Жаттыѓу ж¦мысы



Pdf көрінісі
бет71/112
Дата03.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#134157
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   112
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)

1.15 Бақылау диктанты 
Бұл диктант айына бір не әрбір үлкен тақырып, тараудан кейін 
немесе тоқсанның соңында өткізіледі. Бақылау диктанттары 
оқушылардың бұрын өтілген материалдарды қандай дәрежеде 
меңгергенін және сауаттылық деңгейін анықтау мақсатымен 
жүргізіледі.
Диктант үшін ІІ сыныпта 18-20 сөзден, ІІІ сыныпта 20-30 сөзден 
құралған қысқа сюжетті мәтін алынады да, көлемі жөнінен де, 
мазмұны тұрғысынан да біртіндеп күрделеніп отырады. Бақылау 
диктанты төмендегіше жүргізіледі: 
а) үзіліс кезін пайдаланып, мұғалім диктант тақырыбын, мәтін 
ішінде кездесетін қиын сөздерді тақтаға жазып қояды; 
ә) мұғалім диктант мәтінін екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын 
сөздерді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді; 
б) егер диктант мәтіні жеке сөздер мен сөз тіркестерінен немесе 
оған негізделген сөйлемдерден құралған болса, мұндай мәтіндердің 
әрбір сөзін, сөйлемін мұғалім үш рет оқиды. Оқушылар жазар 
алдында әрбір сөзді көңіл қоя тыңдап, ұғып алғаннан кейін ғана 
жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылардың түгелдей жазуын қадағалап, 
ең баяу жазатын оқушы жазып бітісімен, келесі сөйлемді оқиды. Бірақ 
ол жаңа сөйлем екені айтылмайды. 
Оқушылар диктантты түгел жазып болғаннан кейін, мұғалім 
мәтінді бастан-аяқ тағы бір рет оқуға кіріседі. Осы кезде оқушылар өз 
жазғандарын мұғалімге ілесе отырып тексеріп, қатесі болса, түзетеді. 
Бақылау диктантында әрбір оқушы бұрынғы диктанттарда жіберген 
қателерін еске түсіріп, оларға байланысты ережелерді қайталап келуге 
әдеттенуін қадағалап отыру керек. 
Ескерту.
Диктанттардың қай түрін жазғанда да оқушылар 
көркем жазу мен грамматикалық талдауға жаттыққандық, төселгендік 
көрсетуі керек. Бұл – шәкірттер білімін бағалаудағы бірінші шарт. 
Сондықтан көркем жазу – сабақтың көркі де, грамматикалық талдау – 
сабақты барлық жағынан жандандыратын күш. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет