Байланысты: Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)
1.19 Диктантты бағалау нормалары Мұғалім ІV-VІ сынып оқушыларының жазба жұмыстарын
бағалағанда, мынадай бағалау өлшемдерін басшылыққа алғаны жөн.
Диктанттағы орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық
қателер жеке есептеледі. Сондықтан баға жалпы қойылады.
«5» деген баға қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл бір қатеге
немесе тыныс белгісінен жеңіл бір қатесі болса қойылады.
«4» деген баға үш тыныс белгіден, үш емледен, немесе екі тыныс
белгіден, екі емледен болса қойылады.
«3» деген баға алты тыныс белгіден, алты емледен, немесе сегіз
тыныс белгіден, үш емледен болса қойылады.
«2» деген баға бес тыныс белгіден, тоғыз емледен, немесе тоғыз
тыныс белгіден, сегіз емледен болса қойылады [6, 98].
Сондай-ақ
диктанттармен
қосымша
өткізілетін бақылау
тапсырмаларына екі баға қойылады, бірі – диктантқа, екіншісі
грамматикалық
тапсырмаларға
қойылады.
Фонетикалық,
грамматикалық, лексикалық, орфографиялық, орфоэпиялық және
пунктуациялық қосымша тапсырмаларды бағалауға мынадай
өлшемдер басшылыққа алынуы қажет:
«5» деген баға толық дұрыс орындалған тапсырмаға қойылады.