Жаттыѓу ж¦мысы


Диктантты жаздыру техникасы былайша құрылады



бет43/74
Дата25.12.2021
өлшемі0,69 Mb.
#105431
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   74
Байланысты:
b222

1. 17 Диктантты жаздыру техникасы былайша құрылады

Бір орында тұрып, диктант мәтіні мәнерлі, ашық дауыспен бір рет оқылады. Оқу кезінде оқушылардың басқа жаққа көңіл аудармай ұқыпты тыңдап отыруы ескертіледі. Сонан соң мәтінде кездескен түсініксіз, аз қолданылатын және таныс емес емлелер тақтаға жазып қойылады, түсіндіріледі. Бұдан кейін әрбір сөйлем жеке-жеке оқылады. Бестен сегіз сөзге дейін құралған сөйлем бір рет, он екіден он төрт сөзге дейінгі сөйлем екі рет, он бестен он сегіз сөзге дейінгі сөйлем үш рет оқылады. Оқушылар сөйлемді ұмытып қалмауы үшін, қайталап айтқызылады. Сөйлем аяқталарда «тыңдаңдар», басталарда «жазыңдар», сөйлем біткеннен кейін «тексеріп шығыңдар» деп ескертіп отырған жөн.

Диктант жазылып болғаннан кейін, оның мәтіні бастан-аяқ бір рет оқылады. Бұл кезде оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне мүмкіншілік туады. Өтілген емлелік тақырыптарды тексере отырып, қалып қойған сөзді, түсіп қалған орфограммаларды орын-орнына қойып шығады. Осыдан кейін диктант жұмысы жинап алынады, одан соң оқушылардың диктантқа байланысты сұрақтарына жауап беріледі.

Диктанттағы қателерді талдау жүйесі былай жүргізіледі: алдымен, дауыссыз әріптер мен әріптер тіркесінің емлесіне байланысты алынған бақылау диктантындағы қателер тақырып бойынша түр-түрге бөлінеді. Диктантты талдағаннан кейін жіберілген қателерге байланысты кішігірім диктант жаздырылады, оның көлемі отыз-қырық шақты сөзден құралады. Сөйтіп, алғашқы жіберілген қателерді болдырмауға шаралар белгіленеді.

Сырттан қарағанда диктант жүргізуден оңай нәрсе жоқ сияқты. Оқисың да жаздырасың, онда тұрған не бар. Диктантқа «өгей бала» тұрғысынан қарау кейбір мектеп тексеруші инспекторлар тарапынан да байқалады. Сабаққа кіргелі отырған тексерушіге мұғалім:

- Менде қазір диктант еді, - десе-ақ, тексеруші:

- Е, онда несіне барамыз, өзіңіз өткізе беріңіз», - дейді өзінің «Диктантты қалай жүргізуге болады» атты мақаласында Қ.Өтебасов осындай мысал келтіреді.

Бұл арада әңгіме бақылау диктанттары туралы емес. Диктант жөнінде теріс пікір қалыптасқан ба, кейбір мұғалімдер де диктантқа «толыққанды» сабақ ретінде қарамайды. Сондықтан болар, оны өткізудің әдістемесін жетілдіру жағына қазіргі қазақ тілінде көңіл бөліп жүргендер сирек кездеседі.

Диктант та сабақ. Өзіндік ерекшелігі бар сабақ. Өзінің өткізілу тәсілі жағынан да, дидактикалық мақсаты жағынан да өзгеше сабақ.

Белгілі әдістемеші ғалымдардың сабақты дидактикалық мақсатына қарай бірнеше түрге бөліп жүргені белгілі. Ал, диктант жазбаша бақылау – тексеру сабағына жатады. Сонымен бірге диктантты өзінің алдына қоятын мақсат, мазмұны жағынан қайталау, жинақтау немесе білім сапасын анықтау сабағы деп те атауға болады.

Диктант сабағына жоғарыда айтқандай, кіруден жұрт неге қашқалақтайды? Ойланатын болсақ, оның себебі: «Диктантқа кіргенде не айтасың?.. Талдайтын не бар онда? Оқыды, жаздырды, сонымен бітті. Дайын мәтінді кім оқып, жаздыра алмайды» деп, үзілді-кесілді тұжырым жасайды. Тіпті де олай емес. Диктант өткізудің де өзіндік ерекшелігі, жолы, тәсілі бар. Оны кейінірек айтамыз. Сөзді ең алдымен диктант мәтініне қойылатын талаптан бастаған жөн ғой деп отырмыз.

Диктант мәтініне ең алдымен танымдылық, тәрбиелік талап қойылатыны белгілі. Мәтіннің тәрбиелік мәні танымдық, білімдік мәнінен бөлек алып қаралмайды, тұтас бірлікте қаралады. Мұның үстіне мәтіннің оқушыларға бұрыннан таныс болуы талап етіледі. Мұнда әңгіме мәтін туралы немесе оның тақырыбы, мазмұны туралы емес, әңгіме мәтіннің құрамына енген жеке сөздердің, берілген орфограммалар мен пунктограммалардың оқушыларға бұрыннан таныстығы туралы.

Ең алдымен, мәтінде берілетін грамматикалық тапсырмалар – оқушылардың бұған дейін өткен және әбден игерген орфограммалары мен пунктограммаларынан алынуға тиіс. Екіншіден, оның көлемі (саны), мазмұны бағдарламалық талап деңгейінде болуы шарт. Тексте, сонымен бірге, жақында ғана өткен грамматикалық категорияларға байланысты тапсырмалар беруге болмайды. Өйткені оны оқушылар әлі толық игеріп, үйреніп болған жоқ. Ал күнделікті жаттығу болса, оның жөні бір басқа… Алда-жалда тапсырма беріле қалса, одан жіберілген қателерді есептеуге болмайды. Міне, диктант мәтініне осындай талаптар қойылады. Бұл талаптардың тұтас бір мәтіннен (бір жерден) табыла қоюы қиын мәселе. Ол үшін мұғалімге біраз ізденіп, қарастыруға тура келеді. Ал, диктанттар жинағындағы мәтіндерден мұның бәрі үнемі табыла бермейді.

Қысқасы, сабаққа кірген кісі осының бәрін ескеруі, білуі керек. Онсыз сабақ туралы мұғаліммен тиімді әңгіме жүргізу, қажет болса, әдістемелік көмек көрсету қиын болады.
1.18 Енді, диктантты жаздыруға қойылатын талаптарға келейік

Мұғалімнің тексті үйде алдын-ала тағы бір қарап шығуы, әсіресе, сабақ жоспарын жасау кезінде аса қажет деп есептеледі. Сабақ жоспары демекші, диктантқа жоспар жасамайтын мұғалімдер де кездеседі. Жасағандары болса, диктанттың атын, өтетін күнін, айын, сыныпты жазумен ғана шектеледі. Ең алдымен, мәтінді оқу кезеңінде көлденең сөз, сұрақ болмауға тиіс. Жазу кезінде бірлі – жарым қалып қойған оқушы болса, ол мұғалімнің ісі. Ал кейде, оқушылар тарапынан бір қажетті сұрақ бола қалса, жаздырып жатқан кезекті сөйлемді оқушылар түгел жазып біткеннен кейін қойылу керек. Диктант мәтінін жаздыру үстінде, диктант мәтінінен сыртқары кездесуі ықтимал көлденең сөздердің көлемі, мазмұны, шамасы оқушыларға алдын ала белгілі болуға тиіс. Мәтінді жаздыру үстінде мұғалім тарапынан оқушыларға айтылатын ескертпе түріндегі сөздерді жиі пайдалануға болмайды. Ерекше бір күрделі, қиын сөйлемдерді жаздыру ретінде ғана емес, бар ынта, зейіні диктант мәтінін жазуда болып отырғанда, қапелімде мәтін арасына көлденең сөздің кіруі оқушыларды аз да болса, алаңдатады, зейінін бөледі. Екіншіден, өзі жазып үлгіре алмай отырған кейбір балалар жаңағыдай сөздерді (көлденең) ажырата алмай, мәтінмен бірге жазып қояды. Мәтінді оқуда басты талап – тілдің орфографиялық заңдылығын сақтау болып табылады.

Мәтін оқылып болғаннан кейін, оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, жазылуы қиын сөздерді, бейтаныс сөздерді анықтау керек. Егер мәтінде ондай сөздер кездессе, тақтаға жазып беруге болады. Әдетте ондай сөздерді көптеген ұстаздар о баста-ақ тақтаға жазып қояды. Егер сөйлем шұбалаңқы болмай, қысқа, тұжырымды, жай сөйлем түрінде болып келсе, оны екі рет оқу жеткілікті. Ал сөйлем күрделі, құрмалас сөйлем түрінде келсе, оны «сөз үзбелеріне» бөліп оқуға тура келеді.

Қайсібір мұғалімдер сөйлемді бір оқиды да, одан кейін оны бір – екі балаға қайталатады. Осыдан кейін барып жазуға рұқсат етеді. Оқушылар үн-түнсіз жаза бастайды, бірақ кімнің қалай жазып жатқанын білу қиын. Есте сақтау қабілеті дамымаған, әсіресе, мінез жағынан ұшқалақ балалардың дұрыс жазып шығуы екіталай.



1.19 Диктантты бағалау нормалары

Мұғалім ІV-VІ сынып оқушыларының жазба жұмыстарын бағалағанда, мынадай бағалау өлшемдерін басшылыққа алғаны жөн. Диктанттағы орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық қателер жеке есептеледі. Сондықтан баға жалпы қойылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет