77
тен аспау керек.
V сынып үшін әр түрлі орфограмма саны 12, тыныс белгісі 3-4-
тен аспау керек.
VІ сынып үшін әр түрлі орфограмма саны 20, тыныс белгісі 4-5-
тен аспау керек.
VІІ сынып үшін әр түрлі орфограмма саны 24, тыныс белгісі 5-7-
тен аспау керек.
VІІІ сынып үшін әр түрлі орфограмма саны 25, тыныс белгісі 7-
10-нан аспау керек.
Қазақ тілі бойынша жазба
жұмысына бөлінетін сағаттар
бағдарламалық тақырыптардан да, тіл дамытудан да, қайталанудан да
алынады. Оқу жылы басында өткенді
қайталау есебімен сынып
оқушыларының сауаттылық дәрежесін анықтау үшін бір сағат және әр
тоқсан соңында бір сағат бақылау жұмыстары алынады. Ал
бұдан
басқа уақыттағы алған жазба жұмыстар үйрету мақсатын көздейді.
Жазба жұмыстарын талдауға арнайы сағаттар бөлінеді. Әр сыныптағы
жазба, жаттығу, үйрету және бақылау жұмыстарының саны төмендегі
мөлшерде белгіленеді:
ІV сынып – сегіз диктант,
төрт мазмұндама,
екі сынып және екі
үй шығармалары.
V сынып – сегіз диктант, төрт мазмұндама, үш сынып және бір үй
шығармалары.
VІ сынып – алты диктант, үш мазмұндама, екі сынып және екі үй
шығармалары.
VІІ сынып – бес диктант, екі мазмұндама, екі сынып және үш үй
шығармалары.
VІІІ сынып – бес диктант, үш сынып және үш үй шығармалары.
ІХ сынып – төрт диктант, төрт сынып және үш үй шығармалары.
Х сынып – үш диктант, төрт сынып және үш үй шығармалары.
ХІ сынып – екі диктант, үш сынып және екі үй шығармалары [7,
111].
Достарыңызбен бөлісу: