Жаттыѓу ж¦мысы


Шығарма жазудың талаптары мен тәртібі



бет68/74
Дата25.12.2021
өлшемі0,69 Mb.
#105431
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   74
Байланысты:
b222

Шығарма жазудың талаптары мен тәртібі
1. Шығарма тақырыбы тырнақшаға алынбайды, тақырып дәйексөз ретінде алынған жағдайда ғана тырнақшаға алынады.

2. Эпиграф оң жақта, тырнақшаға алынбай жазылады. Авторы бір жол төменірек жақшаға алынбай жазылады. Егер шығарма жазушы эпиграф алынған туындыны көрсеткісі келсе, автордың аты – жөнінен кейін үтір қойып, шығарманың атын тырнақшаға алып жызады.

3. Жоспар деген сөз эпиграф болса, одан төмен, ал эпиграф болмаса, тақырыптан соң, жол ортасына жазылады. Жоспар сөзінен кейін нүкте қойылады.

4. Жоспар үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлім. (рим сандарымен белгіленеді, олардан кейін нүкте, жақша қойылмайды).

а) Негізгі бөлім тақырыпты ашуға бағытталып, араб санымен белгіленген, кемінде үш пунктен тұруы керек. Араб сандарынан кейін нүкте қойылады. Әр пункт жан-жақты қамтылса, бірнеше бөлшектен тұруы мүмкін, ондай жағдайда әр бөлшек әріппен белгіленіп, жақша арқылы жазылады. (екі бөлшектен кем болмау керек).

5. Шығарма бөлімдерінің аты бір жолға сыймай қалса, келесі жолға жазылады, бірақ жоспардағы рим, араб сандары мен әріптердің асты ашық көрініп тұратындай тәртіппен жазылады.

6. Шығарманың әр бөлімінің атынан кейін нүкте қойылады.

7. Келесі бөлімнің аты бас әріппен жазылады. Әр пунктің бөлшектері болса, қос нүкте қойылып, бөлшек атының соңына нүктелі үтір қойылады. Содан кейінгісі жаңа жолдан басталып жазылады. Ең соңғы бөлшектен кейін нүкте қойылады. Келесі бөлім жаңа жолдан бас әріппен басталады.

8. Шығарманың бөлімдері мен бөлшектерінің аты қысқа, нақты түрде берілуі керек.

9. Жоспардың бөлімдері сұраулы сөйлемдермен берілмейді.

10. Егер шығарма авторы жоспарды дәйексөздермен (цитатамен) берсе, дәйексөз тырнақшаға алынып, соңына оның авторы жақшаға алынып жазылады.

11. Жоспарға сәйкес әр бөлім абзац арқылы жазылуы керек.

12. Шығармада берілетін сандық мәліметтер: ғасырлар – римше, жыл, күн – араб сандарымен, ал басқа сан есімдер сөздермен берілуі керек. Ғасырды араб санымен көрсетуге болмайды, дей тұрғанмен кездессе, баға кемітуге ықпал жасамайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет