Жаттығулар мен тапсырмаларға түсінік



бет3/9
Дата04.07.2018
өлшемі289,77 Kb.
#46410
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Луис Диастың ісі

Оқиға 1992 жыл қыркүйектің 17 жүлдызында Венесуэланың Арагуа штатында болған еді. Карабоба мемлекеттік университетінің медицина факультетінің студенті - Энрике Ланда Диас басқа студенттермен және оқытушылармен бірге өз факультетінің қүрылғанына 17 жыл толуын мерекелеген еді. Куәлардың айтуынша, кейбір студенттер ойын-сауық маңына жақын жерде кезекшілікте жүрген Ұлттық гвардия сарбаздарымен сөзге келіп қалған. Гвардияшылар студенттердің қызбалығын көз жасын ағызатын гранатапармен басқан.

Түнгі 2.30-да гвардияшылар студенттерге қарай әскери патрондармен атқылай бастаған. Жанжал түтасымен бейнетаспаға жазылған. Бірнеше минуттан кейін 21-ге толған балғын шақтағы Луис Диас жарық дүниемен қош айтысты.

Қайғылы оқиға бойынша ресми тергеу тағайындалып, күдікті ретінде гвардияшылардың бірі: әскери және азаматтық соттың қарауына берілді.

Алайда 1993 жылдың наурызында әскери сот істі тек өзінің ғана қарауына берілуін талап етті. Әскери сот бүған дейін талай мәрте адам құқығын бұзғандығы туралы айыпталған қауіпсіздік күші мүшелерін жауапкершіліктен босатқан болатын.

Луис Диастың өліміне жүртшылық назарын аударуға үмтылған оның жақын-жуықтарының әрбір қадамына аңду қойылды. Оларды телефонмен қорқытып, үйін атқылады. 1992 жылдың желтоқсанында белгісіз біреулер Луис Диастың әкесін машинадан атып, тізесін жарапады.



Саяси жеяеумен кісі өлтіру жөніндегі ақпарат

“Заңсыз әрекет” термині биліктің рұқсатымен немесе оның түртпегімен жасалған заңсыз қасақана кісі өлтіруді білдіреді. Егер билік қауіпсіздік күштері тарапынан болған қисынсыз кісі өліміне тергеу жүргізуден немесе кінәлілерді жауапкершілікке тартудан бас тартса, онда мұндай кісі өлтіру сотсыз жазалау ретінде бағаланады, ал бұл үшін жауапкершілік үкіметке жүктеледі. Сондай-ақ “саяси желеумен кісі өлтіру” термині де қолданылуы мүмкін, өйткені ол үғынуға жеңіл және қарулы саяси топтардың қасақана заңнан тыс әрекетін білдіреді.

Саяси желеумен кісі өлтіруді заң шегінде жол берілген кісі өлтіруден ажырата білген жөн. Егер кімде кім өзін-езі қорғау мақсатында әрекеттенген солдаттың немесе бүлік кезіндегі полиция іс-әрекетінің нәтижесінде қаза болса, мұндай кісі өлтіру заңды болып саналуы мүмкін. Әділ сот талқыламасының барысында шығарылған өлім жазасының орындалуын да мемлекет тарапынан мүндай кісі өлтіруді заңды және ақталған іс-әрекет ретінде бағапайды. Солдаттың пендешілік себептері бойынша кісі өлтіруі соттан тыс жазалау болып табылмайды, бұл үшін ол басқа кез-келген кісі өлтіруші сияқты жаза алады. Үрыс қимылдары кезінде солдаттың қарсыласын өлтіруі де, заңды болып саналады.

Көптеген үкіметтер адам құқықтарын сақтауға міндеттейтін шарттармен байланыста бола тұрып, саяси кісі өлтіруге жол береді. Кейбір елдердің үкіметтері өз іс-әрекеттерін ақтауға тырыспайды да. Басқапары кісі өлтірудің осындай әдістерін нағыз қылмыскерді жасыру үшін пайдаланады. Адам қараңғы түнде жалғыз қапған сәтте өлтіріледі. Алайда, көптеген елдердің үкіметтері жалған мәлімет береді немесе деректерді бүрмалайды.

1989 жылғы маусымда Пекиндегі Тьянаньмень алаңындағы демократиялық аудандағы шеруді қытайлық армияның танкілері жыртқыштықпен басып-жаншыды. Осы бір қанқүйлы әрекет телекамераларға түсірілді, қүрбандардың суреттері әлемдегі газеттердің бірінші беттерінде берілді. Оған мыңдаған адам куә болды. Ауруханапар мен мәйітханапардан жүздеген мәйіттер табылды. Солай болса да, үкімет әуелде қүрбандықтар болған жоқ деп мәлімдеді. Кейіннен бүл нұсқау өзгерді: үкімет солдаттар мен демонстранттар арасындағы қақтығыстар салдарынан Пекинде 200-дей бейбіт түрғынның қаза болғандығын мойындады. Бүл шынайы деректерге мүлдем жанаспайтын еді.

Кейбір үкіметтер өзін ақтау ретінде зорлық-зомбылықтың өз халқына тән екендігі немесе оның этникалық қайшылықтар нәтижесі болып табылатындығы туралы дәлел ұсынады. Зорлық-зомбылық кез-келген қоғамның ерекшелік сипаты болып табылады. Бұл арада, сөз жоқ, адам қүқығы бүзылады. Ұлттық, нәсілдік немесе діни өшпенділіктің ықтимал салдары болып табылмайды, ол көбінесе жүргізілген ресми саясаттың салдарынан басталады немесе ушығады.

120
9—4391








Оқиға бүдан әрі қалайша өрбіді...

Луистың ісін “Халықарапық Амнистия” құқық қорғау ұйымы өз қолына алды. Осы ұйым ұйымдастырылған науқан барысында төрткүл дүниенің төрт бүрышынан қарапайым адамдар хаттар легі Луистың қазасына байланысты шара қолдануды және оның жанүясын қудалауды тапап еткен Венесуэла үкіметінің тәубеге келуіне мәжбүр етті.

1995 жылдың шілдесінде Луисты атқан Үлттық гвардия сарбазын жаппы істер соты 18 жылға бас бостандығынан айырды. Бүл үкім қудалауға жатады.

Луистың әкесі осының бәрінің “...Халықарапық қысымның арқасында болғанын... өзінің үміт атаулыдан біржола күдер үзгендігін... қоқан-лоққы мен қарақшылықтың жігерін қүм қылғандай егіле отырып айтты”.



Өмір сүру қуқығы. Қуқықтардың жалпыға ортақтығы тусінігін дамытуға арналған жаттығулар мен тапсырмалар

Осы жаттығулар мен тапсырмалар барлық адамдар бірдей қүқықтарға ие екендігін түсінуге көмектеседі. Біздің қүқығымыз бүзылуы мүмкін, апайда оны бізден ешкім тартып ала алмайды. Біз олармен бірге туамыз және олармен бірге өлеміз.

Бүл жаттығулар мен тапсырмалар 71-78 беттерде кіші мектеп жасындағы балаларға арнап берілген жаттығулар мен тапсырмаларға сәйкес қүрылған.

Өмір ағымындағы қүқықтар



(Хорват В.а.В.е. ҒӨБ үсынған әйелдер қуқығы және жыныс теңдігі саласы бойынша өткен семинардың негізінде, Слунь, Хорватия, наурыз, 1996ж.)

Мақсаты:

Бүл жаттығуда біз езіміздің және езгелердің қүқықтарын қалай қорғайтындығымыз туралы мәселені қарау үшін оқушылардың жеке еміріндегі тәжірибелері негізге апынады.



Меңгеруге арналған басты түсініктер:

  • Күнделікті емірде біз “қүқықты” пайдаланбасақ та, езіміздің жеке қүқықтарымызды және басқа адамдардың қүқықтарын қорғау қажеттігі әрқашан алдымыздан жиі үшырасады.

Сізге не қажет:

Сынып тақтасы немесе үлкен қағаз парағы, қалам.



Уақыты: 1 сағат шамасы.

Тапсырма қалай орындалады:

  • Бүл тапсырма - 5-6 адамдық топтар үшін. Егер сыныптағы балапар саны кеп болса, әуелі бүл тапсырманы шағын топқа беріңіз (мүмкін түскі үзіліс

кезінде). Бұл оқушылар кейіннен кіші топтармен жұмыс кезінде көмекші бола алады.

  • Сыныпты көмекшісі бар 5-6 адамдық топқа бөліңіз.

  • Көмекші барлық оқушыға өзінің немесе басқа адамдардың құқығын қорғауға байланысты өз өмірінде кездескен мән-жайды айтуды ұсынады (мысалы, оқушылар балалық шағында қандай да бір жәйт үшін әділетсіз кінәланғандығы туралы есіне түскен оқиғаны айтып береді). 5 минуттан кейін әрбір оқушы мына жәйттарды әңгімелеп беруге дайын болуға тиіс:

  1. Менің өз құқығым үшін “күресуге” тура келген уақыт.

  2. Не болды?

  3. Бүл қай жерде өтті?

  4. Себебі. Құқықты неліктен қорғауға тура келді?

  5. Мені кім немесе не қолдады?

  • Олар өз сұрақтарын ойланғанша, көмекші сымшабағы бар үлкен дөңгелектің суретін салады.

  • Әр топтағы көмекшілер әрбір оқушыға жоғарыда тізбеленген тармақтарға нақты сүйене отырып, өз хикаясын айтып беруді ұсынЗды.

  • Оқушылардың өз тарихын айтып беру шегі бойынша көмекші сымшабақтың соңына болған әрбір жағдайды, ал сымшабақтың бойымен қолдау себептері мен көздерін жазады (жазу оңай болу үшін көмекші оқушылардың не туралы айтқандықтарын олардың келісімімен қорытындылай алады).

  • Барлығы өз тарихын тапсырып болғаннан кейін, көмекші төменде келтірілген сүрақтарды негізгі түсініктерді еске қалдыру үшін пайдалана алады.

Сүрақтар:

  • Сіздің басыңыздан осындай немесе басқа да бір оқиға өтті ме? Мысалы, сіз айтқан оқиға жақын адамдарыңызда немесе тар шеңберде, жүмысыңызда немесе үйіңізде болды ма?

  • Басқа адамдар мүны қалай қабылдады: оң, теріс?

  • Кімде-кім қолдау көзі ретінде заңды немесе билікті еске алды ма? Неге?

  • Өз құқығыңызды “қорғаған” жағдайды еске түсіргенде қандай сезімде болдыңыз?

  • Бүл оң тәжірибе болды ма? Неге?

  • Өз достарыңыз, әріптестеріңіз, отбасы мүшелері тарапынан қолдауды немесе ынтымақтастықты сезінгендер араларыңызда кеп пе? Біз адам қүқығын қорғауға кіріскенде осындай қолдау не үшін қажет деп санайсыз?

Жүмыстың басқа нүсқалары:

  • Бүл жаттығуды әртүрлі қолдануға болады. Ол кез-келген бастан өткен оқиғаны қорыту құралы ретінде кез-келген жас мөлшеріндегі топтарға жарамды.

  • Оқушылар осы қүралдың V бөлімінде келтірілген қүқық қорғау қүжаттарын қарап шығып, олардың әңгімелерінде қандай құқықтардың айтылғандығын анықтай алады.

  • Жоба ретінде оқушыларға 2-3 күн бойында бұқаралық ақпарат қүралдарын қадағалауды және өзін-өзі бақылауды ұсыныңыз. Адамдардың өз қүқықтарының қорғалуы үшін күрескен кездерінен мысалдар келтіре ала ма?

Мигнонет”

Мақсаты:

Осі бір өмір 'сүру қүқығы мәселесін көтеретін күрделі ізгіліктік тарих құқықтың шынайы өмірде қалай жүмыс істейтіндігі туралы ойлануға мәжбүр етеді. Бүл тапсырма 138-бетте келтірілген қайшылықтар туралы жаттығулар тобына кіреді.



Игеруге арналған негізгі мәселелер:

  • Әр адам өмір сүруге қүқылы.

  • “Табиғи қүқық” концепциясы.

Уақыты: 1 сағат шамасы.

Сізге не қажет:

Адам қүқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қысқартылған нұсқасы (163-бет).



»

Тапсырма қалай орындалады:

  • Балаларды өмір сүру құқықтарын жария ететін халықаралық негізгі құжат

  • Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 3-бабымен таныстырыңыз (158-бетті қараңыз):

“3-бап. Әр адам өмір сүруге, бостандықта болуға және жеке басына қол сүғылмауына құқылы”.

  • Әр сыныпты 5-6 адамдық шағын топқа бөліңіз.

  • Сыныпқа мына хикаяны оқып беріңіз:

“1984 жыл мамырдың 19-шы жұлдызында Англиядан Австралияға “Мигнонет” деп аталатын желкенді қайық жол тартты. Оның бортында капитан Томас Дадли, оның көмекшісі Эдвин Стивенс, матрос Нэд Брукс және 17 жасар Ричард Паркер болды. Шілденің 5-ші жұлдызында жойқын толқыннан желкенді қайықтың бүйірі тесіліп, суға бата бастады. Теңізшілер екі консерві қалбырын ғана алып, қүтқару шлюпкасына секіріп үлгерді. Бұдан кейін Мигнонет батып кетті. Төрт бақытсыз жерден 1600 милл қашықтықтағы Атлант мүхитының айдынында қалды. Оларда бірнеше жеміс консервісінен басқа ештеңе жоқ еді. Ашық мұхитта үш жүзгеннен кейін, әбүйір болғанда, теңізшілер бір тасбақаны үстады. Олар оның қанымен және етімен 9 күн қоректенді. Тамақсыз, жаңбыр суынан басқа ештеңелері жоқ олар әлі де жерден 1000 милл қашықтықта болғандықтан шарасыз күй кешті. Капитан өз зайыбына егер қандай да бір кеме жолықпаса: “бәріміздің де жарық дүниемен қоштасар сәтіміз жақын. Осындай қайтпас саяхатқа кеткендігім үшін кешір...” деп жазды. Олардың тек үшеуінің ғана өмірлерін бірнеше күнге үзарту үшін жалғыз-ақ мүмкіндік қалған еді. Олардың бірі қалғандар үшін тамақ болуға тиіс. Капитан жеребе тастауды үсынды, алайда Стивенс пен Брукс келіскен жоқ. Олар: “пешенемізге жазған осы шығар, өлсек бірге өлеміз” деді. Қайықта ес-түссіз жатқан жас Ричард Паркер үн қатпады.

Олар ас-сусыз тағы да екі күнге шыдады. Капитан Стивенсті қалғандарымыз тірі қалуымыз үшін біреуіміз қүрбандыққа шалынуға тиіспіз және бүған дәм-түзы таусылған Ричард Паркердің реті келіп түр деген уәжіне көндірді. Ричард Паркер жетім болатын, оның әйелі де, жанүясы да жоқ еді. Оның есі бір кіріп, бір шығып, ара- түра теңіз суын жүтгы. Бүдан оның жағдайы нашарлай түсті. Олар өздерінің қайығының теңіз жол өтетін ауданда қалқып жүргендігін білді. Олардың кемеге кез-келген күні тап болуы да, не болмаса оны мүлдем көрмеуі де мүмкін еді. Олар, егер келесі күні өздеріне көмек келмесе, Ричардтың өмірін қиюға келісті. Бірде-бір кеме кездеспеді. Матрос Брукс кісі өлтіруге қатысқысы келмей, киіммен басын бүркеніп, қайықтың бүрышына жатып алды. Дадли мен Стивенс ессіз жатқан Ричардқа қарай еңкейді. Капитан сыбырмен былай деді: “Қош бол, бауырым, Ричард. О дуниеге аттанар уақытың келді”. Стивенс оның аяғын үстауға даяр түрды. Бүлай етудің еш қажеті болмады. Өйткені Ричардтың тырп етуге де қауқары жоқ еді. Капитан жиылмалы пышағын алып, жас жігіттің мойнын орып жіберіп, оның жанын қас-қағым сәтте жаһаннамға аттандырды. Үшеуі де бірнеше күн бойы оның қанын ішіп, жүрегі мен бүйрегін жеді. Төртінші күні олар немістің “Монтезум” кемесінің көзіне шалынды. Үшеуі де өте әлсіз еді. Капитан мен оның көмекшісін бортқа арқанмен тартып шығарды.

Олар Англияға қыркүйектің 7-ші жүлдызында келді. Дадли, Стивенс пен Брукс үкімет орындарына келіп, Ричардтың өлу себебін түсіндірді.

Оқушылардан мына сүрақтарға жауап беруін өтініңіз:

Сіздер үш теңізшінің әрекетін дүрыс деп санайсыздар ма?

Оларды кісі өлтіргендігі туралы айыптауға бола ма?

Үшеуін де бір қылмыс жасағандығы туралы айыптауға бола ма?

Хикаяның жалғасын оқып беріңіз:

“Мүндай оқиғалар бүрын да талай рет болған болатын. Сондықтан да Дадпи, Стивенс пен Брукс кісі өлтіргендіктері туралы айыптың бірден тағылғандығына таң қалды. Ал, матрос Брукқа қатысты айыптау кейінірек алынып тасталды. Олардың хикаясы үлкен қызығушылық туғызды, бүл туралы бүкіл газеттер жарыса жазды. Сотта олардың қорғаушыларына төлеу үшін ақша жиналды. Алайда сотта істің тапсырылған фактілері бойынша келіспеушілік болды. Присяжныйлар алқасы алдында аса қиын міндет түрды. Олар үш айыптаушыға жанашырлықпен қарады және де басқа адамды жеке өмірін қүтқару үшін өлтіруді қылмыс емес деп санағылары келді. Алайда, олар сондай-ақ ешбір жазығы жоқ адамды қасақана өлтірудің үлкен қылмыс болып саналуға тиіс екендігін де түсінді. Судья оларға “ерекше үкім” шығарудың айрықша шарасына мүмкіндік беріп, присяжныйларға шығар жолды үсынды. Мүнда присяжныйлар іс деректерін мазмүндап, Дадли мен Стивенстің

кісі өлтіргендігі жөнінде кінәсінің бар-жоқтығы туралы шешім қабылдауда бес судья қурамындағы сотқа қалдырды”.



  • Сыныпқа төмендегі сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:

  • Егер сіз, бес судьяның бірінің орнында болсаңыз, Дадпи мен Стивенсті кісі өлтіргендігіне байланысты кінәлі деп санар ма едіңіз?

  • Неге?

  • Егер кінәлі болса, оларға қандай жазаны қолданған жөн?

  • Енді сыныпқа ақиқатында не болғанын айтып беріңіз:

“Сот Дадли мен Стивенске кісі өлтірген деп үкім шығарды. Кісі өлтіру өлім жазасымен жазаланады, алайда бүл жағдайда ол алты ай түрмеде отырумен ауыстырылды. Мүндай жағдайда сол уақыт ішінде және басқа матростарға тағайындалған жазалармен салыстырғанда көпшілік қауым бұл үкімді шектен тыс қатаң деп санады”.

Сүрақтар:

  • Ричард Паркердің өмір сүру қүқығы бүзылды. Ал сіз қайықта болған басқа адамдардың өмір сүру қүқықтарына қатысты не ойлайсыз? Басқа адамды өлтіргендігі үшін өлім жазасын қолдар ма едіңіз?

  • Бүл оқиға Адам қүқықтарының жалпыға бірдей декларациясы жарияланғанға дейін 64 жыл бүрын болған еді. Бүл Ричард Паркердің өмір сүру құқығына қатысты бірдеңені өзгертер ме еді?

  • Кейбіреулер әрдайым өмір сүрген және салауатты оймен және әділдікпен ерекшеленетін “табиғи” заңдар мен қүқықтар бар деп пайымдайды. Сіз осы оймен келісесіз бе?

  • Өмірдің өзінен басқа біз басқа қандай жәйтқа “табиғи қүқықты” қалар едік? Осындай тізім жасаңыз және оны Адам қүқықтарының жалпыға бірдей декларациясында анықталған қүқықтармен салыстырыңыз.

Жүмыстың басқа нүсқалары:

  • Егер үш теңізші юнганы өлтіргендіктері туралы үкімет орындарына хабарламаса, не болар еді? Оқушыларға олар өздерін осы үш адамның орнына қойып, қайғылы оқиғадан кейін он жыл өткен соң, олардың нені сезінетіндіктері туралы пьеса, әңгіме, өлең немесе елес хат жазуын үсыныңыз.

  • Егер сіз Ричардтың досы болсаңыз, қандай әрекетке барар едіңіз?

  • Жоба ретінде оқушыларға өз достары мен жанүясының мүшелеріне “сіздердің пікірлеріңізше, өздеріңізде қандай табиғи қүқықтар бар” дейтін сүрақты қоя отыра, сауал жүргізуді үсыныңыз. Алынған жауаптар салыстырылуға және пікір-сайыста немесе математика бойынша жүмыста пайдалануға болады. Онда, мысалы, жиналған мәліметтерді дөңгелек диаграмма түрінде пайызбен беруге болады.

Иринаның хикаясы

Мақсаты:

Құқығы жиі бұзылған адамның нақты ісін оқып-үйрену оқушылар білімін толықтырады, сондай-ақ қарапайым адамдарға осындай басбүзарлықтарға қарсы түруға септігін тигізеді.



Игеруге арналған негізгі мәселелер:

  • Жекелеген адамдар және әсіресе адамдар тобы ез қүқығының аяққа тапталуына жол бермеуге мүмкіншілігі зор.

Сізге не қажет:

  • 129 және 130-беттердегі Иринаның хикаясы.

  • 163-беттегі Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қысқартылған нүсқасы.

  • Ар-ождан түтқындары туралы ақпарат.

Уақыты: 1 сағат шамасында.

Тапсырма қалай орындалады:

  • Сыныпқа үкімет заң негізінде кімде-кімді түрмеге отырғызу үшін қисынды деп тапқан барлық себептерді жедел айтып беруін сұраңыз. Мысалы, кісі өлтіргендігі, үрлық жасағандығы және т.б. үшін. Мүны тақтаға жазыңыз. Бүған бар-жоғы 5 минут уақыт бөліңіз.

  • Оқушыларға 130-беттегі ар-ождан түтқындары туралы ақпаратты оқып беріңіз немесе олардан өздерінің оқуын тапсырыңыз.

  • 129 және 130-беттердегі “Иринаның хикаясын” оқып беріңіз немесе олардан өздерінің оқып беруін өтініңіз.

  • Сыныпты 5-6 адамнан тұратын топқа бөліңіз. 163-беттегі Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қысқартылған нүсқасының даналарын таратып беріңіз. Олардан Иринаның Декларацияда жарияланған қандай қүқығының бұзылғандығын анықтауды сұраңыз (егер Декларацияның көшірмесі жоқ болса, қүқықты дауыстап оқып, Иринаның қандай құқықтарын бұзылғанын сүраңыз).

  • Егер қандай да бір топ басқаларға қарағанда тапсырманы жылдам орындаса, олардан Иринаны босату үшін Милуоки қаласы Халықаралық Амнистия тобы пайдаланған қандай әдістерді тапқандығын сұраңыз.

  • Төмендегі келтірілген сұрақтар бойынша Иринаның хикаясы бойында пікір-сайысты бастаңыз.

Сүрақтар:

  • Оның қандай қүқықтары бұзылды? Неге?

  • Иринаның тағдырына осылайша қараған биліктің пиғылы қандай?

  • Халықаралық Амнистия, құқық қорғау ұйымының мүшелері Иринамен таныс емес және онымен отандас емес. Неліктен олар Иринаның тағдырына жауапсыздықпен қарады деп ойлайсыз?

  • Сіз қалай ойлайсыз, осы адамдардың совет өкіметіне американдық өкіметке және Иринаға осы адамдардың іс-әрекеті қалайша ықпал етті?

  • Иринаны түрмеге жапқан билік және адам қүқығын бүзған басқа үкіметтер мемлекет жаулары мемлекетке қарсы шыққан кезде олардың өз қүқықтарын жоғалтатындығы туралы дәлелдер келтіреді. Адам қүқықтарының жалпыға бірдей декларациясының кіріспесінде біздің “тең және тартып алынбайтын қүқықтарға” ие екендігіміз айтылады. Сіз қалай ойлайсыз, кімдікі дүрыс? Неге? Бүл неліктен маңызды?

Бүкіл әлемдегі адамдардың, егер сіз түрмеге әділетсіз отырылғандығыңызды қалайша қабылдағанын қалар едіңіз?

Жүмыстың басқа нүсқалары:

  • Жоғары сыныптағылармен жүмыс үшін Адам қүқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қысқартылған нүсқасын пайдаланыңыз.

  • Тәжірибе ретінде жоғары сыныптағыларға бір адамдық камерада отырған адамның көзқарасы түрғысынан өлең жазуды немесе Иринаның хикаясын пьеса ретінде көрсетуді үсыныңыз.

  • Ирина сабынға өлең жазды. Төменгі сынып оқушылары судың көмегімен топыраққа, таяққа және т.б. өлең жазуға талаптана алады.







Иринаның тарихы

1983 жыл наурыздың 5-ші жұлдызында, туған күнінің ертеңінде 29 жастағы украиналық ақын Ирина Ратушинская кеңестік үгіт және насихатты кері жүргізгені үшін деп бас бостандығынан айырып 7 жыл мерзімге еңбекпен түзеу орнына жіберіліп және 5 жылға ішкі айдауға кесіледі. Ол бес өлеңі үшін сотталады, оның жолдасы айтқандай, осы туындылардың саясатқа қатысты “Біздің отанымыз” секілді болатын деп қынжылады. Ақын қыз шерулерге қатысқан, олар үкіметті адам қүқықтары мен бостандықтарын сақтап, қүрметтеуге шақырды.

Ақынды Ресей Федерациясының Мордва Автономиялық Республикасының Барашевода орналасқан әйелдерге арналған саяси түтқындарды орналастыратын арнайы Кіші зонаға жібереді. Бүл зона кеңес заңы түсындағы әйелдер орналастыратын ең қатаң режимдегі түрмелердің бірі болатын. Ирина түрмедегі тұтқындарды ұстайтын торлардың жылытылмайтындығына, дұрыс тамақтанбайтындарына және дәрігерлік баптың жоқтығына қарсы аштық жариялады. Оған дәрігерлік көмек қажет болды, бірақ туғандармен кездесуге, заттар алуға тыйым салынғандықтан, оған дәрі-дәрмек жетпеді. Аштық жариялағандықтан оны айып тағу ретінде Явас қаласына жіберді. Онда келісімен соққыға жығылды, түнде іш көйлекпен тас еденде түнеді, оңалғанға дейін төсек те бүйырмады. Оны соққандарды айыптауға әрекеттенгені үшін, жалғыз адамдық камераға “бүның миы шайқалғандығы сылтау” екенін “дәлелдеу” үшін қайта отырғызады.

Ол “Сүр түс - үміт түсі” деп аталатын кітабында өзінің түрмедегі өмірін былай етіп баяндайды.

Адам баласына тән, туғаннан қалыптасатын қадір-қасиеті қасақана тапталуына жол беріледі. Таза болғысы келу орынды ма? Онда өз үлесіңізге берілетін түздалған майшабақты камерадағы есіктің тесігінен жалаңаш қолыңызбен алып көріңіз. Сізге пышақ та, шанышқы да, тіпті оларды қоятын қағаз да бермейді. Сонан соң сірне-сірне қолыңызды киіміңізге сүртіңіз, себебі жуынар су да бермейді! Қышыманы жүққызып, теріңіз қабыршықтанып, ласта өмір сүріп, арса-арсаңыз шығып, темір шелектің мүңкіген иісімен демалыңыз, міне, сонда сіз өзіңіздің істеген әрекетіңізге өкінесіз. Әйелдерге үяңдық тән бе? Бүған сылтаудың көкесі оларды тінту кезінде тыр жалаңаш шешіндіру немесе оларды тергеу кезінде, моншаға апарғанда офицерлердің бір қора қошқарлары жер етіп масқаралау үшін “кездейсоқ” кіріп келеді. Дені дүрыс адамға дөрекілік пен жалғандық жат. Сіз соның қай-қайсысының кесапаттарымен бетпе-бет келгенде мүнан басқа да өмір бар екенін үмытпау үшін бүкіл ішкі қуатыңызбен тас-түйін болуыңызға тура келеді.

1983 жылдың “Халықаралық Амнистия” құқық қорғау үйымы Иринаның ісін қайта қарап, бостандыққа шығаруға жаппай кірісті. АҚШ-тың Милоуки қаласындағы “Халықаралық Амнистия” тобы Иринаның жағдайын баспасөз бен радиодан көп хабарлады, оның ішінде кезінде КСРО-дағы ең танымал “Америка дауысы” радиостансасынан оның сүхбатын халық назарына үсынды. Олар кеңес үкіметінің басшыларына Иринаны қорғау үшін петициялар мен жеделхаттар жолдап, американдық ресми лауазымды адамдары және бүған қоса Президенттің өзінен де көмек алуға тырысты. Олар Иринаның отбасымен хабарласты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет