Дизайн дегеніміз - заттық ортаны қалыптастыру бойынша жобалық пәнаралық көркемдік-техникалық іскерліктің түрі.
Дизайн дегеніміз
- форманы мазмұнынан нақты объектілерді формальді (немесе абстракты) объектілермен алмастырып бөлу.
Дизайнның 3 түрі бар:
графикалықдизайн;
өндірістік дизайн;
архитектуралық ортаныңдизайны.
Графикалық дизайнның жобалау объектілері қаріптер,
пиктограммалар, фирмалық стильдер, түрлі визуалды коммуникациялар және т.б. болып табылады.
Өндірістік дизайнның жобалау
объектілері машиналар, құрылғылар, жиһаз, ыдыс, киім болып табылады.
Архитектуралық ортаның дизайнын жобалау объектілері интерьер дизайнымен қоса, үй салу және олардың комплекстері болып табылады.
Футородизайн дегеніміз - қазіргі таңда қандайда бір себепті қолданыла алмайтын болашақтық жобалардың дизайны.