Жәбірленуші Адильбек: – Этил спирті суда жақсы ериді. Одан неше түрлі спирттік ішімдіктерді даярлайды. Ал оны үнемі ішетін адам маскүнемдікке салынып кетуі ғажап емес. Мұндай адамның мінез - құлқы өзгереді. Ол – дөрекі, ұстамсыз, әдепсіз келеді. Спирттің әсерінен неше түрлі ауруларға душар болады. Адамның жұмысқа деген қабілетін, ұқыптылығын, байқампаздығын тежеп, сана - сезімін улайды. Сондықтан мен «спиртті айыптауды сұраймын»
Хатшы Аружан:Сөз кезегі айыптаушыға беріледі.
Айыптаушы Нұрлыхан: - Ия, спирттің зиянды екені рас. Оны осы отырғандардың әр қайсысы мойындайды. Алкоголь дегеніміз – қан құрамындағы шарап спирті. Адам арақ – шарапты ішуді әуелі жай әуестікпен бастап, кейіннен оны әдетке айналдырып, онсыз тұра алмайтындай күй кешіп, яғни «алкоголизм» ауруына ұшырады, денсаулығы бұзылады.Осы айтылған сөздерім дәлелді болу үшін куәгерлерімді ортаға шақырамын.
1- Дәрігер Мерей: спирттік ішімдікті үнемі қабылдайтын болса, ол адамның есту, көру қабілетінің нашарлайтыны, қауіпті ауруларға ( гастрит, жара, рак) душар болатыны жайлы айтып шықты. Сонымен қатар маскүнемнен туған балалардың да орталық жүйке жүйесі ауыр зақымданып, ұстамалы ауруға жие ұшырауының мүмкін екенін ескертіп өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |