Жаттығу: «Лабиринт» Мақсаты: балаларға «Лабиринт» ойынының мағынасын түсінуге көмектесу, ізгі сезімдерін көрсете білуді дамыту, бір-бірімен мейірімді қарым-қатынас дағдыларына тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: «Лабиринт» суреті, маймыл, банан суреті, түрлі-түсті бояу қарындаш.
Түсіндіру:
-Балалар, біздің аялдамамызда маймыл кездесті. Бірақ ол жай жүрген жоқ, өзінің азығын іздеп жүр екен. Маймылдың азығын тауып берсек, ол бізге ары қарай жол көрсетеді. Барлықтарың қолдарыңа түрлі қарындаштарды алып, сонымен жолдың басынан бастап, адаспай аяғына дейін жүреміз.
Талқылау:
- Жол жүру барысында қандай қиыншылыққа тап болдыңдар?
- Маймылдың азығын тауып берген жағдайда қандай сезімде болдыңдар?