«Жасуша биологиясы» ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені



бет3/4
Дата29.01.2018
өлшемі1 Mb.
#35970
1   2   3   4

Бақылау сұрактары:

  1. Интерфазалық ядроның құрылымы неде?

  2. Ядро қызметі неде ?

Әдиебеттер1-10 ( негізгі), 11,12,15,19,20,22 ( косымша)

7 дәріс тақырыбы – Жасуша мембранасынын құрылымы жөніндегі кәзіргі заманғы тұсініқ


Жалпы сұрақтары: Жасушалардың мембраналарының құрылымы туралы қазіргі көзкарастар. Мембраналардың тасымалдау қызметі

Эукариотты жасушалар 3 бөлімнен – сыртын қоршап жатқан плазмалық жарғақтан, цитоплазмадан, ядродан тұрады. Прокариотты және өсімдік жасушаларының плазмалық жарғағы сыртында плазмалемма (жарық микроскопта таяқша, сызық ретінде көрінеді) болады, ал жануарлар жасушаларында ондай қабат болмайды. Сонымен, жасуша қабығы – плазмолемма, немесе жасушаның сыртқы жарғағы, цитолемма, плазмалық жарғақша (цитоплазманың өсімдік жасушасы қабықшасына жабыса орналасқан сыртқы қабығы) жасушаның шетінде орналасады, бір жағынан цитоплазманы жасушаны қоршаған ортадан бөледі, ал екіншіден – ол осы ортамен байланысты қамтамасыз етіп, жартылай өткізгішті сұрыптау тосқауыл рөлін атқарады. Электронды микроскоп плазмалық жарғақтың 3 қабаттан тұратынын дәлелдеді. Оның қалыңдығы 10 нм шамасындай, сыртқы беті көмірсулардан, ішкі жағы қалың белок молекулаларынан тұрады. Жарғақтың негізгі химиялық құрама бөліктері – белоктар (60%), майлар (40%) және көмірсулар (2-10%). Жасушаның ішкі жарғақтарына қарағанда плазмолемма холестеринге бай болады. Сонымен плазмолемма негiзiн липопротеин кешенi құрады, жасуша жарғақшасының ең қалыңы (7,5-11 нм). Оның сыртында қалыңдығы 3-4 нм жуық жұқа жарғақша қабаты-гликокаликс (грек. тәттi, қабық) орналасады. Плазмолемма арнайы құрылымды–жасушааралық байланысты, өзара iс-қимыл жасау қосылыстарын құруға қатысады.Ол құрылымдардың бiрнеше түрлерi болады. Олар қарапайым, күрделi болып бөлiнедi. Жасуша жарғақшасының құрылысы плазмолемма, кариолемма, Гольджи аппараты, митохондрий, эндоплазмалық тор, лизосома, пероксисома құрамындағы жарғақшалардай. Әртүрлi жарғақшаларда липидтер құрамы бiрдей болмайды. Липидтер ерекшелiгi сол, молекулалары атқаратын қызметтерiне сай: су тепкiштiк (гидрофобность), суға әуестiк (гидрофильдi) болып бөлiнедi. Плазмолемма мына қорғаныштық, өткізгіштік, тасымалдаушы қызметтерді атқарады: жасуша қабығы екiншi жасушаны, жасуша аралық заттекті танып, оларға (талшықтарға, негiздiк жарғақшаға) жапсырыла алады; заттарды, бөлшектерiн цитоплазмаға, одан тасымалдайды; сыртында арнайы сезiмтал жүйке ұштары орналасатындықтан гормон, медиаторлар, цитокиндер, басқада хабаршы молекуламен өзара iс-қимыл жасайды. Цитоқаңқадағы жиырылғыш элементтерi плазмолеммамен байланысып псевдо (жалған), фило-, ламеллоподийлер құрып, жасушаның жылжуын қамтамасыз етедi. Сыртқы ортадан жасушаға әртүрлі заттар эндоцитоз процесі арқылы өтеді. Оның екі – фагоцитоз, пиноцитоз түрлері болады. Фагоцитозда жасушалар ірі қатты түйіршіктерді қабылдап, жасуша плазмасына өткізеді. Онда бұл заттардан қажеттілігі пайдаланылып, қажетсіздері бөлініп, қайта шығарылады. Бұл құбылысты түңғыш рет ашып, ұсынған орыс ғалымы И.И. Мечников. Пиноцитозда жасуша өз плазмасына ертінділерді қабылдайды.Жасушадан заттар плазмолемма арқылы бөлініп, шығарылады. Оны эндоцитозға қарама-қарсы процес – экзоцитоз деп атайды. Жасушадан көп мөлшерде шыққан ферменттер жасушаның жоғарғы бетіндегі гликокаликс қабатында жиналады. Әртүрлі иммунологиялық әдістер жасушаның үстіңгі бетінде тегіжат (антиген) құрама бөліктері шоғырланатынын көрсетті. Сондықтан, олар антиденелерге керісінше әсер етеді. Плазмолеммадағы липопротеидтер мен гликокаликс арасындағы өзара байланыс жасушааралық байланыстарға да әсер етеді. Жасуша байланыстарының 3 – айырғыш, механикалық, химиялық түрлері аян. Айырғыш түріне жай, “құлып” тәрізді, десмосома байланыстары, механикалыққа тығыз байланыс, ал химиялыққа саңылау арқылы қосылатын байланыстар жатады. Жай байланыс жолымен көптеген жасушалар қосылады. Екі жасуша плазмолеммасының арасындағы кеңістік 15-20 нм дейін барады. “Құлып” тәрізді, немесе тісті байланыс эпителий ұлпасында көп кездеседі. Оны жасушалар плазмолеммаларының ішіне тартылуы (жымырылуы, инвагинация) арқылы қосылуынан көруге болады. Десмосома байланысы кезінде жарғақ арасындағы тығыз орналасқан затарға жасуша плазмасынан электронды-тығыз орналасқан жіңішке талшықтар (тонофибриллдер) келіп, түйіседі. Десмосома аумағы 0,5 мкм шамасындай, олар механикалық қызмет атқарады. Тығыз байланыста да 2 плазмалемманың сыртқы беттері бір-біріне түйісіп, қалыңдығы 2-3 нм бір қабат түзеді. Түйіскен жерлер – нүкте деп аталады. Бұл байланыста молекулалар мен иондар алмасуы жүрмейді. Олар эпителий, эндотелий, мезенхима жасушаларының аралықтарында байқалады. Саңылаулы байланыстар жасуша аралық қатынастарды, химиялық заттардың алмасуын, дамып келе жатқан жасушалар байланысын күшейтіп, төменгі молекулалы қосылыстардың бір жасушадан екіншісіне өтуін реттейді.
Бақылау сұрактары:

1. Плазматикалық мембрананың құрылысы неде?

2. Қандай қызмет атқарады?

3. Миелинді кабық кандай қызмет атқарады?



4. Таякшалар мен саутшылар дегеніміз не?

Әдебиеттер: 1-10 ( негізгі), 11, 16,17,21,22 ( косымша )
8 дәріс тақырыбы: Жасушаның микроскоптық және субмикроскоптық құрылысы. Эндоплазмалық тор. Рибосомалар. Гольджи апаратты
Жалпы сұрақтары: Цитоплазма. Эндоплазмалық тор. Рибосомалар. Гольджи апаратты құрылысы және атқаратың кызметі
Цито-, эндоплазмалық торды (грек. жасуша, iшкi; ретикулум) 1945ж. К.Р.Портер ашты. Жұқа жарғақшалар цитоплазма iшiнде жайпақ ұзынша түтiкшелi, көпiршiктi жүйе түзiп орналасады. Онда ферменттер жүйесi көп болатындықтан белок қоюлығы өте жоғары болады. Эндоплазмалық тордың (ЭПТ) даму деңгейi, құрылыс ерекшелiгi әртүрлi жасушалардың атқаратын қызметiне сәйкес өзгерiп тұрады. Оның үш–түйiршiктi, түйiршiксiз (тегiс), бiр-бiрiмен байланысқан жерiнде өткiншi түрлерi болады. Түйiршiктi ЭПТ барлық жарғақша, жасушадан шығатын белоктар түзiлуiн, белок молекулаларының бастапқы ферменттер арқылы ыдырауын, генетикалық ақпаратты иРНҚ тiлiнен белоктағы амин қышқылының тiлiне аударуынан кейiнгi өзгерiсiн қамтамасыз етедi. Жайпақ жарғақша, қуыс, түтiкше көпiршiктерден құралған. Қуыстарының енi 20 нм жуық, диаметрi бiрнеше мкм жетуi мүмкiн. Бұл ЭПТ атқаратын қызметiне орай, өзгерiп отыратынын көрсетедi. Гиалоплазмада рибосомалар, полисомалар түйiршiктi ЭПТ жарғақшасымен байланысып орналасады, қуыстарды (цистерналарды) жұқартатын ерекше белоктар сақтайды. Түйiршiктi ЭПТ аталық жасушадан басқа барлық жасушаларда кездеседi, әсiресе, арнайы белок түзетiн (асқорыту ферменттерiн бөлетiн) ұйқы без ацинустары бездi эпителийi, коллаген, басқа белоктар түзетiн фибробластар мен иммуноглобулиндер бөлетiн плазмалық жасушаларда жақсы байқалады. Жасушалар цитоплазмасында шоғырланған эндоплазмалық торға негiздiк боялу тән. Нейрондарда ол бояғыш сүйгiш негiз, «Ниссль денешiгi» аталып, жарық микроскопта жақсы көрiнедi. Түйiршiксiз ЭПТ-ды 20-100 нм диаметрлi түтiкше, өзекше, цистерна, көпiршiкше ұштасқан жарғақшалар торы түзедi, олардың бетiнде рибосомалар болмайды. Олар липидтердi, гликогендi, холестериндi түзедi; iшкi, сыртқы әсерлерден пайда болған заттарды уытсыздандырады; кальций иондарын жинақтап, атқаратын қызметiне қарай, әр түрлi шоғырландырады. Кейiнгiнi стероидты гормондар бөлетiн бүйрек безi қыртыс затындағы жасушалардан, ен Лейдиг жасушаларынан, аналықбездегi лютеоциттерден көруге болады. Өткiншi (көшпелi) ЭПТ қалыптаса бастаған Гольджи аппараты бетiнде түйiршiктi ЭПТ-дың түйiршiксiз түрiне ауысу үлескiсiде кездеседi. Мұнда түтiкшелер бөлшектерге бөлiнiп, көмкөрiлген тасымалдаушы көпiршiктер құрады, олар ЭПТ материалын Гольджи аппаратына тасиды. Гольджи аппаратын 1898 жылы итальян ғалымы Камилло Гольджи «iшкi тор тәрiздi аппарат» деп атады. Ол күрделi жарғақшалы тұрақты қосынды. Үш негiзгi элементтерден - жайпақ цистерналар бумасынан (түрi иiлген дискi тәрiздi, диаметрi 0,5-5 мкм, 3-30 бума құрады. Бума кеңiстiгi 15-30 нм, дөңес жағымен ядроға, ойыс бетiмен - плазмолеммаға қарайды); торсылдақтардан (шар тәрiздi жарғақшамен қоршалған элементтер, диаметрi 40-80 нм, iш тығыздығы орташа, цистернадан бөлiнiп, түзiледi); секрет бөлетiн көпiршiктерден (iрi, диаметрi 0,1-1,0 мкм, жарғақшамен қоршалған шар тәрiздi құрылым, бездi жасушаларда жетiлген Гольджи аппараты цистернасынан бөлiнедi) құралады. Бұл элементтердiң бәрiн диктиосома (грек. тор) деп атайды. Арнайы секрет бөлетiн жасушаларда Гольджи аппараты ядродан жоғары орналасады, үстiңгi бетi арқылы секреттер экзоцитоз (жасушаның түйiршiктi, көпiршiктi секреция түрiнде зат бөлу процесi) жолымен бөлiнiп шығады. Гольджи аппараты полисахаридтер, гликопротеиндер (гликокаликс, сiлекей) түзедi; түйiршiктi эндоплазмалық тордан тасымалданатын көмiрсу құрамбөлiктерiн гликопротеиндерге қосады (оны ақтық ферменттер арқылы ыдырау деп атайды); фосфаттар тобына (фосфорлану), май қышқылдарына (ацилирлеу), сульфат қалдығына үстеу (сульфаттау) жүргiзедi, белок молекулаларын жартылай ажыратады; секреттiк өнiмдердi конденсациялап, оның түйiршiктерiн құрады; жаңа пайда болған түйiршiктердi жарғақшалармен қамтамасыз етедi. Гольджи аппаратынан белоктар басты үш ағында: бұрын алғашқы лизосомалар аталған гидролазалық көпiршiктермен; плазмолеммаға көмкөрiлген көпiршiктер құрамында; секрет бөлетiн түйiршiктерге қабығын жоғалтатын көмкөрiлген көпiршiктермен тасымалданады.

Көптеген метаболикалық және биосинтездік процестер цитоплазмада өтеді. Цитоплазма жасушаның ең манызды да негізгі бөлігі. Цитоплазма ядродан және әртүрлі органоидтардан тұратын сұйық орта. Тірі жасушада гиалоплазма ядро құрылымының арасын толтырып тұратын структурасыз масса болып табылды. Гиалоплазманың құрамына әр түрлі акқуыздар, соның ішінде нуклеопротеид, гликопротеид және ферменттер кіреді.

Портер, Паладэ және т.б. зертеушілірдің көзқарасы бойынша (1953 ж.) эндоплазмалық тор қос мембранамен шектелген каналдардың тарамдалған торын құрайды. Бұл каналдардың пішіні әртүрлі. Микробейнелерден қарағанда олардың тігінен кескендігі көрінісі 250 ден 5000 А0 дейін доңгелек, ал диаметрі 400-500 А0 көлдененінен жазық көпіршік не цистерн түрінде сопақша не сығылыңқы болып келеді. Каналдар мен цистерннің арасындағы кеңістік электрондық тығыздығы жөнінен қоршап тұрған цитоплазмадан айырмашылығы болады.

Палладенің зерттеуі бойынша мембрананың сыртқы бетінде 100-150 А0 болып келетін ұсақ гранулалар орналасқан. Гранулалар цитоплазманың сыртқы мембраналарында орналасады.

Тордың кедір-бұдырлы немесе гранулдық типі белсенді түрде акуыз синтездейтін жасушаға тән (бездік, жүйке т. б. жасушалар). Эндоплазмалық тордың басқа бір түрі мембранада гранулдық компоненттің тоқтығымен ерекшеленеде, агранулярлы деп аталады. Оған цистергна емес, диаметрі 500-1000 А0 каналдардың болуы тән. Агранулярлы эндоплазмалық тор май тәріздес заттар, көмірсутектерді синтездейтін жасушыларға, сол сияқты пигментік және эпителиальдық жасуша мен бауыр жасушаларында жақсы дамыған.

Рибосомалар алғаш рет электронды микроскоптың көмегімен тығыз бөлшек немесе гранула ретінде анықталды.

Рибосома көптеген бактериелардың, асіресе ашытқы бактериелардың өсімдік меристемасы жасушасының, эмбриональды жүйке жасушасының ажырамас бөлігі болып табылады. Рибосоманың саны мен концентрациясы жасушадағы РНК құрамымен және оның жасушасының базофильды қасиеттеріне ие.

Рибосомалар негізінен ақуыз бен РНК-дан, жартылай липидтерден тұрады, кейде липидтер болмайды.

Рибосомалар диаметрі 150-350 А0 болатын сфера тәріздес рибонуклеопротеид түрінде болады және бірдей мөлшерде ақуыз бен РНК-дан тұрады. Олар еркін орналасады немесе эндопламалық тордың мембранасының сыртқы бетіне жабысады.

1808 жылы Гольджы азотқышқылды күмістің көмегімен нейрон цитоплазмасында өзіндік тор структурасын импрегнация жасап етті де, оған ішкі тор аппараты деген ат берді. Гольджы аппараты төменгідей морфологиалық компонентерден тұрады: 1) қимасында тығыз нығыздалған мембрана түрінде болатын нығыздалған цистерналар, 2) цистернамен тығыз байланысқан көпіршіктер, 3) вакуольдер.



Бақылау сұрактары:

1. Эндоплазмалық тордың құрлысын алғаш рет кім ашқан?

2. Эндоплазмалық тордың құрылысын сипатта.

3. Рибосома қандай қызмет атқарады?



4. Гольджи аппаратының құрлысы мен қызметі неде ?

Әдебиеттер: 1-10 ( негізгі), 11, 12,14,15,20,22 ( косымша )
9 дәріс тақырыбы – Жасушаның микроскоптық және субмикроскоптық құрылысы. Митохондрийлер. Лизосомалар. Жасуша орталығы
Жалпы сұрақтары: Митохондрийлер. Лизосомалар. Жасуша орталығы құрылысы және атқаратың кызметі
Митохондрийдi (хондриосом, хондриомит, хондриоконт) 1850 ж. Р.А. Келликер «саркосома» деп атағанымен, оған осы атауды (грек. жiп, дән) 1898 ж. чех ғалымы Бенда бердi. Ол стероидтар биотүзiлуiне, май қышқылдары тотығуына, нуклеин қышқылдары түзiлуiне қатысады. Сопақша (эллипс), шар -, таяқша-, жiпше тәрiздi, басқада түрлi болып, өзгермелi келедi. Енi 0,2-2 мкм, ұзындығы 2-10 мкм, саны 1-ден 500000 дейiн жетедi (әр жасуша түрiне орай өзгередi), цитоплазмада диффузды, қуат көп керек жерлерге тақау орналасады. Митохондрий сыртқы және iшкi жарғақшадан тұрады. Сыртқы жарғақша тегiс, өткiзгiш қабылетi жоғары (молекулаларды цитозольден жарғақша аралық кеңiстiкке өткiзуде жақсы байқалады), iшкiсi көп терең қатпарлар - кристалар (қалыңдығы 20 нм, оксисома деп аталатын заттар болады, түрi тақташа тәрiздi) құрады. Криста айналасын толтыратын сұйықты-митохондрий матриксi деп атайды. Митохондрийлер оттексiз тотығу процесiнде қоректiк заттан қуат (энергия) өндiредi. Сондықтан оларды жасушаның күш беретiн станциясы деп атайды. Оның матриксi, iшкi жарғақшасында тотығу процесiн қамтамасыз ететiн ферменттер болады. Олар ерiктi қуат бөледi. Қуат аденозинтрифосфатаза молекуласында жиналады. Бұл молекулалар барлық жасушаларға таралады, кейiн аденозинтрифосфатаза ыдырауынан бөлiнетiн ерiктi қуат жасушалардың өсуiне, тiршiлiк етуiне, организмнiң барлық қызметiн орындауға қолданылады. Онда тасымалдаушы, тыныс алу тiзбегi ферменттерi, сукцинатдегидрогеназа, АТФ тағы басқалар сақталады. Митохондрий матриксiнде (қуысты толтыратын тығыздығы орташа бiркелкi ұсақ түйiршiктi заттар, онда жүздеген ферменттер, митохондрий рибосомалары, түйiршiктерi, басқа тұрақты қосындылардан ажыратуға болатын митохондрий ДНҚ-сы болады. Жалпы ДНҚ хромосомадағы организм қасиеттерiн ұрпаққа берiп, тұқым қуалауда маңызды рөл атқарады. Лизосоманы (грек. ерiту, дене) 1949 жылы Де Дюв Кристиан Рене ашты. Жасуша iшiндегi iрi молекулалардың қорытылуына қатысады. Оның диаметрi 0,5-2 мкм, түрi (фаго-, аутофаголизосома, көп көпiршiктi (мультивезикулярлы), қалдық денешiктер), құрылысы қорытылатын материалдарға қарай өзгермелi болады. Лизосомаларды анықтау үшiн ыдырату ферменттерiн табады. Фаголизосома лизосомамен фагосоманың қосылуынан пайда болады, оны гетерофагосома деп атайды. Ол жарғақшалы көпiршiк, жасушадан тыс кездесiп, iшiнде қорытылуға арналған материалдар сақтайды. Бұл материалдың бұзындысын гетерофагия деп атайды. Кейiнгi ұлпа жасушаларының қызметiнде маңызды рөл атқарады. Лизосома ферменттерiнiң тапшылығы жасушаларда қорытылмаған заттар (гликоген, гликолипид, гликозаминогликан) жинап, қажеттi қызметiн бұзып, организмде неше түрлi аурулар туғызады. Ол алдымен нейрондар, макрофагтар, фибробластар, остеобластар бұзылуына, олар қаңқа, жүйке жүйесi, бауыр, көкбауыр құрылысын, қызметiн бұзуға жеткiзедi. Гетерофагияда бүйрек түтiкшелерiндегi жасушалар, кеңiстiгiндегi белоктарды ұстап алып, амин қышқылдарына дейiн ыдыратып, қайтадан қанға қайтарады, ал қалқанша без жасушалары белок матрицасынан йод сақтайтын гормондарды бөлiп алып, қайтадан қанға сiңiрiлуiне қатысады. Бұл құбылыстың бәрi ағзалар қызметiнiң күрделi бұзылуына жеткiзедi. Лизосома мен аутофагосома қосылуынан аутофаголизосома түзiледi.

Жасуша орталығы (цитоцентр, центросома, лат. орталық, дене; бұл атауды 1888 ж. Бовери ұсынған) қос қуыс цилиндр тәрiздi, ұзындығы 0,3-0,5 мкм, диаметрi 0,15-0,2 мкм құрылым–центриольден (центросома құрайтын екi денешiк) құралған. Олар бiр-бiрiне жақын өзара перпендикулярлы жазықтықта орналасады. Әр центриоль (лат. орталық нүкте, орталық) жартылай бiрлескен микротүтiкшелерден, көлденең белок көпiршесi бар 9 триплеттен тұрады. Центриольдер ортасында микротүтiкшелерi болмайды. Әр центриоль триплетi шар тәрiздi диаметрi 75 нм денешiктермен–серiктермен (сателлиттер) байланысқан. Одан таралған микротүтiкшелер орталық сфераны (лат. орталық, грек. шар) құрады. Бөлiнбеген жасушада қос центриольдер (диплосома) байқалып, ядроға тақау орналасады. Жасуша бөлiнер алдында кезеңаралықтың түзiлу кезеңiнде қос центриольдiң екi еселенуi жүрiп, әр жетiлген центриольге тiк бұрыш құрып, жас жетiлмеген процентриольдер қалыптасады. Алғашқы процентриольде 9 жалқы микротүтiкшелер болып, кейiн олар триплеттерге айналады. Одан соң қос центриоль жасуша бетiне тарап, митозда бөлiну ұршық микротүтiкшелерiн құратын орталық болып есептеледi. Сонымен центросома жасушаның күрделi бөлiну процесiне қатысады. Цитоқаңқаны өте күрделi микротүтiкшелер, микро,- аралық өскiндер, микроперделiктер жүйесi түзедi. Жарғақшасыз тұрақты, басқа күрделi құралған қосындылар (кiрпiкшелер, талшықтылар, жасуша орталығының микробүрлерi), жасуша байланыстары (десмосома, жартылай десмосома, белдеу десмосомы) оның құрамына кiрiп, жасушалар түрiн сақтап, қажет болса өзгерте алады; жасушалар құрамбөлiктерiн бөледi, жылжытады; жасушаға одан заттарды тасымалдайды; жасушалардың қозғалысын қамтамасыз етедi, жасушааралық қосындыларға қатысады. Микротүтiкшелер цитоқаңқаның ең iрi құрамбөлiгi. Қуыс цилиндр тәрiздi құрылым, түрi ұзын (бiрнеше мкм) түтiк тәрiздi, диаметрi 24-25 нм-ге жуық, қабырғасының қалыңдығы 5 нм, кеңiстiгiнiң диаметрi 14-15 нм. Жасушалар түрiн, беттерiнiң қарама-қарсылығын сақтап, құрамбөлiктердi бөлу, жасушааралық тасымалдауды, митозда кiрпiкшелер, хромосомалар қозғалысын қамтамасыз етедi, басқа тұрақты қосындылардың (центриолилер, кiрпiкшелер) негiзiн құруға қатысады. Микроөскiндер жұқа белок жiпшелерi, диаметрi 5-7 нм, цитоплазмада жеке, тор, шоғыр тәрiздi орналасады. Қаңқа бұлшықетте жұқа микроөскiндер тәртiпке келтiрiлген шоғырлар құрады, қалың миозин өскiндерiмен өзара iс-қимыл жасайды. Көптеген жасушаларға, плазмолемма астында орналасқан ақтық тор қоюланған аймаққа тән. Микроөскiндер бұлшықет жасушаларының жиырылуын, цитоплазма мен плазмолемма ақтық торы байланысын қамтамасыз етiп, цитоплазма iшiндегi тұрақты қосындылар тасымалдайтын көпiршiктердi, басқа құрылымдарды ауыстырып отырады; жасушалардың белгiлi қаттылығын қамтамасыз етедi; цитоплазманы бөлу үшiн жиырылғыш тартылуын қалыптастырады; кейбiр тұрақты қосындылардың негiзiн құрады; жасушааралық қосындылар құрылымын құруға қатысады. Аралық өскiндер химиялық жағынан берiк, орнықты, қалыңдығы 10нм-ге жуық белок жiпшелерi, құрылысы әр түрлi жасушаларда ұқсас болғанымен, басты айырмашылығын молекулалық массасынан, химиялық қасиетiнен көруге болады. Иммуноцитохимиялық әдiс антиденешiктермен аралық өскiндердiң әр түрлi класстарын көрсетедi. Аралық өскiндер класында ұқсастық табылып, қатерлi iсiк жасушалары қай ұлпаға жататыны белгiленiп, оны емдеу, диагноз қою жолдары анықталды. Олар мына негiзгi қызметтердi атқарады: құрылымдық - ұстап тұру, тiректiк, цитоплазмада белгiлi орындарға тұрақты қосындыларды бөлудi қамтамасыз етедi; ұлпалар жасушалары арасында пiшiн бұзылуы күшiн бiркелкi бөлудi қамтамасыз етiп, кейбiр жасушалар бұзылуын тежейдi; мүйiз заттар құруға қатысады; нейрон өсiндiлерi түрiн бiрқалыпты, бұлшық ет мысжiпшелерiн (миофибриллы) ұстап тұрады, оларды плазмолеммаға бекiтедi, ол оның жиырылуын қамтамасыз етедi.

Бақылау сұрактары:

1. Лизосомалардың құрлысын алғаш рет кім ашты?

2. Лизосомалардың құрылысын сипатта.

3. Жасуша орталығы қандай қызмет атқарады?

4. Митохондрийлердің құрлысы мен қызметі неде ?

Әдебиеттер: 1-10 ( негізгі), 11, 12,14,15,20,22 ( косымша )
10 дәріс тақырыбыТұкым құалау құбылысындағы жасуша құрылымның ролі. Жасушалардың консервациялануы, трансплантациясы

Жалпы сұрақтары: Митоз, мейоз, ұрықтану. Хромасомалардың құрылысы және қызметі. Жыныс жасушалардың құрылысы және дамуы. Партогенез. Жасушалардың криоконсервациялануы
Ұрпақ қалдыру қызметi, тектiк хабарды ұрпақтан ұрпаққа беру жасуша циклi кезiнде қамтамасыз етiледi.

Көбею жыныстык және жыныссыз деп екіге бөлінеді. Жыныссыз бөлуінің бірнеше формалары бар: жай бөліну, шизогония, спора түзілу,бүршіктену, фрагментаия, конъюгация , копуляция.

Ұрықтану сперматозоидтың жұмыртка клеткасымен қосылып , нәтижесінде зигота түзілумен аяқталып процесі айтады. Организмдердің ұрықтанбаган жұмыртка клеткасынын дамып жетілуін партогнез деп атайды.

Жасушаның бiр бөлiнуiнен екiншi бөлiнуiне дейiнгi кезеңдi, немесе бөлiнгенiнен өлгенiне дейiнгi мезгiлiн тiршiлiк, жасушалық цикл (грек. киклос - шеңбер) деп атайды. Кезеңнiң ұзақтығы 2-4 сағат құрады. Жасушаның күрделi бөлiнуi, митоз (mitosis, грек.-жiп), кариокинез 1-3 сағат iшiнде аяқталып, жас жасушаларға материалдарының тең бөлiнуiн қамтамасыз етедi. Митозда (кариокинезде) негiзгi: про-, мета-, ана-, телофазалар болады. Профаза (көрiну) хромосома конденсациясынан басталып, жарық микроскопта хромосома жiпше тәрiздi құрылымдар болып көрiнедi. Әр хромосома қос паралель жатқан хроматидтерден (грек. түс, тәрiздi, ұқсас) тұрып, центромерлер (бөлiк) аймағында байланысады. Ядрошықпен ядро қабығы кезең соңында жоғалып кетедi, кариоплазма цитоплазма құрамымен араласып, миксоплазма (аралас) түзедi. Центриолилер жасушаның қарама - қарсы беттерiне ауысып, митоз ұршығы жiпшелерiн бере бастайды. Центромера аймағында ерекше белок кешендерi - кинетохорлар құрылады. Кинетохорларға ұршықтың кейбiр микротүтiкшелерi жабысатындықтан-кинетохорлар микротүтiкшелерi деп, жасушаның бiр полюсiнен екiншi полюсiне дейiн созылып орналасқан ұршық микротүтiкшелерiн-полюс микротүтiкшелерi, ал ұршықтан тыс жатып, жасуша ортасынан плазмалеммаға бағытталған микротүтiкшелердi - жұлдызша немесе нұр шашуы деп, атайды. Метафазада хромосомалар конденсациясы ең жоғары деңгейге сәйкес, митоз ұршығы экватор аймағына шоғырланып, метафаза тақташасын немесе аналық жұлдыз бейнесiн құрады. Анафазада хромосомалар бiр мезгiлде хроматидтерге бөлiне бастап, жасушаның қарама-қарсы полюстерiне 0,2-0,5 мкм/мин. жылдамдықпен ұршық микротүтiкшелерi бойымен беттейдi. Телофаза кезiнде жас жасушалар ядролары қайта құрылып, бөлiнуi тоқтайды. Екiншiсi, тiкелей бөлiну - амитоз. Бұлардан басқа жасушаның бөлiну түрлерiне мейоз, эндомитоз жатады. Мейоз жыныс жасушаларының бiрiнен соң бiрi жылдам жалғасатын екi–жою, теңестiру бөлiнуi. Хромосомалар екі есеенетін қабілеті ар, гендік ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа тасушы, құрылысы күрделі клека компоненттері бірі. Хромосома центромерадаң , кинетохордан, хроматидтерден түрады. Цетромералардың орналасуына қарап хромосомаларды үш негізгі типін ажыратады: акроцетриклық хромасмалар (бір иығы қысқа), субметацетрикалық (иықтарының ұзындығы тең емес ), метецетрикалық (тен иықты).

Хромосомаларда келесі өзгерістер болады: 1) субмикроскопиялық өзгерістер, молекулярлық денгейде пайда болған-гендік мутация, 2) микроскопиялық өзгерістер, жарық микроскопты арқылы анықталған. Мутацияның келесі түрлерін айырған:

1. Хромосома сегменттерінің жоюлуы-жетіспеушілік немесе деляция.

2. Хромосомаға сегментердің қосылуы-дупликация.

3.Хромосомааралық немесе хромосомашілік сегменттердің материал жолымен тарамдалуы-транслокация.

4.Хромосомашілік тарамдалу материалы қандай да бір сегментің 180 бұрылуынан;гендердің хромосомада орналасуы керсінше- инверсия. Егер де қандай да бір сегмент хромосомада 2 рет немесе бірнеше рет болса, онда оны абберация , дупликация деп атайды.

Ұрықтандырудың визоцервикалдық, моноцервикалдық,ректоцервикалдық тәсілдері болады.

Консервация – жыныс жасушаларды - 196 С. сүйық азотта қатыруының айтамыз. Жасушаларды ерткенең кейын арнайы криопротекторды қолданып суды жасушалардан кетіруге болады. Кейбір мемлекетерде эмбриондардын консервациясы бөлшектену кезенінде жүргізіді. 2002 жылы Великобританияда консервацияланған жасушадан кыз түды.

Қазіргі кезде ұлпалар мен мүшелерді қондыру көптеген елдерде жүргізілуде. 1980-1990 жылдары әлемде бүйректі қондыратын 301 орталық болып 25 мың операция жасалынған. Жүректі қондыратын 64 орталықта 500- ге жуық операциялар жасалынған.

Қазақстанда мүшелерді трансплантациялау операциялары академик М. Әлиевтің есімімен байланысты. М. Әлиевтің басшылығымен ХХ ғасырдың 80-90 жылдары бауырға, ұйқыбезіне, т.б. мүшелерге операция жасалынған. 2002-2003 жылдары Қазақстан дәрігерлері трансплантация саласында жаңа жетістіктерге қол жеткізді, себебі, ұлпалар мен мүшелерді қондырудан жасушалық трансплантацияға көшті. Мысалы, 2002 жылы М.Әлиевтің басшылығымен бауырға, 2003 жылы әлемде бірінші болып М.Әлиев, Ж. Досқалиевтар қалқанша безге шприцпен эмбриондық жасушаларды енгізу арқылы сәтті операциялар жасады. Қазіргі кезде Қазақстанда бауыры ауыратын адамдарға эмбриондық гепотоциттерді енгізу арқылы жылына 200-300 сәтті операциялар жасалынды. Бұл әдістің болашағы мол.

Трансплантологияда мүшесі алынатын ағзаны – донор, ал сол мүшнеі қондыратын ағзаны – рецепиент, қондырушы мүшені – трансплантант деп атайды.

Трансплантацияны – аутотранплантация, аллотрансплантация және ксенотрансплантация деп үшке бөлінеді.

Аутотранплантация деп бір ағза мүшесін сол ағзаның екінші бір жеріне қондыруды айтамыз.

Аллотрансплантация дегеніміз бір түрге жататын ағза мүшесін екінші бір ағзаға қондыру.

Ксенотрансплантация деп донор және рецепиент әртүрлі түрлерге жататын болса айтамыз.

Трансплантологияның көптеген проблемалары белгілі: 1) трансплантация сәттілігі; 2) дер кезінде донор табу т.с.с.

Трансплантация нәтижесі барлық уақытта сәтті бола бермейді, себебі, көпшілік жағдайларда трансплантант пен рецепиент арасында иммундық үйлесімділік болмайды. Яғни, донор мүше мен рецепиент ұлпалары арасында гистоүйлесімділік болмаса, рецепиент ағзасында донор мүшесінің ұлпаларына қарсы бағытталған антидене түзіледі де соңғысын кері қайтарып, трансплантацияны болдырмайды. Ал егер, рецепиент пен трансплантант арасында гистоүйлесімдік болса, онда трансплантация нәтижесі сәтті болады. Бұл тұрғыдан алғанда аутотрансплантация ең сәтті, ал аллотрансплантация әсіресе, ксенотрансплантация сәтсіздеу болып келеді.

Аталған проблемаларды шешу үшін көптеген әдістер қолданылады - иммунодепрессанттарды қолдану, эмбриональдық құрылымдарды пайдалану, ағза мүшелерін клондау т.б.

Қажетті донор мүшелерін дер кезінде табу екінші негізгі проблема болып табылады. Оны мүшелер мен ұлпалар банкін құру, жасанды мүшелерді құрастыру, ағза мүшелерін клондау арқылы шешуге болады. Қазіргі кезде тері, қан банкілері құрылған және адамның барлық мүшелерінің жасанды баламалары құрастырылған. Дегенмен, трансплантологияның болашағы ағза мүшелерін клондаумен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет