Жаттыѓу ж¦мысы



бет37/74
Дата25.12.2021
өлшемі0,69 Mb.
#105431
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   74
Байланысты:
b222

1- карточка

Дауысты дыбыстар

Балық суда жүзеді.

Ба-лық


А: ез (езілік), аш (ашық), жу (жуан)

Ы: ез (езулік), қы ( қысаң), жу (жуан)

немесе

ез., аш., жу;



ез., қы., жу;

Кейін мұғалім оқушыларға карточкалы дәптер арқылы талдау болатынын, қандай тақырыптар қамтылатындығын хабарлап, талдауға кірістіреді:



Жұмысшылардың жалақысы артты.

Мұғалім бір оқушыға бұл сөйлемді дауыстап оқытып, сөйлемде неше сөз бар екендігін анықтайды. Бұл сөйлемдегі сөздерді оқушылар ұжымды түрде буынға бөледі. Себебі, оқушыларды белсенді түрде сабаққа ынтасын арттырып, өз бетінше жұмыс істеуге кірістіру. Содан соң, бұл буындардағы дыбыстар ауызша талданады: жұ буынындағы ұ дыбысы еріннің қатысына қарай еріндік, иектің қызметіне қарай қысаң, тілдің қалпына қарай жуан дауысты дыбыс.




2- карточка

Дауысты дыбыстар

Жұмысшылардың жалақысы артты

Жұ-мыс-шы-лар-дың жа-ла-қы-сы арт-ты.

ЖҰ:

ұ: е. қе ер. (еріннің қатысына қарай еріндік)



ұ: и. қ. қы (иектің қызметіне қарай қысаң)

ұ: т. қ. жу (тілдің қатысына қарай жуан)


Бұл берілген талдаулар сөйлем ішінен бір сөзді алып, ол сөздің тек бір буынын сатылай талдап үйретеді. Олар әбден жаттығып, үйренгеннен кейін мұғалім алынған сөйлемдегі сөздердің барлығын буынға бөлдіріп, түгелдей карточкада талдатады:




3-карточка

Дауысты мен дауыссыздар

Дауысты дыбыстар

Оқушылар сыныпты безендірді.

О-қу-шы-лар сы-нып-ты бе-зен- дір-ді.

О-қу-шы-лар

о: ер., аш., жу.

у:ер., қы., жу

ы: ез., қы., жу.

а: ез., аш., жу

ы: ез., қы., жу.

безендірді:

е: ез., аш., жі.

і: ез., қы., жі.


Оқушылар дауысты дыбыстарды карточкалы дәптерде машықтандырғаннан кейін дауыссыздар сатылай талданады да, дауыстылар жинақтауға машықтанады.




4-карточка

Дауысты дыбыстар

Оқушылар сыныпты безендірді.

О-қу-шы-лар сы-нып-ты бе-зен- дір-ді.

О-қу-шы-лар

о: ер., аш., жу.; қ: қд (қатаң дауыссыз)

у:ер., қы., жу.; ш: қд (қатаң дауыссыз)

ы: ез., қы., жу.; л,р: (үнді дауыссыз)

сы-нып-ты:

ы: ез., қы., жу.; л,р: (үнді дауыссыз)

т: қд; ы: ез., қы., жу

безендірді:

б: ұд., е: ез., аш., жі

з: ұд; е: ез., аш., жі.

Т: қд; т: қд

І: ез., қы., жі.


Карточкалы дәптерде қазақ тілі бойынша талдау өткізудің тағы бір тәсілі- сатылы басқыштар бойынша талдау.




5- карточка

1 басқыш


Колхозды ауыл қауымды келеді.

Еңбек екпіні дауылды келеді.

колхозды:

о, о, ы- дауысты дыбыстар.

к, л, з, д- дауыссыз дыбыстар.




6- карточка

2 басқыш


колхозды ауыл:

колхозды бірінші басқыштағыдай талдаймыз.

Ауыл:

А, ы- дауысты дыбыстар.



У, л- дауыссыз дыбыстар.

Бірінші сөзде үш буын бар:

Кол-хоз-ды

Екінші сөз екі буынды:

А-уыл




7- карточка

3 басқыш


Колхозды ауыл қауымды

Қауымды:


А,ы,ы- дауысты дыбыстар.

Қ, у, м, д- дауыссыз дыбыстар.

Бұл сөз үш буынды қа-уым-ды

Екпін- ды септік жалғауына түседі.

Мұнда буын үндестігі мен дыбыс үндестігі кездеседі.

Қауым-ды, қауым-ды.





8- карточка

3 басқыш


кел-ді

Бұл түбір мен қосымша аралығында ілгерінді ықпал заңы бойынша үндеседі. Түбірдің үнді л дыбысы, қосымшаның басқы дыбысын ұяңға айналдырады.





9- карточка

4 басқыш


Колхозды ауыл қауымды келеді.

Еңбек екпіні дауылды келеді.

Колхозды ауыл қауымды...

Келеді:


Е: ез., аш., жі; і: ез., қы., жі.

Қ: қд., л: үд; д: ұд.

Үш буынды ке-ле-ді

Бұлар жинақтала талданады

Кол-хоз-ды:

Қ- қатаң дауыссыз

О: ер., аш., жк.

Л: үнді дауыссыз; х- қатаң дауыссыз.

З- ұяң дауыссыз

Ы: е., қ., ер; и: қ., қы., т. қ. жу

Үш буынды: кол-хоз-ды

Буын үндестігі: колхоз-ды

Дыбыс үндестігі-колхоз-ды

Екпін- ды буынына түседі.



Сөйтіп теориялық білімді практикалық жұмыспен ұштастыру осы карточкалы дәптер негізінде үйретіледі.

Сондай-ақ үндестік заңына байланысты да сатылы басқыштар бойынша түсіндірмелі талдау жүргізіледі.

Мысалы: Тұрманбек Аманқарағайдан келді.




10- карточка

2 басқыш


А-ман-қа-ра-ғай-дан:

Аманқарағайдан- екі сөзден біріккен сөз.

Біріккен сөз аралығында үндеседі:

Аман-қарағай

Түбір мен қосымша аралығында үйлеседі:

Аманқараайдан

Жазылуы: Аманқарағайдан

Жазылуы: Амаңқарағайдан



Сөйтіп қазақ тілі бойынша талдау түрліше тәсілдермен жүргізіледі. Қазақ тіліндегі келесі әдіс- дайын материалды талдау. Ол жаттығулар бойынша өткізіледі. Дауысты дыбыстарды тұтас өтіп болған соң, өтілгенді бекіту мақсатында жүргізуге болады. Орындалу тәсіліне қарай түсіндірмелі талдау 2-ге бөлінеді:

  • Ауызша

  • Жазбаша талдау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет