«Тез-тез қайтала» Алдымен жүргізуші ойыншылармен келісіп алады. Балалар жүргізушінің сөзін айтып тұруы керек. Бірақ, жүргізуші «мені қайталаңдар» деген сөзді айтуы керек. Одан кейін жылдам диолог-«атысу»өтеді. Кімде-кім жаңылсып кетсе,ойынан шығады.Ешқандай жаңылыспаған адам жеңімпаз атанады. «Ұста-ұстама» Ойынға қатысушылар үш командаға бөлінеді,бір-біріне үшбұрыш түрінде қарап тұрады (Әр команданың ойыншылары бір жағы үшбұрышты құрайды,арақашықтықтары бір-бірінен 2 метр). Ойыншылар ашық және қоңыр түсті 2 допты бір-біріне алма-кезек лақтырады.Ашық түсті допты әрқашанда ұстап алу керек, ал, қоңыр түсті допты үндемей лақтырғанда ұстау керек. Мұндай «жәй» допты кімде-кім ұстай алмаса, сол ойыннан шығады. Үшбұрыштың ортасында жүргізуші тұрады. Ол допты лақтырады, құлап қалғандар үшбұрыш ортасында.Жүргізуші және ойыншылар допты жанында тұрған келесі топқа лақтырады.Егер доп жерге кетсе, онда оған топ ие болады. Егер де топта ешқандай ойыншы қалмаса, онда ойын аяқталды.Ал,жеңімпаз- қай жақтың ойыншысы көп, сол жақ болып табылады.