Жақты және жақсыз сөйлем; жалаң және жайылма сөйлем; толымды


) Сырттағылар тегіс кіріп, 2) орын-орындарына жайғасқан соң



бет9/25
Дата04.04.2023
өлшемі80,62 Kb.
#173719
түріКонспект
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
Жай сөйлем түрлері
Әдебиет теориясынан сұрақтар, ҚМЖ7-сынып Әдебиет, Жаксылыкова ГЖ5
1) Сырттағылар тегіс кіріп, 2) орын-орындарына жайғасқан соң.
Бағыныңқы сөйлемдердің басыңқы сөйлеммен байланысуына қарай көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем екіге бөлінеді:
1) жарыспалы көп бағыныңқы сабақтас; 2) сатылы көп бағыныңқы сабақтас.
Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтастың құрамындағы бағыныңқы сөйлемдерінің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей байланысады. Мысалы, Ағайын-туыстары Тілекті ортаға алып, кезек-кезек бетінен сүйіп, қолынан қысып, табысымен құттықтасып жатыр. Сөйлемнің құрамындағы әрбір бағыныңқы сыңары басыңқымен тікелей байланыса алады. Мысалы, Ағайын-туыстары Тілекті ортаға алып, табысымен құттықтасып жатыр; кезек-кезек бетінен сүйіп, табысымен құттықтасып жатырқолынан қысып, табысымен құттықтасып жатыр.
Сатылы көп бағыныңқы сабақтастың құрамындағы бағыныңқы сыңарлары басыңқымен тікелей байланыспай, өзара бір-бірімен байланысып барып басыңқымен байланысады. Мысалы, Көк алғаш тебіндеп шығып, жер дегди бастағанда, Құнанбай Қарқаралыдан елге қайтты.
Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы бағыныңқы мен басыңқы сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай алты түрге бөлінеді: 1) шартты бағыныңқы; 2) қарсылықты бағыныңқы; 3) себеп бағыныңқы; 4) мезгіл бағыныңқы; 5) қимыл-сын бағыныңқы; 6) мақсат бағыныңқы.
1. Шартты бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдерінің біріншісі екіншісіндегі істің орындалу не орындалмау шартын білдіретін құрмаластың түрі шартты бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы, Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Шартты бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының баяндауышы тиянақсыз болып, сабақтаса байланысады. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемнің сыңарларының арасына үтір қойылады.
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары:
1) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің -са, -се шартты рай тұлғасынан болады. Мысалы, Айтқан сөзің дұрыс болса, қалғанын өздері түсіне жатар.
2) көсемше тұлғалы етістіктің -ма+й, -ме+й немесе -майынша/мейінше,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет