Мысалы, тірідей- тірілей, айқай-айғай, азар- әзер, түгендей- түгелдей, т.б. Нұсқалардың тілдің даму тенденциясына лайықты түрін өрістете
жұмасап, артықшылық беріп отыру немесе олардағы нәзік айырма,
реңдерді дер кезінде тап басып тани білу оңай шаруа емес.
Жарыспалы жүйенің мынадай түрлерін газет-журналдардан жиі
кездестіруге болады.
Мысалы, ақшалай-ақшадай, жылылай- жылыдай, бірлі- жарым- бірді-жарым, жаңалай- жаңадай, т.б. Жалпы халықтық тілдегі мұндай жарыспалы қолданыстың
қайсысы әдеби тілдің нормасына лайықты? Осындай сұрауға
келгенде, нормалаушы сөздіктерге, заңдарға қол созамыз. «Қазақ
тілінің орфографиялық сөздігінде»
«д» нұсқасы алынған (кәрден-
кәрлен емес, тірідей- қарадай),
«л» нұсқасы да кездеседі (жылай,
тірілей, шикілей). Оқушылар үшін бұл нұсқалардың бірін ғана көрсету
қажет. Себебі мектеп көлемінде сол бір нұсқа бойынша жұмыс
жүргізілсе, бұл тіл дамыту, жазба жұмыстарын нәтижелі етуге әсерін
18
тигізеді.
Қателерді болғызбас үшін қатемен жұмыс түрлерін үнемі,
мақсатты, жүйелі жүргізіп отыру қажет. Әрбір жазба жұмыстарынан
кейін қатемен жұмысқа мән беріп, оны орындап отыру жөн болады.