15
жоғары көтеріліп,
төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрлі
қозғалыстар жасайды.
Жазуға үйрету методикасы тіл ғылымының ерекше бір саласы
болып табылатын жазу теориясына сүйенеді. Бұл жұмыстардың
мақсаты-
балаларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйретеді. Ол үшін
жазуға мынадай шарттар қойылады:
1.
Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің
бір-бірімен қашықтығы біркелкі болу керек.
2.
Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс жалғастырылуы қажет.
Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат- балаларды шапшаң
жазуға үйрету. Жазуға үйретуден бұрын бірнеше рет дайындық
жаттығулары жүргізіліп, балалардың қолын қимылға, көзін шамалауға
үйрету керек болады.
Мұғалім тіл құбылыстары мен жазу ерекшеліктерін анық
түсіндіріп, оқушыларға сол ережелерді меңгерту тәсілдерін
қарастырғаны жөн. Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары әртүрлі
факторларға негізделеді:
1. Көру, қимыл жасау факторларына негізделетін көшіріп жазу.
2. Есту арқылы қабылдауға сүйенетін мәтінді жазу.
3. Орфографиялық тапсырмалары
бар жаттығулар- қалдырылып
кеткен әріптерді тауып жазу немесе түзетіп жазу.
Жазу жұмыстарының бұл көрсетілген түрлері бір-бірімен тығыз
байланысты, яғни таза біреуінің қолданылуы мүмкін емес. Мысалы,
диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылынсыз іске
аспайды. Сондықтан жоғарыдағы сияқты топтау тек шартты түрде,
жаттығудың қай түрінде мәселенің
қайсысы негізгі екендігіне
мұғалімдер көңілін аудару мақсатында ғана көрсетіліп отыр.
Жазу дағдысын нығайта, жетілдіре түсетін, іс жүзінде сыналған
жаттығулардың негізгі түрлері мынандай:
Достарыңызбен бөлісу: