады.
Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы:ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбінесе білімі төмен ата мен әжелерге жүктеледі.
Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым- қатынасына әсер етеді.Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50%жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көзсоқырлық, тойынғандық жағдайға алып барады. Тойынғандық дегеніміз- өмірге,өмірдегі материалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті қатынас.
Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасына торығушылар, қаңғыбастар ,”қызықты”әсерді іздеушілер өсіп шығады.
Қазіргі кезде отбасының “уақталу”процесі жүруде. Ол дегеніміз- жас ата-аналардан тұратын әжесіз, атасыз отбасылар. Бұл отбасының беріктігін нығайтып, дербес ұжымды қатынастырады. Қиындықтар достық пен ынтымақтастықты нығайтып, қуаныш пен қайғыны бөлісуге тәрбиелейді. Дегениен, жас отбасында алғашқы кезде тұрмыстың түзелмеуі,бала тәрбиесі сияқты қиындықтар кездескенімен, олард шешу қоғамның құзырында.
Отбасы мүшелерінің келуі, туылған бала санының азаюы да отбасы дамуының ерекшелігін құрайды. Қалалық отбасында бір-екі бала ғана тәрбиеленеді. Бала туудың азаюының себептері сан алуан және өте күрделі; олар ата-аналардың жұмысбастылығын; мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілмеуі;бала тәрбиесіне шығынның көп жұмсалуы; әйел ананың шамадан тыс жұмысбастылығы; отбасының қолайсыз тұрғын үйі; тұрмыстық жағдайы; ата-аналардың өзі үшін өмір сүруге ұмтылысы және т.б. Қазіргі отбасы ажырасу санының едәуір артуымен сипатталады. Ажырасудың 90% тұрмыс қолайсыздығы мен дайындықсыздың салдары. Дегенмен барлық ажырасуларға жағымсыз баға беруге болмайды, өйткені кей жағдайда ажырасу баланың психикасына теріс әсер ететін ұрыс- жанжал, отбасылық кикілжіңді алдын алады.
Бір балалы отбасы көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру жағынан баланы қиын жағдайға қалдырады.Бұндай отбасыларда аға,әпке сияқты тәлімгер іні, қарындас сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы ұжымдық туыстық қатынастар аясын мүлдем тарылта түседі. Осындай жағдайда баланың қызығушылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуде ата-аналардың педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сынып кезінен оның бойында тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын аңғарамыз.
Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде отбасында айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық бағыттарын қалыптастырып, отбасы өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті – қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп пен отбасы балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын ойластыру қажет, сондай-ақ алып-сату пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игілік үшін және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық екі жақты қызмет көрсету екенін түсіндіру. Ата-ананың маңызды міндеті балаларымен біріккен коммерциялық қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін орындауға үйрету. Нарық отбасы мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар енгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі отбасы өмірінің тәрбиесіне «өзінше» қиындық әкеледі.«Мен үш қасиетімді мақтан тұтам, олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым», – депті Ақан сері.
«Еліміздің күші – патшада, сәбиіміздің күші – жылауында» демекші біздің күшіміз қоршағанымыз, сеніміміз адамгершілігімізде болуы керек. Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек ұлы жеңіс болары анық.
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№21 «Алпамыс» бөбекжай- балабақша тәрбиешісі
Алгазиева Райкуль Сактагановна
Достарыңызбен бөлісу: |