1.3.-тапсырма. Критериалды бағалау қағидаттары Критериалды бағалау қағидаттарын қалай түсінесіз?
Кестені толтырыңыз.
Критериалды бағалау қағидаттары
Сипаттама
Оқытуменбағалаудыңөзарабайланысы
Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.
Шынайылық,анықтықжәневалидтілік
Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.
Ашықтықжәненақтылық
Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
Үздіксіздік
Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.
Дамытуғабағытталуы
Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады