Релаксацияға байланысты жаттығу: «Өзіңмен өзің». Балалар орындықтарында отырып, көздерін жұмады. Әуен ойнайды. Күн суытты. Қыстың аязды күндері сезіледі. Ал, біз болсақ, ыстық жазды елестетейік. Алтын күн аспанда өз шуақтарымен қызыл құмды қыздырып тұр. Сендер табандарыңмен оның қызуын сезесіңдер.
Сендер мөлдір теңіздің жағасында асықпай жүріп бара жатырсыңдар. Ол сендерге сыбырлап: «Сәлеметсің бе, балақай! Айналаға қарашы, табиғат-ана неткен сұлу! Оның әдемілігіне сүйсінудің өзі қандай бақыт! Күнді көріп, оның шуақтарына қыздырынған қандай бақыт! Құстардың сиқырлы үнін тыңдаған, осы күнге қуанған қандай бақыт! Сенің осындай кең дүниеде бар екенің қандай бақыт» - дейді.
- Өздеріңді тыңдаңдаршы... (кідіріс).
- Өздеріңді бақытты сезіндіңдер ме? Оны қалай түсіндіңдер?