Құжаттама тәртібі


Жауаптары: 1.В,2.Д,3.Д,4.Е, 5.Д,6.А; 4.Тапсырма



бет8/8
Дата14.12.2021
өлшемі1,16 Mb.
#127035
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ОХ-9 тәжірибе .

Жауаптары:

1.В,2.Д,3.Д,4.Е, 5.Д,6.А;



4.Тапсырма: Деңгейлік тапсырмалар:

1-деңгей Мына заттардың формулаларын жазыңыздар:

пропанол-1, метанол, этанол, 2 метилпропанол-2, глицерин



2-деңгей .

1)Тринитроглицериннің түзілу реакциясын жазыңыздар .

2)Мына реакция теңдеулерін жазыңыздар.

C2H5Br + H2O →

C2H5OH + O2

C2H5OH + C2H5OH→



3-деңгей. Мына тізбектегі реакция теңдеулерін жазыңыздар:

1) C2H4→C2H6→C2H5CL→C2H5OH→C2H5__ O __C2H5→CO2 2)Глицериннен 1,2,3- трибромпропан алу теңдеулерін жазыңыздар



5.Тапсырма : Спирттердің жіктелуі, метанолдың қолданылуы, этанолдың қоданылуы, сызбанұсқаларды сызу, Т кестесін толтыру.

6 тапсырма :Мына есептерді шығарыңыздар:

1.Мөлшері 1 моль этиленгликольді натриймен әрекеттестіргенде

қандай көлем (қ.ж.) сутек бөлінеді?



2. Массасы 15,5 г екіатомды спирт алу үшін қандай органикалық

қосылысқа калий перманганатының ерітіндісін қосу керек және

көмірсутектің массасын табыңыздар.

7 тапсырма Ютуб каналынан мына видеоларды көріңіздер :

1. Көпатомды спирттер.

2. Біратомды спирттер.

8 тапсырма Мына сөзжұмбақ ребустарды шешіңіздер

6. Рефлексия.

-Білімгерлер мен оқытушы арасындағы дұрыс қарым-қатынасты тудыру.

-Білімгерлердің өзін-өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынас принципін үйрету;

-Сіздерге сабақ қызықты болды ма?

-Білгендеріңіздің маңызы қандай?

-Сіздерге бүгінгі сабақта не ұнамады?



7. Білімгерлердің сабағы тыңдалады .

5. Білімгерлермен кері байланыс орнату.

6.Сабақты бекіту

1.Бейне баян көрсету

2.Химиялық диктант

1.Бір атомды спирттер қаныққан спирттерге жатқызылады.(+)

2.Спирттер галогенсутектермен әрекеттеседі.(+)

3.Спирттер суда ерімейді. (—)

4.Спирттер тотыққанда кетонға айналады. (+)

5.Метил спирті улы, адамды соқыр қылуы не одан уланып өлуі мүмкін.(+)

6.Спирт адамның көңіл-күйің көтереді. (—)

7.Спирт тек техникада қолданылады. (—)



8. Сабақты қорытындылау.

9. Білімгерлерді бағалау.

10. Үйге тапсырма беру.

Лекцияны оқып, Спирттердің қолданатын салалары туралы материалдар дайындау,спирттер тақырыбына тест тапсырмаларын жасау





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет