Жаттыѓу ж¦мысы


Грамматикалық, орфографиялық талдау



бет25/75
Дата05.02.2022
өлшемі1,58 Mb.
#13858
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   75
6.2 Грамматикалық, орфографиялық талдау

Бұл оқушыларды грамматикалық және орфографиялық құбылыстардың ара-қатынасын түсінуге, орфографиялық қиыншылықтарды таба білуге және оқыған құбылыстарын таба білуге дағдыландырады. Бұл талдау өз алдына жаттығу ретінде немесе басқа жаттығулардың элементі ретінде де жүргізіледі.


Жазылуы қиын сөздер жаттығуларға кірістіріледі және бұл сөздер бірнеше мәтіндерде қайталанып отырылады, бұл материалды тыңғылықты игеруге септігін тигізеді. Жаттығулардың ішінде әсіресе сөздік жасауға байланысты жүргізілетін жұмыстар қиын сөздердің орфограммасын есте қалдыруға жақсы жәрдемдеседі. Оқушылардың белсенділігін көтеру мақсатында кеспемен (карточкамен) жұмыс жүргізіледі. Бұл үшін әр оқушы кеспені алдын-ала дайындап, сонымен жұмыс жүргізу барысында белгілі ережелерді дәлелдеуге, анықтауға үйренеді.
Жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай материалды таңдауға қойылатын талаптар туады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар бірден-бірге күрделеніп отырылады. Мұндай жаттығу жұмыстарының әдісі– оқушылардың білімін пысықтап, қалыптастырып, қайрат-жігерін дамытатын әдістің түрі.
Жаттығу жұмысын жүргізу үшін оқытушы ең әуелі оның түрлі мақсатын айқындап алады. Оқушыларға жаттығу жұмысының үлгісі көрсетіліп, орындау тәсілдері түсіндіріледі.
Программалап оқыту әдісі бойынша, жаттығу жұмыстары белгілі бір жүйеге құрылып, жаңаша тәсілдермен жүргізіледі. Оқытушы жеке оқушылардың жаттығу жұмыстарын жан-жақты тексеріп, дер кезінде кемшіліктерін түзетіп отыру оқушының сауатты жазуына ықпалын тигізеді. Жаттығу әдісі арқылы оқушылардың оқу материалын қалай ұғынғаны айқындалады, яғни жаттығу әдісі оқыту ісінің теориясын практикасымен байланыстыру принципін жүзеге асырады.
Дайын материалды талдау түсіндірмелі жаттығулар бойынша өткізіледі. Кеңейтілген түсіндірілмелі жаттығулар мазмұнына қарай ірі тақырыптар және жеке тақырыптар бойынша орындау болып екіге бөлінеді. Орындау тәсіліне қарай түсіндірмелі талдау да екіге бөлінеді: ауызша және жазбаша талдау.
Жаттығуды ауызша талдауда мынандай методикалық талаптар қойылады: а) оқытылып отырған материалдың өзіндік белгілері көп болмауы тиіс; ә) тақырыптың анықтамасы сөйлем жағынан ықшам болуы қажет; б)орындалатын жаттығудың мақсаты күрделі болмауы керек; в) жаттықтырылатын материалдан оқушылардың жалпы түсінігі болуы абзал.
Бұндай жаттығулары төмендегідей жүйе бойынша жүргізуге болады. Алдымен, оқушылардың ойын бағыттау үшін тыңдап отыруын талап ету қажет. Дәптерге ештеңе жаздырылмайды. Өтілген тақырыпқа сай, жаттығулардың шартын ауызша әңгімелейді. Мәселен, мәтінді түгел оқып шығыңдар, еріндік пен езуліктерге назар аударыңдар, мәтіндегі объектілерді ауызша атаңдар, осыған ұқсас мысалдар келтіріңдер, тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін саралап түсіндіріңдер, анықтамасын айтыңдар.
Жаттығуды ауызша талдау арқылы оқушыларда мына сияқты дағдылар дамиды:

  1. оқушылардың білімі бекітіледі;

  2. есту қабілеті қалыптасады;

  3. сенімділік қабілеті нығаяды;

  4. байқау қабілеті дамиды.

Ауызша және жазбаша өтілетін талдаулар жүргізу орнына қарай тақтада және орнында отырып орындау болып екіге бөлінеді. Тақтада орындау үшін сынып тақтасы мен жылжымалы тақта пайдалынады. Тақтада тақырыптың неғұрлым қиын және күрделі түрлері орындалады.
Бұл сияқты талдаулар төмендегі тәртіппен өткізіледі:жаттығудың нөмірі жазылады, орындалу үлгісі көрсетіледі, объектінің өзіндік белгілері бойынша қалай сұрыпталатыны, жазылу емлесіне байланысты заңдар қалай дәлелденетіні түсіндіріледі. Ал орнында отырып орындалатын жаттығулардың шартын дауыстап оқып, дәлелдеп түсіндіреді. Оқулық бойынша ауызша талдау, көбінесе күрделі мақсатты объектілерді түсіндіру үшін жүргізіледі. Оқулықтағы материал бірер оқушыға дауыстап оқытылады. Оқулықтың беті, параграфтың, жаттығудың беті мен нөмірі тақтаға жазылады. Бір оқушыны тақтаға шығарып, жаттығудың шартын орындатады, бірер үлгісін мұғалім өзі жазып көрсетеді, қалғанын сыныпқа сұрақ қоя отырып, үлгісін тақтаға жаздырады.
Сабақтағы жаттығу жұмысы оқушылардың қандай тілдік материалдармен жұмыс жасауына қарай фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік, т.б. болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет